Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Атажұрт»  этнографиялық  ойыны -

«Атажұрт» этнографиялық ойыны

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1291 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: «Атажұрт» этнографиялық ойыны
Мақсаты: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету.
Көрнекіліктер: тақта. «14 терезе», кезең аттары.
1. «Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
2. «Уақытты тиімді пайдалана білсең, оның бағасы да арта түседі».
Ойынға 2 топ қатысады:
І топ –Сарыарқа: ІІ - топ Ұлытау
Сайысқа қатысушылар арасынан білгір топты анықтау
Ойынның шарттары:
І Қанат қақты;
ІІ Самғау;
ІІІ Шарықтау;
ІVШырқау;
V Жерұйық.

Барысы: Құрметті оқушылар!
Елбасымыздың жолдауында да нақты көрсетілгендей егемендігіміздің жарқын болашағын ұстайтын да білімді жастар.
Білім – егемендік кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апаратын алтын сүрлеу. Елбасы білім аламын, оқимын деген жастарға барлық мүмкіндіктерді жасап отыр. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары ел экономикасына үлес қосушы деп білеміз. Осы отырған жастар ел болашағын ойлайтын, білімді азамат пен азаматша сіздерсіздер!
Ойынның бірінші кезеңі «Қанат қақты».
«Сарыарқа» тобының сұрақтары.
1. Оңтүстік Қазақстанда өсетін дәрілік жусанның түрі. (Дәрмене)
2. Біздің жерімізде сабын алу үшін пайдаланылған өсімдіктер (Итсигек, адыраспан, алаботаны өртеп күлінен сабын жасаған)
3. Қазақта «түйме» деп қай жануарды айтады? (жылан)
4. Қазақстанда қанша қорық бар? (10)
5. Қымыз неден жасалады? (жылқы сүті)

«Ұлытау» тобының сұрақтары

1. Өсімдіктану оқулығын ең алғаш шығарған қазақтың биолог ғалымы кім? (Ж. Маусымбайұлы).
2. Қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы - медицина ғылымының докторы кім? (Г. Торабаева).
3. Қазақстан Елтаңбасында бейнеленген жануар? (Пырақ).
4. Тянь – Шань тауының жоғары беткейінде өсетін дәрілік өсімдік немесе «Қазақфильм» түсірген кино аты. (Долана).
5. Астың құрамындағы қай зат ағзадағы ұлпаларды қайтадан қалпына келтіруге негіз болады? (ақуыз).
ІІ. Самғау. Екі топқа екі сұрақтан қойылады, қосымша көмек те беріледі.
1-сұрақ. «Сарыарқа тобы».Ірі –қараның ең үлкені,мінсең көлік, ішсең сусын, жесең тамақ, кисең киім. Ол қолға үйретілген жануарлардың алғашқыларының бірі. Тұңғыш Отаны Орта Азия және Қазақстан, оны түркі – монғолдар қолға үйретілген үй хайуанаты деп көрсетеді. Арғы тегі Орта Азияда күні бүгінге дейін кездеседі. Солтүстік Америкада біздің дәуірімізге дейін 4000 жыл шамасында қолға үйретсе керек. Бұл қай жануарға берілген сипаттама? (Түйе).
Қосымша көмек. Қазақстанда ежелден өсіріледі. Оның 3 қолтұқымы таралған. Жүнінің радиация өткізбейтініне дүние жүзі ғалымдары ерекше мән беруде. Терісі өте шыдамды әрі берік болады.
2 –сұрақ. Бұл гүлді «Гүлдер патшасы» деп атайды. Гүлдер патшасы деп аталуының өзі оны керемет сұлулығы мен хош иістілігіне байланысты айтылған. Осы гүлдерге арналған талай-талай дастандар мен ертегілер де бар. Мысалы: Үнді халықтарының ертегісінде сұлулық құдайы Лакшми осы гүлдердің бірінен туған десе, парсы халықтары Иранды Гюлстан деп атайды. Ал кейбір елдерде батырлық белгісі ретінде соғыстан жеңіп қайтқандардың мойнына осы гүлден гүлдесте жасап кигізеді. Тарихта 1455 жылдан 1468 жылға дейін гүлдер соғысы деген соғыста бар. (Райхан гүлі).
Қосымша көмек. Қазіргі кезде бұл гүлді көп елдерде өсіреді. Оның ғылымға белгілі 10 мыңнан аса түрі бар. Бұлар бақтар мен парктердің нағыз көркі.

1-сұрақ. «Ұлытау» тобы
Елімізде өсетін ағаш өсімдіктерінің ең ірілерінің бірі. Өте жуан, әрі биік. Ол 40 метрден де асып түседі. Жас өркені көк жапырақты да, күшті желді де, суықты да жаратпайды. Ол желден де, күннің тура түскен сәулесінен де қорғайтын бұталар арасында жақсы өседі. Ашық жерде жақсы өніп шыға алмайды. Өте мықты ағаш, суда қалғанда мүлде шірімейді, қайта су сіңсе тіпті күшейе түседі. 20 жыл өмір сүрген түрлерінің қабығын сыдырып алып, тері илеуге қолданады, иленген тері әрі жұмсақ, әрі берік, әрі шірімейтін болады. Негізінен үй жиһаздарын жасауға жұмсалады. Бұл қандай ағашқа берілген сипаттама? (Емен)
Қосымша көмек.Қабығының медицина үшін дәрілік маңызы да күшті. Өзінің жапырақтарын жыл сайын күзде тастайды. Қабығынан аяң киімнің ұлтанын, нафталин, бөтелке тығындары да жасалады. Жел, дауылға құламастай тәкаппар тұрғанын көргенде, онда алып күш, айбар бардай сезіледі.
2- сұрақ. Алғаш қолға үйретілген жері Қазақстан даласы деп саналады. Бұдан 5-6 мың жыл бұрын қолға үйретілгенін археологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Көкшетау өңіріндегі «Ботай» елді мекенінен қолға үйретілген түліктің қаңқа қалдықтары өте көп табылды. Қазір бұл археологиялық жаңалық дүние жүзіне белгілі. Бұл түліктің Қазақстанда қолға үйретілгенін дүние жүзі ғалымдары мойындап отыр. Сонымен бұл қандай түлік? (Жылқы).
Қосымша көмек. Қазақ халқының ерекше қастерлеген және жанына жақын санаған қасиетті түлігінің бірі. Ерте замандарда ең көп өсірілетін төрт түліктің ішіндегі пір тұтатыны да осы түлік. Көш көлігі және елді, жерді қорғау мақсатында қолға үйретілген.
ІІІ.Шарықтау.Жанкүйерлерге арналған сұрақтар
Қазақстандағы және Орта Азия аймағындағы ең ескі қорық.1926 жылы шілденің 14-де ұйымдастырылды.Оның мақсаты Батыс Тәңір таудың бірегей табиғи кешендерін,биологиялық сан алуандылығын сақтап қалу болды.Қорық аумағы128118 га.Қорықтың территориясында жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктердің 1465 түрі,соның ішінде сүректі ағаштардың16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Ал тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің 30% тиеді.Осы ормандар арасы ашық жерлер болса, олар жер бетінде тербелген әсем гүлдер мен көк майса шалғынды шөптерден тұзілген жасыл кілеммен көмкерілген.Жасыл желекке оранған өлке хайуанаттар дүниесіне өте бай. Бұл қай қорық жайлы айтылған анықтамалар?(Ақсу-Жабағылы)
2-сұрақ.Қазақстанда бұл түрдің кейінгі 3-4 жылда саны күрт кеміп кеткендіктен жойылып кету қауіпі бар.Оның басты себебі:Араб елдеріне сату үшін ересектерін аулау және ұядағы балапандарын алу.Заңсыз аулаудың осындай түрі соңғы жылдары кең тарап отыр.Бұл түрді Ақсу-Жабағылы,Наурызым және Үстірт қорықтарында ғана қорғаудың жеткіліксіздігі байқалып отыр.Бұл жойылып бара жатқан құсты қандай құс түрі деп ойлайсыздар?(Ителгі)
ІV.Шырқау.
Бұл ақтық сайыс түрі.14 терезеде орналасқан сұрақтар еліміздің әр облысына арналады.Ән сұрақтар да кездеседі.Ән сұрақтарды домбырада 9ә сынып оқушысы Мәулен Айдана орындайды.
1-терезе-Атырау.
Бұл өзен Батыстағы,ірі өзендер қатарына жатады,оның ұзындығы 2428 метр,республика жеріндегі ұзындығы 1082км.Бұл өзен Жайық деп аталады.Осы өзеннен шоқыр,майшабақ,көксерке,Каспий қаракөзі,табан балық,сазан,жайын ауланады.Ауланатын тағы бір балықтың түрі аталмады.Оның маңыздылығы өте жоғары,ендеше бұл балық қалай аталады?(Бекіре)
2-терезе-Шымкент.Аудан зонасы далалы шөлейтті болғандықтан негізгі өсімдік жамылғылары осы белдемге тән аридті типтес болып келеді.Бұл ауданда жусан, изен, боз бетеге, адыраспан,жантақ,селеу,кекіре,бидайық,
бақбақ,бәйшешек, қызғалдақөседі. Бұта тектестерден тобылғы, жыңғыл,
тас шие және өзен аңғарларында ылғал сүйгіш өсімдіктер бар. Жусанның бір түрі тек осы Арыс ауданында ғана өседі. Осы өсімдіктен дәрі алынады, мал азығы ретінде пайдаланады. Сонымен бұл қандай өсімдік? (Дәрмене).
3-терезе – Алматы. Республикамызда орта есеппен жылына бір миллион центнер балық ауланады. Алайда бұл барлық мүмкіншілікті пайдалану нәтижесі деуге болмайды. Сондықтан еліміз ішкі сулар мен жаңадан жасалған суқоймаларды тиімді пайдалану арқылы табиғат байлығының бірі – балықтар түрін молайту жолдарын жыл сайын жетілдіре түсуде. Ол кәсіптік балықтар түрін молайтуда айтарлықтай үлес қосуда. Бұл қай суқойма? (Қапшағай).
4-терезе – Қарағанды. Бұл ұлттық парк 1998 жылы құрылған. Ауданы 90,3 мың га. Осында әйгілі Шайтанкөл орналасқан. Мұнда аңның 39 түрі құстың 55 түрі, балықтың 11 түрі, өсімдіктің 68 түрі қорғалады. Бұл ұлттық парк қалай аталады ? (Қарқаралы ұлттық паркі).
5- терезе – Ән сұрақ.Домбырада ән орындалады.
6- терезе – Қызылорда. Шөлдерде сұмпайы кесірткелердің тіршілік еткені қазбадан көптеп табылған қалдықтары арқылы дәлелденуге Г.А. Беленский құсжамбасты сұмпайы кесірткенің толық қаңқасын тауып, ғылымға үлкен үлес қосты.Ал ХХ ғасырдың 80-жылдары қазақстандық ғалымдар Қызылорда облысындағы жосалы өңіріндегі Шақпақ, Бәйбіше, Аққорған сияқты мекен-жайлардан қандай кесірткелердің қалдықтарын тапты. (Құбыжық – кесіртке).
7–терезе – Астана. 1958 жылы құрылған қорық облыстың 258 мың га-дан астам жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың га) қол тимеген жерлері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің жартысынан астамы кемірушілер болып келеді. Табиғаты тамаша, балыққа бай көл бар. Көлде дүние жүзінде сирек кездесетін, солтүстікке ұя салатын құс бар. Бұл қандай қорық екенін білесіз бе? (Қорғалжын ).
8- терезе –Ақтөбе.Ойылдың шөл даласында халық селекционері Ш.Берсиев қызмет істеді. Жергілікті қазақтар ерте заманнан егіп келе жатқан бұл дақылдың ең жақсыларын таңдап алды. Осылардың арасынан шашақ бастары үлкен, дәндері ірілерін тағы сұрыптап алды. Ең ақырында Ш. Берсиев өзініңтәжірибелік үлескісінентамаша мол өнім – әрбір гектарынан 202 центнерден алды. Сонымен ол қандай дақыл өсірген еді?
(Тары).
9-терезе- Петропавловск. Солтүстік Қазақстан.
Осы Өлкеде көп кездесетін өсімдік жайлы Д.Әлімжанов былай суреттейді.
«Сырғалы бұтағынан гүл төгілген,
Өркені – жібек шашақ күлтеленген.
Қойғандай кесте тігіп ақ жібекке.
Теңбілін таңғалады адам көрген», - деп қай өсімдікті айтады? (Қайың).
10- терезе – Ән сұрақ. Домбырада ән орындалады.
11- терезе – Маңғыстау. Бұл қорық 1984 жылы ұйымдастырылды. Көлемі 223300 га. Мұнда сүтқоректілердің сирек кездесетін қарақал, шағыл мысығы, сабаншы сілеусін, қабан, киік сияқты аңдар қорғалған. Сонымен бұл қорықтың аты және онда өсірілетін қойдың аты қалай аталады ? ( Үстірт қорығы.Муфлон қойы).
12-терезе. - Қарағанды-Жезқазған.Жазда жазық сазды шөлде келе жатқан кезде көз ұшынан «Тоғай» көрінеді.Ұшы-қиыры жоқ шөлге бұл ағаштар қайдан келіп қалды деген ой түседі.Сабақтары биік,ұзындығы 2 метрден астам,іші қуыс,жуандығы 5-7см.Ақ немесе сары түсті келетін ұсақ-ұсақ гүлдері болады.Бұл тоғайболып көрінетін өсімдік қалай аталады?(Сасыр)
13-терезе-Шығыс Қазақстан.Орман алқаптарында балқарағай,майқарағай өседі.Тау жоталарындағы шалғында мал жайылады.Қазіргі кезде осы облыстың бір ауданында маңызы бар шаруашылық дамыған.Мұнда олардың саны 11-12 мың бас. Шаруа қожалығы, бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылған. Қазір бұл өңірде соңғы технологиялық жетістіктермен жабдықталған, пантокрин өндіретін зауыт бар. Сонымен бұл шаруашылық қалай аталады? (Бұғы шаруашылығы).
14- терезе – Батыс Қазақстан. Бұл тышқан тіршілігінің көбін суда өткізеді. Суда жақсы жүзеді. Өте сирек кездесетін аң ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Жайық өзенінің жайылма сулы аймағында мекендейді. Ол құйрығының түбіндегі безден жағымды иіс шығаратындықтан осылай атанған. Ол қандай тышқан түрі. (Жұпар – тышқан).

V. Жерұйық. Жеңімпаз топпен ойналады.
Сұрағы:
Бұл өсімдік құмды - шөлдің қорғаны. Ол құмды бекітіп ұстап тұрады. Өскіндері түйеге, қойға жақсы азық. Шөлді жерлерде үй малдары мен аңдар бұтағын құмарта жейді. Оның себебі жас бұтақтың құрамында малға қажетті барлық органикалық заттар болады және көп су бар. Бұл малға бір жағынан азық болса, екіншіден сусын. Бұл өсімдік су аулауға да бейімделіп алған. Тұқымнан шыққан азық болса, суды қуалағандай тереңге тез ұзарып өсе береді. Осы жылдамдықпен тамыры бірінші жылы 3 метрге дейін ұзарады. Өте қатты ағаштар қатарына жатады. Бұдан кейінгі жылдары тамыры 20-30 метрге дейін ұзарып өседі. Жиһаз өндірісінде пайдалануға жарамайды. Оның есесіне бұл өсімдік шөлдің тірі қазба байлығы десе де болады. Қазақстанда бұл өсімдіктің ақ, қара, Зайсан деген үш түрі өседі. Сонымен мұнда қандай өсімдік туралы айтылып отыр? (Сексеуіл).

Жеңімпаз топ анықталып, бағаланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.