Меню
Назад » » »
«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі

Мақсаты: Оқу іс әрекетінде «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің үзіндісіне
тоқтала отырып бүлдіршіндердің қызығушылығын ояту. Сөздік
қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын
кеңейту.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, сергіту, мадақтау
қортындылау.

Көрнекіліктері:Картиналар, суреттер, панарама көрнекілік, ойыншық жеті
лақ, ешкі, қасқыр.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері

Амандасу: Амансызба алтын күн
Амансызба достарым
Амансызба, қонақтар
Біз сендерді сағындық.
-Балалар жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі
-Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
Енді балалар бүгінгі жаңа сабағымыз «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі.
-Балалар қасқыр туралы не білесіңдер?
-Қандай жануар?
-Жабайы жануар, қауіпті аңдар қатарына жатады.
-Қасқыр туралы мына өлеңді еске түсірейік.
Мен көкжал қасқырмын
Малшыны састырдым
Аш болсам улырмын
Ауылды торимын.
-Ешкі, лақ қандай жануар?
-Үй жануарына жатады.
-Етімен, сүтімен бізге пайдалы.
-Лақ туралы қандай өлеңдер, тақпақтар білесіңдер?

Балалар: -Лағым-ау лағым
Ерке тотай шұнағым
Ағаштарды кемірсең
Құлағыңды жұламын.

Автор: Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара қалғандары ақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:

Ешкі:-Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде «Шырақтарым-лақтарым, аналарың келді сүт әкелді,»-деп әндетемін.

Автор:Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады.

Қасқыр: Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде «Шырақтарым-лақтарым, аналарың келді сүт әкелді,»-деп әндетеді.

Автор:Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр саудагерге барып бор сатып алады. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкереді. Осы дауыспен ән айтады.

Қасқыр: Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде «Шырақтарым-лақтарым, аналарың келді сүт әкелді,»-деп әндетеді.

Автор: Лақтар тағы да алданбады. Қасқыр ұстаға барып өзіне тамақ жасатып алады. Дауысы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады. Лақтар аяғын көріп қойды. Қасқыр жылдам дәріханаға барып, аяғына жапсыратын ақ мақта алады. Қасқыр есік алдына қайтып келеді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып әнге басты.

Қасқыр: Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде «Шырақтарым-лақтарым, аналарың келді сүт әкелді. Қорықпаңдар, есік ашыңдар!

Автор:Лақтар сеніп есікті ашты! Қасқыр үйге кіріп келеді. Лақтар жан-жақа қашып, тығылып қалады. Қасқыр олардың бәрін де тауып, ұрлап кетеді. Тек біреуін ғана байқамай қалды. Ол сағаттың артына тығылған еді. Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп лақтарын шақырды. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді.

Лақ:-Анашым бауырларымды қасқыр ұрлап кетті.(жылайды)

Автор:Ешкі мен лақ үйдің артына шығып қараса, қасқыр лақтарды байлап жатыр екен. Ешкі лақтарын құтқарады.

Қасқыр: Ешкіжан мені кешірші, өтінемін мені кешірші деп (жылайды)
Енді лақтарыңа тиіспеймін, сөз беремін дейді.

Ешкі:-Жарайды, бәріміз дос болайық.

Автор:Бәріде аман-есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады. Бәрі бірге дос болып ән салады. Ешкі лақтарымен табысып тату-тәтті өмір сүреді.

Қорытынды:-Балалар барлығымызға ертегі ұнады ма? Қызықты болды ма?
-Енді сергіту жасап жіберейік.

Көлбең, көлбең көлеңке
Көлбеңдеген көлеңкем
Қасқыр қалай жүреді?
Қасқыр былай жүреді.
Лақтар қалай ән салады?
Мә-мә-мә-мә-деп ән салады?

Тәрбиеші: Ал енді балалар, бәріміз қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 511 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar