Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ата салтым – асыл қазынам! -

Ата салтым – асыл қазынам!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2061 | Размер: | Автор: гость
. Тәрбие сағаты 1 сынып
Пән мұғалімі: Дәуіржанова Салтанат
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылы №279 мектеп
Тақырыбы: Ата салтым – асыл қазынам!
Мақсаты:
1.Қазақ халқының салт дәстүрі мен әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту;
2.Ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу;
3.Оқушылырдың өз отбасына, халқына, ұлтына, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сөздік қорларын дамытып, әртістік қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: салт дәстүрге, тақырыпқа сай нақыл сөздер,суреттер
Өту барысы:Қайырлы күн қадірменді қонақтар, оқушылар! Балалар өздерің көріп отырғандай, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. «Сәлем -сөздің анасы, сөз - сарасы» - Қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен адамгершілік белгісі. «Әдепті елдің баласы, Алыстан сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз.
Оқушылар:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті.
Төріме міне еніпті !
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме апайлар!
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымызда, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге!
Ой-шақыру: Балалар, атадан балаға мұра болып қалатын үйді не деп атайды?
Қарашаңырақ (дәстүр, ұғым) атадан балаға мұра болып қалған үй «киелі үй» деп саналады. Оны ел, ағайын-туыстары « қарашаңырақ» деп құрмет тұтады. Міне, алтын орда, білім мекені біздің қасиетті қарашаңырағымызда ұлттық салт-дәстүрге байланысты өтетін « Ата салтым – асыл қазынам » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті көрермен қонақтар .Қазақта қонақ кәде деген бар. «Қуыс үйден құр шықпа» дегендей қазақ үйіне қонақ келсе, нанынан ауыз тигізіп, ағын ұсынған. Олай болса дәмнен ауыз тиіңіздер.
Қонақтарға бауырсақ пен ақтан дәм тигізіледі.
Музыкалық сәлем: (Қазақы дастарханым).
Салт дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.
Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.
1-оқушы:Шілдехана
Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық той.
2-оқушы:Кіндік кесер
Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (Кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс.
3-оқушы:Бесікке салу (салт)
Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, қуатты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
4-оқушы:Қырқынан шығару (салт)
Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
5-оқушы:Тұсау кесер (салт)
Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
Ғұрып
Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.
Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда
Керемет рәсім жасайық!
Бала: Сүйінші, Сүйінші дүниеге сәби келді!
Әже: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау – шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған. Мінекей сүйіншіңді ала ғой.
Бала: Рахмет.
Мұғалім:Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты.Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты
Әже: «Бесікке салу »рәсімін жасайды.
Ән: «Шілдехана»
(Ырым-тыйымдар)
1-бала: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.
2-бала:Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе
3-бала: Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі басың кемиді деп есептеген.
4-бала: Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі пышақ ұзарып кетеді.
5-бала: Үйге қарай, үйді айналып жүгірме.
6-бала: Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.
7-бала: Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.
8-бала: Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың ауырады.
9-бала: Нанды шашпа, баспа, нан - өмір нәрі.
10-бала: Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін.
11-бала: Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма.
12-бала: Үш күн айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды.
Ұлттық ойын: «Қыз қуу»
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда,
Би билеп, ән салайық!
Би: «Шопандар биі»
Мұғалім: Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі кезекті ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржынна кез-келген бір асықты аласыздар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз. Кім көп жауап береді екен? Олар құпия асықтар.

1-сұрақ
Жеті атаны айтып беріңіз.
(Әке, Бала,Немере,Шөбере,Шөпшек,Немене,Туажат)
2-сұрақ
Үш алыс
(Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)
3-сұрақ
Үш биді атаңыз
(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
4-сұрақ
Үш жүзді атаңыз
(Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
5-сұрақ
Үш байлық
(Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
6-сұрақ
Үш тәтті
(Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)
7-сұрақ
Төрт қонақ
(Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)
8-сұрақ
Төрт қымбат не?
Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт – береке атаң қымбат.
Мейірімді анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
9-сұрақ
Бес дұшпан
(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
10-сұрақ
Бес асыл
(Талап, еңбек терең ой, қанағат, рақым)
Ұлттық ойын: «Асық ату»
оқушы:Ата дәстүр абырой көтергенге,
О,бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
оқушы: «Сөздің көркі — мақал» деген ұғым бар. Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане, екі жақтан жарысқа кім шығады?
Екі оқушы ортаға шығады?
Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді » деген, сәлем беруге келдім.
Амансың ба, достым? «Қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
«Сыйлап берген су сатып алған балдан артық» дегендей жайғассақ жайғасайық.
«Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.
«Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін.
«Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.
«Бірлік түбі — тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
«Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.
«Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер» демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.
«Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар» деген, әлі кездесерміз, сау бол!
Ойын: «Сақина салу»
Музыкалық сәлем: Ақ тілек әні
Мұғалім:
Баталы құл арылмас,
Батасыз құл жарымас.
Ақ тілеудің белгісі-бата. Ол жерде айтыла бермейтін рухани ұғым. Бата беру-бұл жақсы дәстүр. Бата сөз өнерінің бір түрі. «Бата» деген сөздің өзі бір істің бастауы, ашылуы, кіріспесі дегенді білдіретін араб сөзі. Мұсылмандардың қасиетті кітабы «Құранның» сөзі бата деген сөзден, яғни «Фатиха» сүресінен басталады. Батаның мағынасына қарай бірнеше түрі бар.
Батаменен ел көгереді,
Жауынменен жер көгереді, - демекші бата беріледі.
Әже: Бата беру
Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты-заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске алып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызға өздіріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрлерінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.