Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ата-әже тәрбиенің көмекшісі -

Ата-әже тәрбиенің көмекшісі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1304 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Ата-әже тәрбиенің көмекшісі
№88 жалпы орта мектеп жанынан ашылған «Айгөлек» шағын орталығында әдіскер Ордабекова Гүлнар Таласқызының ұйымдастыруымен үлкендер өнегесін дәріптеу және ұлттық педагогиканы мектепке дейінгі ұйымда насихаттау мақсатында 30- қаңтар күні топтар арасында ата-әжелерімен немерелерінің қатысуымен «Ата-әже тәрбиенің көмекшісі» атты отбасылық сайыс өтті.
Сайысқа барлығы 6 отбасы үлкен дайындықпен келіп қатысты. Байқау барысында қатысушылар өз отбасыларымен таныстырды. Ата-әжелерімен бірге өткізген сәттерінен көрініс, яғни фотоколлаждарын жасап әкелді, ата-әжелері түрлі алдын-ала болжай алмайтын ситуациялық сұрақтарға жауап берді, ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан салт-дәстүрлерімізден үзінділер көрсетті. Сайысты мектепалды даярлау тобының тәрбиешісі Жолшора Арайлым Жолшорақызы және «Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі Боранбай Нұрислам жүргізді.
Сайысқа үлкен дайындықпен қатысқан отбасыларға әділқазылар алқасының шешімімен төмендегідей номинациялар берілді: «Күншуақ» тобының атынан қатысқан Ермахан Аяулым мен әжесі Жорабекова Гүлайым «Өнерлі отбасы», Тойлыбай Таңшолпан мен Тойлыбай Кәусар және әжесі Дүйсенбиев Тойлыбай «Үлгілі отбасы», «Көркем» тобының атынан қатысқан Дүйсенбі Сәкен мен атасы Мықтыбай Дүйсенбі «Тәрбиелі отбасы», Ержан Айзере мен әжесі Сейдахметова Жұмақыз «Жаңашыл отбасы», «Балапан» тобының атынан қатысқан Қунақбай Назым мен әжесі Қаламбаева Барно «Зерек отбасы», Тоқтамұрат Аяна мен әжесі Мейірбеков Фарида «Парасатты отбасы».
Сайыс соңында қатысуға келген ата-әжелер шағын орталық ұжымына өздерінің алғысын, тілектерін айтып, «Осындай сайыстардың өткізілуі дәстүрге айналса, балаларымыз иманды, көргенді, парасатты болып өсер еді»,- деп пікірлерін айтты.
«Күншуақ» тобының атынан қатысқан «Өнерлі отбасы» номинациясының Ермахан Аяулымның әжесі Жорабекова Гүлайым немересін осындай сайысқа қатысуға ынталандырып, дайындаған және жалпы өсіп келе жатқан жас ұрпаққа жаңашыл да білімді тәрбиешілері бола білген Мухитдинова Жанат Сражқызы мен Жолшора Арайлым Жолшорақызына өзінің шексіз алғысын өлең жолдары арқылы білдірді.
Ән айттым ұстаздар-ау,
Сіздерге арнап –ай
Осындай іс-шараны ұйымдастырған
Балабақша ұжымына угагай рахмет-ай!
Тәлімгерің-ай, тәрбиешің –ай
Жасаған еңбектерің жансын деймін-ай!
Оқытқан балаларың оза шауып-ай,
Тек қана алғыс алсын угагай директордың –ай!
Тәлімгерің-ай, тәрбиешің –ай
Мың алғыс бізден сізге
Бас иеміз-ай,
Мың алғыс бізден сізге,рахмет-ай!
«Күншуақ» тобының тәрбиешісі Жолшора Арайлым Жолшорақызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.