Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Атмосфера тақырыбын қорытындылау  географиялық КТК -

Атмосфера тақырыбын қорытындылау географиялық КТК

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1403 | Размер: | Автор: гость
. Калыбекова Сымбат Бектасовна
№8 негізгі орта мектебінің
география пәні мұғалімі
Қарағанды қаласы
Атмосфера тақырыбын қорытындылау
географиялық КТК (көңілді тапқырлар клубы)

Мақсаты: Географиялық білімді шыңдап жетілдіру, Отанды,табиғатты сүюге, оны қорғап, аялауға тәрбиелеу. Жалпы географиялық ұғымдарды еске түсіру нәтижесінде жетілдіру.

Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Демекші, «Географиялық КТК» атты білім сайысымызға қош келдіңіздер! Оқушылар 2 топқа бөлінген. Яғни әр топтың атауы бар.
Жалпы сайыс 5 кезеңнен тұрады:
1 кезең «Таныстыру»
2 кезең «Ойлан да тап»
3 кезең «Сиқырлы жұмбақ»
4 кезең «Сыр сандық»
5 кезең «Географиялық есептер әлемі»

1 кезең «Таныстыру» 5 ұпайдан беріледі. Әр топ басшысы өздерінің топтарын таныстырады.

2 кезең «Ойлан да тап» 5 ұпайдан беріледі.
1-топ:
1. Жердің нақты үлгісі (глобус)
2. Гидросфера қай елдің сөзі (грек)
3. Картаның қазақша мағынасы (табақ)
4. Тау жыныстарын құрайтын заттар (минерал)
5. Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап (барометр)
6. Барометрдің неше түрі бар? (2)
7. Жердің радиусы қанша? (6317 км)
8. Жердің құрысы (ядро, мантия, жер құрылысы)
9. Жер сілкінужиі қайталанып тұратын аймақтар қалай аталады (сейсмикалық аймақтар)
10. Күн жүйесіндегі неше планета бар? (9)

2-топ:
1. Мазмұнына қараай карталар нешеге бөлінеді? (екіге)
2. Жердің ауа қабаты (атмосфера)
3. Таулар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді (3)
4. Ауаның горизонталь бағытта орын ауыстыруы (жел)
5. Желдің бағытын қандай аспаппен анықтаймыз (желбағар)
6. Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғал
(жауын-шашын)
7. Масштабтың неше түрі бар, атап бер (сандық, сызықтық, атаулы)
8. 3 минералдан тұратын тау жынысы (гранит)
9. Таулар биіктігіне қарай неше топқа бөлінеді? (аласа, орташа, биік)
10. Экватордың ұзындығы (40 000 км)

3 кезең: «Сиқырлы жұмбақ» 5 ұпайдан беріледі
«Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.»
Бұл кезеңде топтарға жұмбақтар жасырылып, шешуі қазақша, орысша, ағылшынша айтылуы керек.

1. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады.
(жел, ветер, wind)

2. Отқа жанбас, суға батпас
(мұз, лед, ice)

3. Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен.
(су, вода,water)

4. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(күннің көзі, луч солнце, sun)

5. Бар ма жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
(Ауа, воздух, air)

6. Үй үстінде ақ аю билеп тұр
(түтін, дым, fire)

7. Бір түкті кілем, бір түксіз кілем
(жер мен аспан, землю и небо, groun and sky rise)

8. Аспанға ұшар бу болып,
Жерге қайтар су болып.
(Бұлт, туча, cloud)

4 кезең «Сыр сандық» 5 ұпайдан беріледі.




Бұл кезеңде командаларға сандықтың ішіндегі 16 сан жасырылады, әр бір санның артында сұрақ жасырылған.
1. Мұхит табанының ең басты ерекшеліктерін ата (су асты жоталары)
2. Атмосфераның қабаттарын ата?
(тропосфера, стротосфера, атмасфераның жоғарғы қабаты)
3. Бұлттың неше түрі бар (3)
4. Ауаның ылғалдығын өлшейтін құрал (шаш гигрометрі)
5. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температуралардың айырмасын не деп атаймыз (температураның тәуліктік амплитудасы)
6. Барлық тау жыныстарының 75 %-ын қай тау жыныстары құрайды
(шөгінді тау жыныстары)
7. 0º пен 360º аралығындағы бұрыш (азимут)
8. Ауадағы оттегі неше % (21%)
9. Ұлы географиялық ашылулар қай кезеңге тура келеді (15-18 ғасырларға)
10. Жауын-шашын ең көп жауатын жер
(Тынық мұхитындағы Гавай аралдары мен Гималай тауының етегінде)
11. Ең жоғарғы температура +30ºС, ал ең төменгі температура +20ºС, сол кезде амплитуда қанша? ((+30ºС - +20ºС)=10ºС)
12. Жер шарындағы ең биік нүкте (Джомолунгма)
13. Жер сілкінуі неше балдық шкаламен өлшенеді (12 балл)
14. Экватордан солтүстік полюске дейінгі аралық не деп аталады
(солтүстік ендік)
15. Масштабына қарай карталар неше топқа бөлінеді (3: ірі, орта, ұсақ)
16. Жер бетінің жалпы ауданы (510 млн км2)

5 кезең «Географиялық есептер әлемі» 10 ұпай беріледі.
Атмосфера тобы.
1 есеп. Сәуірдің 20 күні ауаның температурасын бақылау нәтижелері:
Сағ 1-де +5 ºС
7-де -2 ºС
13-те +10 ºС
19-де +9 ºС
Бұдан тәулік бойынша орташа температураны анықта.
(5 ºС - 2 ºС + 10 ºС + 9 ºС=22 ºС)
+22 ºС : 4= +5,5 ºС
2 есеп. Егер барометр тау етегінде 740 мм-ді, ал тау басында 440 мм-ді көрсетсе, салыстырмалы биіктік қанша болады?
(740 мм – 440 мм=300 мм; 300 * 10,5 = 3150 м)
3 есеп. Құркүйектегі тәулік орташа температуралар жиынтығы +220 ºС болды делік. Қыркүйектегі күн саны 30. Сонда айлық орташа температура қанша?
(+220 ºС : 30= +7 ºС)

Географ тобы.
1 есеп. Наурыздың 14 күні ауаның температурасын бақылау нәтижелері:
Сағ 1-де +4 ºС
7-де -3 ºС
13-те +10 ºС
19-да +8 ºС
Бұдан тәулік бойынша орташа температураны анықта?
(4 ºС - 3 ºС + 10 ºС + 8 ºС= 19 ºС)
+19 ºС : 4= 4,7 ºС

2 есеп. Егер барометр тау етегінде 750 мм-ді, ал тау басында 410 м-ді көрсетсе, салыстырмалы биіктік қанша болады?
(750мм – 410 мм= 340 мм)
340 * 10,5м= 3570 м

3 есеп. Тамыздағы тәулік орташа температуралар жиынтығы +250 ºС болды делік. Тамыздағы күн саны 31. Сонда айлық орташа температура қанша?
(+250 ºС : 31= +8 ºС)

Сайысымызды қорытындылай келе бүгінгі сабағымызда жалпы атмосфера тарауы бойынша қорытындылау сайысы өткізілді.
Сайысымыздын аяғында жеңіске жеткен команда аталады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.