Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ата-ана сөзі-тәрбие көзі -

Ата-ана сөзі-тәрбие көзі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3242 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. ОҚО, Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы
А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Лесбаева Роза Жумабековна
Сыныбы: 8
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ата-ана сөзі-тәрбие көзі

Мақсаты:
а) Ата-ана, баба өсиеттерін білу, олардың мағынасын түсініп керекті жерде қолдану.
б) Ұлттық сана сезімін ояту, тіл байлығын, ой ұшқырлығын, таным белсенділігін имандылығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
в) Жылдамдыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, бауырмалшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, ізденіс әдісі.
Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, лампылы қондырғы, түрлі-түсті жапқыштар, шарфтар, интерактивті тақта.

Сабақ барысы.
Кіріспе:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) қауіпсіздік техникасы
в) таныстыру, қазылар алқасын сайлау
1-ші бөлім: «Жорға»
2-ші бөлім: «Ол не дегені»
3-ші бөлім: «Ата-баба өсиеттері»
4-ші бөлім: «Мақал-мәтелдің жалғасын тап»
5-ші бөлім: «Ой толғау»
6-шы бөлім: «Қорытынды»

1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, шәкірттер.
Бүгін біз керемет «Ата-ана сөзі- тәрбие көзі» атты сайысымыздың куәгері боламыз.
2-жүргізуші.«Бала әдеті жасынан тамызықтап жиналады.»
«Бала тәрбиесі жанұядан басталмақ.»
«Сутпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді.
1-жүргізуші. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек.
Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Ата- ананың әрбі сөзі балаға тамшылап тамады. Сөздің ролі өте зор.
2-жүргізуші.«Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Ата- ана баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды.
1-жүргізуші.Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Ал тәрбиенің негізгі көзі ата- бабаларымыз қалдырған ақылды, даналық сөздерінде. Міне осы сөздермен біз тереңірек танысамыз.
2-жүргізуші. Бүгінгі біздің сайысымызға ата- ана- бала болып 5 жұп қатысады. Осы жұптармен танысайық.
1.жасыл жұп
2.сары жұп
3.қызыл жұп
4.көк жұп
5.күлгін жұп.
Ал,әділқазы алқасымен таныстырайық

2- жүргізуші:
Сайысымызды бастамас бұрын электр желілерімен жұмыс істейтіндіктен қауіпсіздік техникасымен таныстырамыз.
1. Ток көзінен алыс жүр
2. Ток желілеріне аттап, абайлап өт.
3. Ток тетікшесін сулы қолмен ұстама.
4. Ток тетікшесін бір қолымен, жылу батареясын, темір заттарды екінші қолмен ұстама.
5. Ұқыпты және абай бол!

1-ші бөлім. Бірінші сайысымыз «Жорға»
Тиым сөздер- қазақ халқының тәрбие құралының бірі. Бұл сөздер есі кірген балаларды, жаман әдет жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.
Әр топқа 10 тиым сөзден бөлінген.
Тиым сөздің жартысын жүргізуші оқиды, ал соңын оқушы толықтырады.
Әр сұрақ бір ұпайға саналады.

1. Дастарханды, тамақты баспа.
2. Малды, ыдысты, тамақты теппе.
3. Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
4. Үй айнала жүгірме.
5. Босағаны керме, құшақтама.
6. Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.
7. Түнде үй сыпырма, түнда тырнағыңды алма.
8. Тізеңді құшақтама.
9. Жұлдызды, адамды санама.
10. Адамға пышақ, мылтық кезенбе.

11. Бос бесікті тербетпе.
12. Құранды, тамақты баспа.
13. Жақын адамға пышақ сыйлама.
14. Тұзды, күлді баспа.
15. Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма.
16. Бөркіңді теріс киме.
17. Үйде ысқырма.
18. Үйге жүгіріп кірме.
19. Айды қолыңмен көрсетпе.
20. Шелектегі суға аузыңды батырма.

21. Жалғыз ағашты кеспе.
22. Пышақтың жүзін жалама.
23. Пышақты шалқасынан қойма.
24. Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама.
25. Кісіге, молаға саусағыңды шошайтпа.
26. Кісі айыбын бетіне баспа.
27. Көп сөйлеме.
28. Адамға, малға зәбір жасама.
29. Балаңа басқа ұрма.
30. Түнде суға барма.

31. Нанды бір қолыңмен үзбе.
32. Тамақты сораптап ішпе.
33. Ішегіңді тартпа, табаныңды тартпа.
34. Дініңді, ұлтыңды, арыңды сатпа.
35. Құдайға, пайғамбарға, әулиеге тіліңді тигізбе.
36. Құстың ұясын бұзба.
37. Құмырсқаның ұясын баспа.
38. Шақырмаған жерге барма.
39. Рұқсатсыз үйге кірме.
40. Жұрт көзінше кекірме, қасынба.

41. Атқа теріс отырма.
42. Отты, ошақты аттама.
43. Дастарханды, ыдысты, тамақты аттама.
44. Етбетіңнен жатпа.
45. Кісі төсегіне отырма.
46. Сол қолмен тамақ ішпе.
47. Шалбарды басыңа жастама.
48. Қолыңды артыңа ұстама.
49. Түнде мал санама.
50. Түнде күл шығарма.
2-ші бөлім: Ата- аналарға арналады. «Ол не дегені?»


Тиым сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Әр ата- анаға 2 сұрақтан(әр сұраққа 1 балдан) Егер ата- ананың жауабы болмаса басқа жұптан тетікті кім бірінші басса сол жауап береді.
1) Үйде ысқырма- мағынасы.
2) Көкті жұлма-
3) Үйге жүгіріп кірме-
4) Тізеңді құшақтама-
5) Нанды бір қолмен үзбе-
6) Пышақтың жүзін жалама-
7) Бөркіңді теріс киме-
8) Баланың желкесін сүймейді-
9) Түнде үй сыпырмайды-
10) Баланын табанын сүймейді-
11) Жас балаға бұғана ұстатпайды-
12) Шәугімнің шүмегін есікке қаратпайды-
13) Қонаққа кетік кесеге шай құймайды-
14) Тамақ ішіп болған соң тұрып кетуге болмайды-
15) Біреудің пышағын ер кескенде құр қайтармайды-
3- бөлім: «Ата-баба өсиеттері»
Әр сайыскер ата- бабаларымыздың өсиет сөздерінен бір-екі шумақты оқу.
Бағалануы (5 ұпай)
3. Аталы сөзден үзінді келтіру.
Білген адам тауып айтады
Білмеген адам қауып айтады.
Демекші өсиет сөздердің тәрбиелік маңызы зор. Әр жұп кезегімен айтады. Жоғарғы ұпай- 5.
Жанғұтты шешеннің өсиеті:
Бір сөз айтсаң жақсыға,
Аталы соған тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға,
Өмірінде ұқпайды.
Ндандықтың белгісі
Өзі- өзі мақтайды.
Көкірегі соқырға
Өмірде тау атпайды
Шешеннің сөзі- шын асыл
Қап түбінде жатпайды.
Торайғыр шешеннің айтқаны
Бақытты адам қаласа,
Қар үстінде от жанар.
Бақытсыз адам қаласа,
Құрғақ үйден су тамар.
Жақсы туған баланың,
Атасы жаман болса да,
Төрде отырып сый табар.
Жаман туған баланың,
Атасы жақсы болса да,
Түйе үстінен ит қабар.
Шауыпкелді шешеннің айтқаны.
Батбағы бар көлдерден
Су ішітін сай артық.
Қамшылайтын шабаннан
Өзі жүрген тай артық.
Ас болмайтын арықтан
Достың берген наны артық.
Жаманмен жолдас болғанша,
Аулақ жүрген көп артық.
Әділ бидің кегі жоқ
Білімді туған жігіттің
Әділ биден кемі жоқ.
Торайғыр шешеннің айтқаны.
Жақсы кісі ақылменен тәуір болады.
Мінезі қорғасындай ауыл боланы,
Құлағы өсекті естімейтін сауыр болады,
Кедейдің жалғыз керіндей
Құйрығы шолақ, арқасы жауыр болады.
Абыз шешеннің айтқаны:
Ата- ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Балалықтың қадірін
Саналы болғанда білерсің.
Асыл менен жақұтты
Бағылы болғанда білерсің.
Денсаулықтың қадірін
Ауырғанда білерсің.
Ақ бетіңнін қадірін
Қан кеткенде білерсің.
4-ші бөлім: «Мақал- мәтелдің жалғасын тап» Ата- аналарға арналады.
Мақал- келелі ой, кең мазмұнды бір-ақ ауыз сөзбен қорытынды жасаудың тамаша үлгісі.
Шарты: мақал- мәтелдің бірінші жартысын жүргізуші айтады, ал екінші жартысын ата- ана жалғастырады. Кім бірінші тетікті басса, сол кісі жауап береді. Әр дұрыс жауап- 1 ұпай.
Ақыл- тозбайтын тон,
Білім- таусылмайтын кен.
2) Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
3) Коп жасаған білмейді.
Копті корген біледі.
4) Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
5) Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады.
6) Абысын тату болса- ас көп,
Ағайын тату болса- ат көп.
7) Сиыр сауып ішсең мың күндік,
Сойып жесең бір күндік.
8) Айран ішкен құтылады,
Шелек жалаған тұтылады.
9) Піскен асқа жеуші көп.
Біткен іске сыншы көп.
10) Ащының дәмін татқан білер,
Алыстың дәмін жортқан білер.
11)Тісі шыққан балаға,
Шайнап берген ас болмас.
12) Шешесін көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.

5-ші бөлім: «Ой толғау»
Сурет бойынша өз ойларын айтып,5 түрлі суретті сөйлету.
Ең жоғарғы ұпай- 10.

6-шы бөлім: Қорытынды.
Әділ қазылар қорытынды бағаларын шығарғанша, Аффирмациялық тілектер жазылған парақты әр ата-ана өз баласына тасырады .

«Жаман әдеттен жирен,жақсы әдептен жирен»- дейді халық. Осы айтылған маңызды сөздерді еске алып, қолдана білейік.

Жеңімпаздар анықталады.
Қорытындылау, марапаттау.




Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы,
А. Макаренко атындағы жалпы орта мектеп
Бекітемін.
Мектеп директоры :
----------------- Картеев Т. А.


Тақырыбы:
«Ата-ана сөзі –
тәрбие көзі»




Мұғалім: Лесбаева Р. Ж.

Састобе елдімекені
2012 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.