Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ас атасы –нан. -

Ас атасы –нан.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2688 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Индер ауданы
Б. Нысанбаев атындағы орта
мектебінің «Шағын орталық»
тәрбиешісі Камбалова Альбина

Оқу іс-әректінің тақырыбы: Ас атасы –нан.
Оқу іс-әректінің мақсаты: Нанның адам үшін маңыздылығын
түсіндіру.
Білімділік мақсаты: Нанның бидайдан жасалатыны туралы
түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Нан түрлерін таныта отырып, көздерімен
көріп, қолдарымен ұстап, олардың түр-
түсі, пішіндері туралы түсініктерін
қалыптастыру. Нан туралы ертегі,
әңгімелер және өлеңдерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ас атасы- нанның дастарханға зор
еңбекмен келетіндігін түсіндіре отырып,
нанды қадірлеуге тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Сұрақ жауап, рөлге бөліп ойнату.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: Түрлі түсті суреттер, нан суреттерінің
түрлері, шар, жалаушалар, комбайн
макеті, атрибуттар.
Оқу іс-әрекетің жүру барысы:
Жылулық шеңбері
Балалар біздер бәріміз қол ұстаса дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрайық. Енді бір-бірімізге алақан арқылы жылулық танытып, жақсы тілек білдірейік.
Аспанымыз ашық болсын !
Деніміз сау болсын!
Ата-анамыз аман болсын!
Рахмет балалар, енді бәріміз орнымызға отырайық.
-Балалар неше жыл мезгілі бар?
-Қазір қай мезгіл?
-Көктем мезгілінде қандай гүл шығады?
-Қандай құстар келеді?
-Көктемде не егеміз?
-Адамдар жерді жыртып тұқым егеді, оны суарып баптайды, күзде жинап аламыз.
Жұмбақ шешу.
Ұзын мұртты сарылар, Қойынында наны бар. (Бидай)
Асты тас, үсті тас, Ортасында піскен ас. (Нан)

-Олай болса бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы « Ас атасы-нан» болмақ.
-Балалар барлығымызда түскі асымызды ішіп келдік пе?
-Түскі ас әзірлегенде дастарханға қандай асты бірінші қоясыңдар?
-Тамақ жегенде ең бірінші неден ауыз тиесіңдер?
-Жұма күні үйде мамаларымыз не пісіреді?
Балалар біздің нансыз күніміз жоқ. Нан өте қасиетті де, қастерлі. Нан өте тәтті болады. Үйге кісі келгенде ең бірінші наннан ауыз тигіземіз. Өйткені ол киелі. Нанды исарап етуге болмайды. Нан бізге үлкен еңбек ету арқылы келеді екен. Оны әрі қарай қазіргі сабағымызда көреміз.
-Ал балалар бәріміз тақтаға қарайық .Назар аударайық.
-Мына суреттегі не?
-Комбайн.
-Дұрыс айтасыңдар балалар.
-Мына өсіп тұрған өсімдіктің не екенін білесіңдер ме?
-Бидай.
-Оның түсі қандай?
-Сары.
-Мынау балалар егіс даласы, онда комбайн не істеп жатыр?
-Комбайн егін орып жатыр.
-Оралған бидай машинаға тиеліп, астық сақтайтын орын элеваторға әкелінеді, элеватордан диірменшіге одан наубайханаға апарылады. Наубайханадан нан пісіріліп, дүкендерге әкелінеді.
«Нан қайдан шығады?» ертегісін түсіндіру. Рөлге бөліп ойнату.
Ойын: Мен қандай нанды ұнатамын?
-Балалар сендер дүкенге барғанда қай нанды ұнатып, алар едің?
-Өзің ең жақсы көретін наныңды таңдап алу.
-Мен қалаш нанды жақсы көремін.
-Мен тортты жақсы көремін.
Нан туралы тақпақ айту.
Жарып шыққан қауызын,
Дән- өмірлік азығың.
Жегеніңде ақ нанды,
Нәрге толы ауызың.
Арпа бидай ас екен,
Алтын күміс тас екен.
Бидай тоңға тимей,
Аузың нанға тимейді.
Нан ардақты асыл-ас.
Аттамас оны кәрі жас.
Ақ дастархан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас.
Балалар жаттауды жақсы айттыңдар рахмет сендерге.
Сергіту сәті:
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Қимылмен көрсету.
«Нанның» суретін жапсыру.
Нанның суретін тәрбиленушілерге желім арқылы ақ қағаз бетіне жапсырту.
Қорытындылау
«Біз не білдік?»
Комбайн көлігінің қандай қызмет атқаратынын білдік.
Нанның түрлерін.
Жұма күні шелпек, бауырсақ пісіретінін білдік.
-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде нанның үлкен еңбекпен келетіндігін, еңбекті қадірлей білуді үйрендік.
«Қуанышты хабарлама»
Балалар бізге « хабарлама жіберіпті». Соны ашып оқиық. Бұл хабарламада сендерге бейбітшілік пен тоқшылықты тілепті. Дастарханнан нан кетпесін!
-Әлемде бейбітшілік болсын! –деп тілепті.
«Қуанышты хабарлама» таратылады.
Мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.