Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Атомның құрылысы.Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.Химиялық байланыс -

Атомның құрылысы.Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.Химиялық байланыс

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3613 | Размер: | Автор: гость
. «Атомның құрылысы.Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.Химиялық байланыс» тарауын қайталау сабағы
8 сынып
Есендиярова Нұргүл Төлегенқызы
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі

Апта Күні: Сабақ №
Сабақ тақырыбы: «Атомның құрылысы.Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.Химиялық байланыс» тарауын қайталау.
Жалпы мақсат: Оқушылардың «Атомның құрылысы.Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.Химиялық байланыс» тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу,білім-білік дағдыларын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сілтеме: 1.Химияны оқыту әдістемесі
2.Н.Нұрахметов,К.Сарманова,К.Жексембина 8-сынып химия оқулығы
3.Виртуалды зертхана
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Атомның құрылысын,атом ядросының құрамын,Д.И.Менделеевтің периодтық заңын және химиялық элементтердің периодтық жүйесін,құрылымын біледі.Химиялық байланыс түрлерін,кристалл тор түрлерін анықтай біледі.
Негізгі идеялар: Ядро заряды,протон,нейтрон,периодтық жүйе құрылымы,
химиялық байланыс,кристалл тор туралы ұғым
Сабақта қолданылатын материалдар: 1.АКТ мүмкіндіктерін пайдалану
2.Презентация
3.Деңгейлік тапсырмалар
4.Постер ,стикер,маркер
Оқыту әдістері: 1.«Фишбоун» балық сүйегі диаграммасы әдісі
2. «Ыстық орындық» әдісі
3. «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
4.Топтық, жеке жұмыстар
5.Деңгейлеп оқыту
6. Есептер шығару
Дерек көздері: 1.Химия оқулығы 8 сынып
2.Жұмыс дәптері
3.Периодтық кесте
4.Жалпы химия
Тапсырмалар: Топтық жұмыс,сұрақтарға жауап беру,жұптық,жеке жұмыс
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(2 мин) 1.Сыныпты топқа бөлу. (Геометриялық фигуралар арқылы арқылы топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы арқылы топқа бөліну

ІІ. Тарауды
қорытындылау
(30 мин) «Фишбоун» балық сүйегі диаграммасы әдісі:
І топ - Атомның құрылысы,атом ядросының құрамы.
ІІ топ - Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
ІІІ топ-Химиялық байланыс,кристалл тор.

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Тапсырма:
Химиялық элементтердің жіктелуін сызбанұсқа бойынша жазыңдар: Н ,S ,О, Ғе , Nа, Са,СІ, Мg,Sі ,К,С,АІ, Zn ,N, Ве.
Элементтер

Металдар Бейметалдар


Екідайлы элементтер
Тапсырма:
Мына элементтер периодтық жүйеде қай периодта,топта,қандай топшада орналасқан: Ва , Рв , Ғе , Вr.
Тапсырма:
Таңбалары берілген элемент атомдарының ядро зарядтарын анықтаңдар:
Zn, Ca, S, Hq, Si
Тапсырма:
Элементтерге атом құрылысы теориясы және периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама беріңдер:
І топ №7, ІІ топ №14 ІІІ топ №20
1.Химиялық таңбасы,атауы
2. Химиялық элементтердің периодтық
жүйедегі орны (периоды,тобы,рет саны),
салыстырмалы атомдық массасы
3.Атом құрамы мен құрылысы
4.Қасиеті,валенттілігі
5. Жоғары оксидінің, ұшқыш сутекті
қосылысының формуласы

Тапсырма:
Элементар бөлшектердің саны бойынша
элементті анықтаңдар:
Элементар бөлшектер Элемент
электрон
саны протон
саны нейтрон саны
20 20 20
8 8 8
25 25 30
30 30 35

Тапсырма
Химиялық элементтердің элементар бөлшектерінің санын анықтаңдар:

Атом-дар
түрі Ядро заряды
ның
мәні Электрон саны Ядро құрамы
протон нейтрон
К
S
J
Тапсырма
Кестеге химиялық элемент таңбаларын және
оларға сәйкес электрондық конфигурациялар-
ын жазыңдар:
Элемент Электрондық
конфигурациясы Электрондық графикалық формуласы
В
1S2 2S22Р63S2

1S2 2S22Р5
Zn

Деңгейлік тапсырмалар
І-деңгей
1)Периодтық жүйені пайдаланып,берілген элементтерді электртерістіктерінің өсу бағытымен орналастырыңдар: S,Zn,N ,О, Мg ,АІ,СІ,Р.
2)Мына қосылыстар түзілгенде электрондар қай
элементке қарай ығысатынын көрсетіңдер:
НСІ, СН4 ,РН3 ,SО2 ,Н2О,

ІІ-деңгей
1)Берілген заттардан :NН3 ,О2 ,НВr, N2 , СО2 ,СІ2 ,
А)ковалетті полюссіз байланысы бар заттарды;
ә) ковалетті полюсті байланысы бар заттарды
бөліп жазып,қосылыстардың электрондық және
графикалық формулаларын жазыңдар.

ІІІ-деңгей
Берілген заттардың әрқайсысының химиялық
байланыс типтерін және кристалдық тор типтерін
анықтаңдар:
Заттың аталуы Химиялық байланыс типі Кристалдық тор типі
Сутек молекуласы
Бромсутек
Күкірт (VІ)оксиді
Натрий хлориді
Калий иодиді
Силан
Оқығанын пайымдайды.
Өз ұстанымын құрады,
мәтінді баламалы түсінеді.Берілген сұрақтарға жауап жазады.

Топ мүшелері бірге орындайды.

Оқушылар тапсырманы ауызша орындайды.

Оқушылар тапсырманы ауызша орындайды.

Оқушылар тапсырманы жазбаша орындайды

І,ІІ,ІІІ деңгейлі тапсырманы өз бетімен орындайды
ІV. Қорытынды
лау (7 мин) Кері байланыс (сұрақ-жауап)
«Ыстық орындық» әдісі
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
1. Период қандай элементтен басталып, қандай элементпен аяқталады?
2.Атомдағы энергетикалық деңгейлер саны қалай анықталады?
3.Атомның планетарлық моделін ұсынған кім?
4.Атом қандай бөлшектерден тұрады?
5.Электртерістік деген не?
6.Литийден фторға дейін элементтердің металдық қасиеті қалай өзгереді?
7. Электртерістілігі ең жоғарғы элемент, ең төменгі элемент?
8.Электртерістілік топ, период бойынша қалай өзгереді?
9. Сілтілік металдарға қандай металдар жатады?
10. Галогендерге қандай химиялық элемент атомдары жатады?
11.Химиялық байланыстың неше түрі бар?
12.Кристалдық тор типтерін ата.
Мұғалім,оқушы қойған сұрақтарға жауап береді
V. Үй тапсырма
сын беру
(2 мин) Мәтінмен жұмыс, қосымша материалдар жинау. Үй тапсырмасын орындау
VI. Бағалау
(2 мин) Формативті бағалау
Сумативті бағалау
Критерий арқылы бағалау, топта бірін- бірі бағалауы
VII. Рефлексия
(2 мин ) Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу

Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.