Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Арыңды сақта» Мәтжан би -

«Арыңды сақта» Мәтжан би

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3503 | Размер: | Автор: гость
. 6-сынып «Маңғыстау әдебиеті
Тақырыбы: «Арыңды сақта» Мәтжан би
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: қазақ халқының даналығын және шешендік атты асыл қазынасын танып білу. ә) топтық жұмыс арқылы ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін дамыту.
дамытушылық: болашақ би, шешен ізбасарларын қалыптастыру, өз пікірлерін қорғай білуге, талдай білуге және «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» таба білуге үйрету. Шешендік сөздерді оқыту арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
тәрбиелік: оқушыларды сөз мағынасының тереңдігін түсінуге, сөзге тоқтай білуге, шешенділікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, дүниетанымын кеңейтеді, сөздік қорын молайтады және өз пікірін ашық айта білуге, еркін қорғауға бейімделеді. Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,миға шабуыл,ой шақыру,топтық жұмыс , АКТ,деңгейлік тапсырма,кері байланыс
Сабақтың түрі: шығармашылық, ізденіс сабағы
Сабақтың көрнекілігі: билердің портреттері, кітаптар көрмесі, интерактивті тақта, бүктемелер,бағалау парақтары т.б.
Оқыту технологиясы: Блумның мақсат қою технологиясы
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
а/ Топқа бөліну «Атақты адамдар»
ә/Блум таксономиясын интерактивті тақтадан көрсету:
Дәйексөз
“Малым- жанымның садағасы,
Жаным-арымның садағасы”
Халық мақалы

Деңгей Берілген деңгей бойынша
сұрақ-тапсырмалар Оқушы іс-әрекеті
Білім - Ар, Намыс, Ұят ұғымдары туралы не білесіз?
- Өз ісіңе қатты ұялған кезің болды ма?
- “Ар –намыс керек адамға” дегенді қалай түсінесің?
- Қандай жағдайда ішкі дауысыңызды тыңдайсың?
- Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттері көмектеседі?

Мәтінмен жұмыс
Мәтжан би бір тойда әлі арнайы іздеп барып көрісіп үлгермеген нағашысымен кездесіп қалады. Әңгіме-дүкен құра отырып нағашысы: «Мәтжан, шырағым, көпті көрдің, ел араладың, жер таныдың. Осы біздің Отпан таудан да биік жер бар ма екен?» – деп сұрапты.
Сонда Мәтжан би: «Бар ғой, нағашы. Кіргелі тұрған үйіңнің алдында ұятты сезінсең, сол үйдің табалдырығы бәрінен де биік көрінер», – деп жауап қатыпты.
Әуелі Адай бол, сонан соң Мұңал бол, сонан соң Жары бол, сонда Құдайға төрт елі қаласың (Мәтжан би).

Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірімен пікірлеседі.

«Маңғыстау әдебиетінен оқыған би-шешендердің сөздерін еске түсіреді, тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды.

Мәтжан бидің сөздеріне талдау жасайды.Өз ойын жеткізеді.

Түсіну Жаңа ақпарат
Ар- әр адамның өз өмірінде, қоғамда, жеке адамдар алдында іс-әрекеті үшін моральдық жауапкершілігін сезініп, саналы ұғынуын, өз ойы мен ісіне адамгершілік тұрғыдан бағалай білуіне көмектесетін ең жоғарғы адамгершілік қасиеті.
Бұрынғы білімдерін пайдалана отырып, осы қойылған сұрақтар төңірегінде білімдерін кеңейте отырып, жаңа мәліметтер жинау арқылы болжам жасайды, түсіндіреді, жазады, айтады, ой бөліседі.
Қолдану Мақал – мәтелдер. Ар – ұят, әдептілік, адамгершілік туралы
Мақал-мәтелді жалғастыр
Дүниеде туған еліңнен артық ел де, ..........
Отан оттан да .......
Туған елдей ел болмас, .......
Жақсының жақсылығын айт, .......
Ұят – ар сақтайды, .......
Адам боп оңай туғанмен, ........
Адамның ұяты бетінде, ........
Әдепті бала арлы бала, .........
Ақылды болсаң, арыңды сақта, .......
Ар – ұят намыс, ..... Кез келген жағдайда алған ақпаратты пайдалана алатынын біледі, білімін проблеманы шешуге, шешім қабылдауға пайдаланады. Мақал-мәтел туралы ойын ортаға салады. «Маңғыстау – шежірелі өлке » атты ойтолғау жазу.
Талдау «Мәтжан бидің «Арыңды сақта» әңгімесін оқу арқылы талдау жұмыстарын жүргізеді.
1.Мәтжан би- ағайын жігіт диалогы.
2. Мәтжанның тапқырлығы
3. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
4.Мал сақтағанша ,арыңды сақта! Шешендік сөздер бойынша алған білімдерін саралайды, ең негізгі идеяны көрсетеді, ойланады, салыстырады,табады, талқылайды. Жазған шығармасынан немесе ойтолғаудан оқушы өзіне қатты әсер еткен жерлерін табады.
Жинақтау Қандайадам-ұятты?
Инабатты-ұятты
Сыйлайтын-ұятты
Сабырлыойлы-ұятты
Абыройлы-ұятты

Оқушылар өздерінің жаңа алған ақпаратты, шешендік сөздерден алған сезімі, өзінде пайда болған ойын жинақтап, өздері өлең түрінде шешендік ойтолғаулар жазып шығады.
Бағалау Оқушы алған білімінің өзіне қаншалықты керектігін, құндылығын анықтайды, бағалайды, талқылайды, өз пікірін айтады. Бүгінгі ұрпақ осы шешендік өнерді қалай дамытуда? – деген сұрақ бойынша ой бөліседі.
Маңғыстаудың аузы дуалы биі Мәтжан бидің шешендігін оқыту арқылы оқушылардың бойларына шешендік өнерді дамыту негізінде Блум технологиясына сүйене отырып, үш деңгейлік тапсырмалар негізінде жұмыс жасадық. Жоғарыда көрсетілген Блум таксономиясына сүйене отырып төмендегідей деңгейге бөлдік:
ІІІ деңгей – білу, түсіну. Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейде игеру;
ІІ деңгей – қолдану, талдау. Мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай алған білімін қолдана білу, талдау деңгейін игеру;
І деңгей – топтау, бағалау. Күрделірек дәрежедегі шығармашылық саты.
V, VІ деңгейлерді орындайтын оқушылар уақыт өткен сайын дараланып шығып, шығармашылық ізденіс арқылы өз дарындарын дамыта бастайды.
Блум технологиясының талдау, жинақтау, бағалау деңгейлерінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қою арқылы шығармашылыққа баулу қажет.
1. Балалар, Мәтжан айтқан ұтымды ойларын қызыға тыңдау себептерің неде?
2. Мәтжан би бойындағы дарындылық өз бойларында болуды армандайсыңдар ма?
3. Осы билеріміздің заманы қандай болды?
4. Өздерің сияқты мектеп партасында отырды ма? Мұғалімдері болды ма?
5. Бұл ұлы тұлғаларды би еткен, ақын еткен қандай жағдай, қандай орта?
Осындай проблемалық сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беремін. Осы сұрақтардан кейін оқушылар «Менің оқушылық міндетім» атты шығармашылық жұмыстарын оқиды.Кері байланыс парақтарын толтырады.

Мәтжан мен нағашысы
Мәтжан би бір тойда әлі арнайы іздеп барып көрісіп үлгермеген нағашысымен кездесіп қалады. Әңгіме-дүкен құра отырып нағашысы: «Мәтжан, шырағым, көпті көрдің, ел араладың, жер таныдың. Осы біздің Отпан таудан да биік жер бармаекен?-сұрапты.
Сонда Мәтжан би: «Бар ғой, нағашы. Кіргелі тұрған үйіңнің алдында ұятты сезінсең, сол үйдің табалдырығы бәрінен де биік көрінер», – деп жауап қатыпты.

Мәтжан мен нағашысы
Мәтжан би бір тойда әлі арнайы іздеп барып көрісіп үлгермеген нағашысымен кездесіп қалады. Әңгіме-дүкен құра отырып нағашысы: «Мәтжан, шырағым, көпті көрдің, ел араладың, жер таныдың. Осы біздің Отпан таудан да биік жер бармаекен?-сұрапты.
Сонда Мәтжан би: «Бар ғой, нағашы. Кіргелі тұрған үйіңнің алдында ұятты сезінсең, сол үйдің табалдырығы бәрінен де биік көрінер», – деп жауап қатыпты.

Мәтжан мен нағашысы
Мәтжан би бір тойда әлі арнайы іздеп барып көрісіп үлгермеген нағашысымен кездесіп қалады. Әңгіме-дүкен құра отырып нағашысы: «Мәтжан, шырағым, көпті көрдің, ел араладың, жер таныдың. Осы біздің Отпан таудан да биік жер бармаекен?-сұрапты.
Сонда Мәтжан би: «Бар ғой, нағашы. Кіргелі тұрған үйіңнің алдында ұятты сезінсең, сол үйдің табалдырығы бәрінен де биік көрінер», – деп жауап қатыпты.

Мәтжан мен нағашысы
Мәтжан би бір тойда әлі арнайы іздеп барып көрісіп үлгермеген нағашысымен кездесіп қалады. Әңгіме-дүкен құра отырып нағашысы: «Мәтжан, шырағым, көпті көрдің, ел араладың, жер таныдың. Осы біздің Отпан таудан да биік жер бармаекен?-сұрапты.
Сонда Мәтжан би: «Бар ғой, нағашы. Кіргелі тұрған үйіңнің алдында ұятты сезінсең, сол үйдің табалдырығы бәрінен де биік көрінер», – деп жауап қатыпты.

Мәтжан би
«Арыңды сақта»
6-сынып

Төлеуова Анар Қаражігітқызы
Қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты І деңгейлі мұғалімі
Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Түпқараған ауданы
Маңғыстау облысы

2015-2016 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.