Меню
Назад » » »
Ата-ана қарым-қатынасының бала тәрбиесіне әсері
загрузка...

загрузка...
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы, Тасқала ауылы
МКҚК «Тасқала колледжі»
психология пәнінің
ІІ санатты оқытушысы
Закишева Айнаш Куанышевна

Баяндама. «Ата-ана қарым-қатынасының
бала тәрбиесіне әсері »

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, ертеде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.«Бала бақшадағы гүлің-оны тәрбиелей білу –үлкен ғылым.»,«Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,адам баласы үшін азапқа түседі»Шындап келгенде,отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында!І
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да колледж өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында осындай ата-аналар жиналыстарының маңызы орасан зор.
• 1. Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың
• моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.
• 2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында
• толық келісім болуға тиіс.
• 3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық
• атаулының бәрін, оның үлгілі болуға
• тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
• 4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін
• оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.
• 5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.
• 6. Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.
• 7. Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы.

Ата-аналарға кеңес:
• Егер үнемі баланы сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды;
• Балаға үнемі күлсе, ол бұйығы болып өседі;
• Баланы үнемі мақтап отырса, ол өз қадірі үшін оқиды;
• Баланы қолдап отырса, ол өз бағасы үшін оқиды;
• Бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді;
• Бала адалдықта өссе, ол адал адам болып жетіледі;
• Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды;
• Бала кекшілдікте өссе, ол қатігез болып өседі;
• Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
АТА-АНА КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРДА ӨЗІН ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК?
• Баланы түсінуге тырысу;
• Сеніміне қолдау жасау;
• Бәрінің өткінші екендігін түсіндіру және тыныштандыру;
• Жиі мақтап жаман ойлардан арылту;
• Кейімеу,жазаламау;
• Өмірін жақсартып,оны жақсы көру;
• Қарым-қатынасты қалыпқа келтіру:
• Қорқынышты фильмдерге уақытша шектеу жасау.

Жанұяның негізгі міндеттері:
• Баланың үздіксіз дамуын қадағалап отыру;
• Баланың денсаулығына қамқорлық жасау;
• Баланың оқуына көмек беріп отыру;
• Еңбек тәрбиесі және мамандық алып шығуына көмектесу;
• Баланың жан-жақты дамуына көмектесу;
• Баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыту;
• Баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға дайындау;
• Балаға жақсы тәрбие беру, болашақ өмірге дайындау

Жанұя мынадай 5 түрге бөлінеді:
• Жанұядағы адамгершілік құндылығы жоғары деңгейде қалыптасқан, бақытты, дені сау жанұя. Балаларға бар мүмкіндік жасалған. Кей уақытта жекелеме кеңестер қажет бола тұра, ұстаздардың араласуы аса керек емес.
• Жанұядағы ата-аналардың қарым-қатынасы жақсы бола тұра, бала тәрбиесінде бағыт жоқ. Бала тек ата-ананың “ерекше” қамқорлығын сезінеді, “өзімшіл” болып өсіп келеді. Сондықтан ұстаздың көңіл аударуы сөзсіз талап етіледі.
• Ынтымақсыз жанұя. Мұндай жағдайда ата-аналар өзара қарым-қатынас дауынан аса алмайды. Бала тәрбиесі мүлде ескерусіз қалған. Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсері болмас үшін, жанұядағы көңіл-күйді өзгертуге белсенді педагогикалық ықпал қажет.
• Сырттай қарағанда қолайлы жанұя қатарында болғанымен, рухсыздық, нақты адамгершілік құндылықтар, ұрпақтар ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз қасиеттер басым. Мұндай жанұямен тәрбие жұмысын жүргізу ерекше қиындық тудырады.
• Қолайсыз жанұя, мұнда дөрекілік, ұрыс-керіс, жағымсыз тәртіп сияқты сипаттар көп. Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай жанұяларға тұрақты педагогикалық бақылау, қоғамдық орындардың араласуы үнемі қажет және талап етіледі.

Абай атамыз айтқандай, балаға мінез үш алуан адамнан жұғады екен.

• Біріншісі – ата-анадан.
• Екіншісі – ұстазынан.
• Үшіншісі – құрбысынан.
• Солардың ішінде қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады.
Құрметті ата-аналар!

– Үлкендердің ұрыс-керісі, отбасындағы барлық жағымсыз жағдай баланың денсаулығына, оқу үлгеріміне, психикасына кері әсер ететінін;
– Ата-ана баланы дүниеге әкелгесін, ең бірінші оның дамуына жағдай жасау керектігін;
– Ата-анаға баласын жансыз қуыршақ деп қарамай, тұлға ретінде қарау керек;
• Құрметті ата-аналар! Отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір айдынында жүзіп келе жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен ана дер едік. Сондықтан ата-ананың үлкен мақсаты - өз баласын үлкен әріппен жазылатын АЗАМАТ етіп тәрбиелеу. Қазақ халқы:
• Бір тал ағаш өсірсең,
• Еңбегіңнің жанғаны,
• Абзал адам өсірсең,
• Басыңа бақ қонғаны- деп бағалаған. Олай болса, күнделікті ішіп-жеуге мәз болмай, өнегелі ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосайық қадірлі ата-аналар! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ата-ана қарым-қатынасының бала тәрбиесіне әсері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 316 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar