АТАМЫЗ ҚЫСҚА НЕ БОЛҒАН

  • Загрузок: 0
  • Просмотров: 517
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 22/Апрель/2016
АТАМЫЗ ҚЫСҚА НЕ БОЛҒАН

Қыс па қазір, көктем бе,
Түсінбедім мен мүлде.
Таңаертең ғана жауған қар
Түс болмай еріп кеткен бе?!
Қайда қыстың аязы
«Ұялтар» бетті өпкенде.
Н е жетеді жарысып
Шанамен сырғанақ тепкенге.
«Түсі суық, ақ қырау»
Кім сенеді дегенге.
Атамыз Қысқа не болған,
Көңілшек болып кеткен бе?!
Күліп тұрып жылайды,
Жылап тұрып күледі.
Негізі оның жаны қар,
Мұз емес пе еді жүрегі?!
Күлісіне күн нұры ұялаған
Күлкісіне күн нұры ұялаған,
Құшағына қазақтай сыяр далам
Ол –менің анам!
Қабақ шытып біреуге тарылмаған,
Тәубесінен қашанда жаңылмаған
Ол –менің анам!
Перзентінсіз сіра да ас батпаған,
Бар тапқанын солар деп жияр адам
Ол –менің анам!
Кетпесем де жырақтап сағындырған,
Құдіреті бар ерекше табындырған
Ол –менің анам!
Тентек болсам, ақылымен түзететін,
Балдай тәтті ұйқымды күзететін
Ол –менің анам!
Әлдиімен жанымды тербететін,
Жан жылуын мамығым, көрпе ететін
Ол –менің анам!
Менің анам, мінекей, сондай адам!
Ал мен оның ботақаны, еркетайы,
Арқасында анамның болған жайы
Бақыттымын!
Әйтсе де есі жоқ есер емен,
Аулақпын жаман әдет кеселдерден
Тәртіптімін.
№194 ота мектебінің
оқушысы Анарбекқызы Тоғжан
загрузка...
Loading...

Комментарии к записи: 0

avatar