Меню
Назад » » »
Ғасыр індетінен сақтанайық
загрузка...

загрузка...
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі
Биология-экология пәні мұғалімі
Ильясова Анар
Тақырыбы: Ғасыр індетінен сақтанайық
Мақсаты:Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, тәрбиелі де саналы, білімді, дені сау, қайратты, елін, жерін қорғайтын, ата-ананы, үлкенді-кішіні сыйлай білетін нағыз ұлтжанды азамат және азаматша болуға тәрбиелеу
Білімділік - дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын түсіндіру;
Тәрбиелік - адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу;
Дамытушылық – оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, оқушының санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: Елбасы өзінің халыққа жолдауы «Қазақсатан - 2050» бағдарламасында «Салауатты өмір салты» туралы нақты айқындап көрсетіп берді. Болашақ Қақақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі, шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза, көкжелекті дамыған елде тұруы керек»- деп айтып өткен. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 –бағытта жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:
1 – бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»
2 – бағыт. «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»
3 – бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
Слайд (Елбасының суреті, есірткі түрлері, есірткі бизнесі, есірткінің қолданылуы және есірткі құралдары)
1. Есірткі дегеніміз не?
2. Есірткінің қандай түрлері бар.
3. Есірткінің адам организіміне әсері қандай?
4. Есірткі қолданудың қандай жолдары бар?
5. Нашақорлар қандай жолмен есірткіге ақша табады?
6. Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
Осы профилактикалық сұрақтар бойынша оқушылар өз ойларын ортаға сала отырып пікір алмасты.
1. Есірткі дегеніміз не?
Есірткі - (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату, ұйқы мен ұмыттыру мен, жансыздадыруды білдіреді.
Есірткі – бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез –құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті, айығу үмітсіз. Әлеуметтік дертті адамның сезімін толықтай жансыздандырады деугеболады.
2. Есірткінің қандай түрлері бар?
1. Медицинада ауруды басу үшін қолданылатын (апиын, опиум, опий) өнімдеріне морфин, кофеин, омнопин, промедол, метадон, көкнәр, жәнет. б., заттар жатады.
- Сора өнімдері (коннабиноидтар) гашиш, анаша, марихуана жәнет. б.
- Психикаға белсенді әсерететін заттар – анфетамин (финамин) сиднокарт;
- Қолдан жасалған эфедрин немесе эфедриннен алынған эфедрон, первитін, экстрази, фентозидәрі – дәрмектері және т. б.
Ұйықтататың және седатифтік заттар – барбитураттар, бензодиазипиндер, натрий оксибутироты және т.б.
- Галлюценогиндер (фенциклидин, кетами, ЛСД, псилоцибин, және т. б.)
- Холинолиттік әсері бар кейбір дәрі - дәрмектер (паркинсонға, аллергияға Қарсы қолданылатын циклодол, демидрол, пипольфен және т. б.) - Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар құрамындағы органикалық ұшпа заттар ( бензин, бензол, толуол жәнет. Бұларды көбінесе иіскейді). Адам организімі мен психикасына күшті әсер ететін ең қауіпті әрі көп қолданылатын есірткінің түрі – анаша.
Анаша – сұр түсті химиялық зат, облыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынад
3. Есірткі қолданудың қандай жолдары бар?
Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі – егу арқылы қабылдау, өйткені қалай болсын бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы тез миға жеткізеді.
Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу, шайнау.)
Ең көп тарағаны шаншу немесе егуарқылы қабылдау. Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті. Нәтижесінде қанайналымы нашарлайды. Сол себепті нашақорлар денелеріне ине салуға болатын жерлер іздей бастайды. Инені қолтамырларынан басқа да тамырларға салуға болады. Көбінесе ата – аналар балалардың қолының тамырын қадағалап, аман екендеп алаңсыз жүре береді. Ал, олар аяқ, жауырын тамырларына салдыруы мүмкін.
4. Есірткінің адам организіміне әсері қандай?
Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қанарқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді, қызметін бұзады, уландырады. Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады.
Есірткі анда – санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ – қолдарының сіңірі оқтын – оқтын құрысады. Тері, жұқпалы ауруларымен жиі ауырады. Тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабынуына шалдығады. Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын болады.
Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді, тиісінше мидағы эндорофин заттары оған үйренеді де жүйкежасушаларын өлтіре береді. Адамның миы ештеңеге зейін қомайтын, әлсіз болып қалады.
5. Нашақорлар қандай жолмен ақша табады?
Жиі есірткі қабылдайтын адамға есірткі алу үшін көп ақша керек. Мысалы, орташа есеппен 0, 1 г есірткінің құны 500теңге. Күнде нашақор осы мөлшерді қабылдауы керек. Жұмыс істемейтін адамға 500 теңге үлкен ақша. Нашақорлардың көбінің күнделікті басқа да шығындары болады. Сол себепті әр нашақордың алдында ақшаны қайдан табамын деген мәселе тұрады. Олар:
1. Қайтарымсыз ақша алу.
2. Ең оңай жолы – алдау, олар алдымен достарынан, туған - туыстарынан, әке – шешесінен қарыз алады.
3. Үйінен ұрлау, көбінесе нашақордың қылмыстық жолы үйінен басталады. Қымбат заттарды, зергерлік, техникалық заттарды сатады.
4. Ұрлық – үйдегі ұрлайтын зат біткенде көршілердің, туыстарының заттары және дүкендерге ұрлыққа түседі, қалта ақтаратын болады.
5. Есірткіні дайындау және сату. Нашақорлар арасында мұндай еңбек «адал еңбек» деп аталады. Бұл ең көп ақша табу үшін қолданылатын жұмыс түрі.
6. Алдау. Бұлжағы да нашақорлар арасында көп кездеседі (қолдарындағы есірткіні өткізу немесе алу үшін түрлі қулыққа барады.)
6. Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
Нашақорлық пен ауыратын адамдарды медициналық – әлеуметтік оңалту туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынандай құқықтар көзделінген.
- білікті медициналық – санитарлық көмекалуға;
- наркологиялық мекемелер мен ұйымдарды таңдауға;
- өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, сондай – ақ емдеу және оңалту әдістері туралы ақпарат алуға;
- медициналық – әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері немесе қажет болған жағдайда, жүрген жері бойынша өткізуге;
Слайд, суреттер(ауру түрлері,көрніс, бейнеролик)
1. С. А. Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар?(Ұстаздан ұлағат)
2. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай?(Отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы)
3. Құрамында этил спирті бар. Ол не?(Ішімдік)
4. Темекі құрамындағы улы зат?(Никотин)
5. Туберкулезге қарсы күрес күні?(24 - наурыз)
6. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы? (Парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)
7. СПИД нашақорларға қалай жұғады?(ортақ пайдаланған ине арқылы)
8.«Пассивті темекі шегу» деген термин нені білдіреді?
(Темекі шегетін адамның айналасындағы темекі шекпейтін адамның темекінің түтінін жұтуы. Темекі шегетін адамның кесірінен басқа адам жапа шегеді)
9. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні? (1 - желтоқсан)
10. Есірткінің ең көп тараған түрі?(анаша, кокаин, апиын)
1 - оқушы:
Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін, Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
2 - оқушы:
Ей, болашақ! Саулығың өз қолыңда,
3 - оқушы:
Нашақорлық - жайылған індет, білем, Жоймай оны жақсылық күн жоқ, білем.
Бәрі:
Ұланымыз туған еліміздің, Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім.
Салауатты өмірдің әнін тыңдап, Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.
Қортынды: Ойымды қорытындылай келе, оқушыларыма зиянды әдеттерден аулақ болып, азамат боламын десең, ісіңді түзе. Ата-анаңыз сіздерге өте үлкен үміт артып отыр, өйткені сіздер әлі жассыздар, сіздердің қолымыздан келетіні, сабақ оқып, үлкенді тыңдап, кішіні сыйлап, елімізге еңбек ететіндей білімді азамат болып өсу. Қазір небір зиянды әдеттерге бой алдырып алсаңдар, оның арты өкінішке әкеліп соқтыратыны анық. Одан да, бос уақытыңызды мәнді, мағыналы өткізуге тырысыңыздар. Салауатты өмір салтын ұстанғанымыз абзал Сіздер-Елбасы сенген еліміздің болашағысыздар. Ата-анаңыздың өмірінің жалғасысыздар дегім келеді Өміріңді мәнді өткіз бос қылма, Арақ пенен темекіні дос қылма. Нашақордың үлгі етсең істерін, Адам емес, болғаның ол бос тұлға. Денсаулық зор байлық Денсаулық ол-күлуің Көңіл күйің жадырай Денсаулық ол-жүруің Ешбір жерің ауырмай Ұрпақ керек ертеңге Болашағын болжайтын Дені таза, тәні таза Елін, жерін қорғайтын Салауатты өмір салтын жандарыңа жансерік етіңдер! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ғасыр індетінен сақтанайық можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 313 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar