Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қарттарым жыламасын....... -

Қарттарым жыламасын.......

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1012 | Размер: | Автор: гость
. Қарттарым жыламасын.......

2016 жылғы 5-наурызда Рудный қаласы әкімдігінің «Балдәурен» мектепке дейінгі дамыту және тәрбиелеу орталығы» КМҚК меңгерушісі Мая Асқарқызы Боздақова өзінің ұжымы және тәрбиеленушілерімен, Қостанай облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Рудный №2 интернат-үйі» КММ директоры Тоқтабекова Зарина Мырзағалиқызының қарттарына арналған қайырымдылық концерттік бағдарлама номерлерімен барып қайтты.
Аталмыш үйге кірген кезде қарт кісілердің балаларға деген ерекше сүйіспеншіліктері сезіліп тұрды. Концертке біршама қарт кісілер тез арада жиналып, музыка жетекшісі Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипованың ұйымдастыруымен даярлық «Гүлдер», ересек «Балапан», ересек «Құлпынай» топтарының бүлдіршіндері тәрбиешілерінің қолдауларымен өздерінің үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілдегі жылы лебіздерін, қазақ және орыс тілдегі тамаша әндерін және тәрбиелік маңызы зор, аталмыш мерекеге арналған тамаша билерін тарту етті. Көрермендер қауымы өте риза болып, екі қазақ атамыз бүлдіршіндерге батасын берді, ал ұлты орыс әжелеріміз өздерінің ризашылығын жаудыртты. «Тағы келесіздер ме?!» - деп қайта-қайта сұрап біздің бүлдіршіндерді жібергісі келмеді.
Қайырымдылық концерттік бағдарламаға ат салысқан даярлық «Гүлдер» тобының бүлдіршіндері: Томирис, А.Ислам, Жансара, Азат; ересек «Балапан» тобының бүлдіршіндері: Гүлсезім, Жаналия, Айлана, Алихан, Бекарыс; ересек «Құлпынай» тобының бүлдіршіндері: Дана, Жаскен, Расул, Темірлан, Жаннура, Азамат; Тәрбиешілер Б.С.Хужантаева, Д.Ғ. Сұлтан, Н.А. Рахманова, психолог Г.Ж. Сабыржанова және орталық қызметкері: З.Б. Сыздыковаға деген алғысым шексіз.
Сол күн де, қайырымдылық концерттік бағдарламасы да, қарттарымыз да жылы эмоционалдық көңіл-күйге толы болды. Ал қарттарымыз қуаныштан жылап, көңіл-күйлері көктемдей жадырап қала берді.
...Әр күніміз осындай сәтті, мерекелі, берекелі, мәнді-мағыналы күндерге толы болып, жалпы еліміз бойынша қарттар үйі азайып, балабақшалар көбейсе деп тілеймін.

«Балдәурен» мектепке дейінгі дамыту және тәрбиелеу орталығының музыкалық жетекшісі Гүлайым Абуталипова
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.