Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Астана – бас қала (Кіріктірілген сабақ – әдебиеттік оқу, дүниетану) -

Астана – бас қала (Кіріктірілген сабақ – әдебиеттік оқу, дүниетану)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1984 | Размер: | Автор: Публикатор
. Астана – бас қала
(Кіріктірілген сабақ – әдебиеттік оқу, дүниетану)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Астана қаласы туралы терең мағұлмат беру, еліміздің байлығы, атақты адамдары жайлы түсінік бере отырып, олардың дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық қабілетін,сөздік қорын ,сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.
Жаңа тақырып арқылы елін,жерін сүюуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: дамытушылык, тренинг.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,сұрақ-жауап, картамен жұмыс,тақтамен жұмыс.
Көрнекілік: тірек-сызба, сөзжұмбақ, слайд,қанатты сөздер.
Күтілетін нәтйже. Оқушылар Астана туралы біледі. Еліміздің байлығы,атақты адамдары жайлы мағұлматтарды сараптайды.Өздіктерімен жұмыс істеп,өз ойын еркін саралайды.
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту
1.Психологиялық дайындық.
Орнымыздан тұрайық,
Шеңбер жасап құрайық.
Ақпыз, қарамыз, сарымыз,
Бәріміз біз туыспыз.
(Бірлік болмай-,тірлік болмас,оқушылар қимыл жасайды)
2.Үй тапсырмасын тексеру ( «Менің туым»)
Сұхбат:1. Қазақ халқы қай жылы тәуелсіздікке қол жеткізді?
(1991жылы 16 желтоқсан)
2.Мемлекеттік ту қай жылы бекітілді?
(1992жылы 4 маусым)
3.Еліміздің Туы қандай түс?
(көк)
3.Сөзжұмбақ шешу
Қ А З А Қ С Т А Н
С Е М Е Й
Б Ә Й Т Е Р Е К
А Л М А Т Ы
Н Ұ Р С Ұ Л Т А Н
Қ Ы Т А Й
1.Біздің Отанымыз.
2.Қазақстан қаласы.
3.Өзі биік , жоғарғы жағында алтын түстес шар тұрған құрылыс.
4.Бұрынғы Астанамыз.
5.Елбасымыздың аты.
6. Шекаралас жатқан мемлекет.
І І.Мағына ашу
І.Кіріспе.
Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді.Тренинг сабақтың мақсаты – сендерді ұйымшылдыққа, бірігіп жұмыс істеуге баулып, ойларын бөлісіп,ашық айтуға дағдыландыру.Бүгінгі сабағымыз «Қарлы кесек» ойыны арқылы өтеді.
Сабақтың ережесімен таныстыру (ереже тақтаға ілінеді)
1.Тыныштық сақтау.
2.Бірін-бірі тыңдау.
3.Ойын ашық айту
Сабағымызды Астана қаласына арнаймыз.(әңгімелеп,түсіндіріп өту)
Енді тапсырма және бағыт көрсетіп тұратын парақ бет таратамын,берілген тапсырмаларды оқып аласыңдар.Бағыт бойынша қозғалып, басқа «Шырша топ», «Аққала топ» «Ақшақар топ» оқушысына өз тапсырмаларыңды түсіндіресіңдер.
Соңында бастапқы орнына келіп, оқып білгендеріңді ортаға саласыңдар.
1-топ Қазақстан жеріндегі мәдени ғимараттар.
2-топ Қазақ жерінің кен байлықтары.
3-топ Қазақ жерінің атақты адамдары.
«Астана-ару қала».Шығармашылық тапсырма(эссе жазу)
Ал, қазір,ғасыр қаласы-Астанаға саяхатқа аттанамыз(компьютер арқылы слайд көрсетіледі. Оқушылар Астанаға арнап өлең жазады)
Картамен жұмыс1. Астана республикамыздың қай бөлігінде орналасқан?
2.Біздің мемлекет қай құрлықта орналасқан?
3.Еліміздің қандай байлықтары бар екен?
4.Қазақстан тағы қандай шаруашылықпен айналысады?
5.Сергіту сәті: Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бір қарап,
Егеменді ел көрдік.
6.Тірек сызбаны толтыр:
1.Қай құрлықта орналасқан?
2.Қай өзеннің жағалауында орналасқан? (Есіл)
3.Қай жылы Ақмола Астана қаласы болды? (1997ж. 10 желтоқсан)
4.Астананың бұрынғы атауы?
Астана қандай қала?
Астана сөзінің әр әріпіне жақсы сөз айтайық.
Астана
Есіл өзені
Целиноград
Еуразия
1997ж 10 желтоқсан
А- ару қала
С-сәулетті қала
Т-тамаша қала
А-ажарлы қала
Н-нұрлы қала
А-арман қала қала
Мұғалім.
Астана кеше ғана басқа қала,
Айналды Бәйтеректі Астанаға.
Қорытындылау: үйге тапсырма,білімдерін бағалау.
Алматы обылысы
Сарқан ауданы
Тасқұдық бастауыш
мектебі.
Ахпанбаева Ж.У.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.