Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қатырма қағаз туралы мағлұмат -

Қатырма қағаз туралы мағлұмат

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3269 | Размер: | Автор: гость
. Асанова Гулбайрам Камаловна,
№90жалпы орта мектебінің технология пән мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Тақырыбы: Қатырма қағаз туралы мағлұмат

Сабақтың жабдығы 1. Оқушыларға қатырма қағаз туралы түсінік беру, қағаздан бұйымдар жасау жолдарын үйрету;
2.білімін, ой-өрісін дамыту;
3. ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер,смайлик,түсті қағаз,желім,т.б.
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. 1 – топ «Күз», 2 – топ «Қыс», 3 – топ «Көктем», 4 - топ «Жаз» болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар үлкен шеңбер жасап тұрады. Мұғалім қасындағы оқушыға үлкен жүректі ұсынып, бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек жылы лебіздерін білдіреді. Сыныпта жақсы көңіл-күйді қалыптастырады. Мұғалім қасындағы оқушыға үлкен жүректі ұсынып, бүгінгі күніне сәттілік тілейді.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту:

-Мына заттар неден жасалған деп ойлайсыңдар? -Суреттегі заттарды ата. -Қандай топқа жатқызуға болады?
Мағынаны тану
Қатырма қағаз –қағаздың қалың әрі тығыз, жұқа түрі. Оны өндіру жолы қағаз жасаумен бірдей, тек қатырма қағаз үшін ірілеу және қаттылау ағаш талшықтары қолданылады. Қатырма қағаздан жасалатын заттарға: дәптер мұқабасы, дәрілік қораптар, кітап мұқабасы т.б. жатады.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
1 Әр топқа қосымша тапсырмалар таратып,
-жеке іштей оқу, топта талқылау,
-әр топ лидері мәтін мазмұнын ашады.
-Сұрақ-жауап Мұғалім әрбір оқушының пікірін тыңдап, қолдау көрсетіп отырады.

Үй тапсырмасы Қатырма қағаздан бұйым жасау Күнделіктеріне жазады
Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, өзін-өзі бағалау. Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
«Екі жұлдыз бір тілек»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.