Меню
Назад » » »
Атау септік
загрузка...

загрузка...
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Атау септік
Сабақтың мақсаты: 1.Өз бетінше жұмыс жасату арқылы атау септік туралы білім алуға жағдай жасау.
2.Елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін,грамматикалық тапсырмалар арқылы теориялық ойлауын, тілін байланыстыра сөйлеуін дамыту.
3.Оқушыларды айналадан қуаныш іздеп, оны сыйлай білуге мейірімділікке, өз-өзіне сынай қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Талдау, ажырату,сұрақ-жауап, топтау, жинақтау,дәлелдеу.
Қажетті ресурстар: А4 қағазы, Сызба –сурет,қима қағаздар, көк,қызыл,сары стикерлар,
« Қыс қызықтары» суреті.
Сабақ барысы:
Ұйымдасты-рушылық кезең Ширату. «Саяхатқа шығу»
Әр топтың оқушылары шеңберге тұрып өзінің есімінің ең бірінші әріпіне сәйкес саяхатқа алып шығатын заттарын қосып атау.Келесі тұрған тыңдаушы алдында тұрған тыңдаушының атын,затын қоса атау және өзінің атына сәйкес затты атайды.
Оқушыларға сұрақ: Ең бірінші тұрған адам мен соңғы адамның іс-әректінде қандай айырмашылық болды?

I.Бағдарлау –мотивациялық кезең. Қызығушылықты ояту.
-Сызбадан өзіңе қуаныш ізде.
-Күн, доп,доңғалақ, шеңбер,жер, сақина,
-Бұл зат атаулары қандай қуаныш сыйлауы
мүмкін?(ойларын дәлелдету).
-Бұл заттардың барлығына қандай сұрақ қоямыз?
-Кім? Кімдер?
-Бұл сөздердің барлығы нені білдіреді?
-Зат атаулары.
Тірек-сызба бойынша жұмыс: Мысалдар сұрақтары жалғаулары септік Сөйлемдегі
қызметі
Күн Кім? Не? жоқ Атау Бастауыш
Доп Кімдер?
Доңғалақ Нелер?
Шеңбер
Жер
Шар
Бас

II.Операциялық-орындаушылық кезең. -Бүгінгі күннен осы сызбаға лайық қуанышты тап....
-Жұмырланған қар, ақшақар, мұзайдын т.б
-Сұрақ қой.
-Қыс қызықтарын атау септікте жалғастыр
-Сыйлық, шаңғы, шана,аққала т.б
Шығармашылық тапсырма: «Қыс әкелген қуаныш» тақырыбына мәтін құра.
1.Атау септікте тұрған зат есімдердің астын сыз.
2.Сөйлемді аяқта:
-Қыстың қызығымен бірге ........ .......... қатаңдығы қатар келеді.
1-жаттығу Биыл қыс суық болды. Қар қалың жауды. Жиі-жиі боран соқты.
Тапсырма:
1. Сөйлем мүшелеріне талда.
2. Бастауыштың қай септікте тұрғанын айт.
3. Ойды байланыстыра әрі қарай жалғастыр.
Мәтінге ат қой.
-Қыс қаталдығынан қалай сақтанамыз?
-Қысты жібітуге бола ма?

2-жаттығу Тапсырма:
1. Мәтін мазмұны не дейді?
2. Мұздай жүректі жылытатын, жібітетін не екен?
3. Мейірімді кімнен аласың?
4. Мейірімділік туралы мақал-мәтел білесің бе?
5. Ойыңды 3-4 сөйлемнен қорытып жазып, ішінен атау септіктегі сөздерді тап.
III.Бағалау –рефлексиялық кезең. Шығармашылық тапсырма:
-Қыс қызығынан алған әсерімізді сөзұйқасқа салып,ойымызды жеткізейік.
.......... ......... жеттік, ......... ........ келді,
.......... ......... тептік. ........ ........ ерді.
.......... ...... ... шанамен ....... ........ бізге
.......... ......... кеттік. ....... ....... берді.
........... .......... қызықтаймыз,
............ ......... қорықпаймыз.
Тапсырма: -Қыс белгілері қар, боран,аяз,мұз, Аяз ата,өрнек сөздерін септе.
Ой жаттығуы: 1.Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенен гөрі басқалар көбірек атайды?
2. Елекпен су әкелуге бола ма?
Тапсырма: Бұл сұрақтардың бүгінгі сабаққа байланысы
қандай?
Бағалау: «Өзін -өзі» бағалау парағы бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы бағалайды. Әр тапсырмаға 5 ұпай беріледі.
Оқушының
аты -жөні тапсырмалар Ұпай
саны Баға
сы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Үйге тапсырма: 1.Өзің қалаған 3 зат атауына жұмбақ құрастыру.
2. «Аты аталып,даңқы жер жарып жүрген есімдерден кімді білесің?» мәлімет-мәтін жазып, құрастырып келу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Атау септік можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 250 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar