Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ауаның маңызы -

Ауаның маңызы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1396 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Сабақтың тақырыбы: Ауаның маңызы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ауасыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру, ауаның ластану жолдары, ауаны қорғау жөнінде мағлұмат беру;
Дамытушылығы:Танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы ауаның маңыздылығы ауаны қорғаудың нақты әдістері
туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелігі: Қоршаған ортаны қорғау, ауылды көркейтуге әрбір оқушының үлес қосуы азаматтық парыз екендігін ұғындыру.
Сабақтың түрі: СТО бағдарламасы бойынша өтілетін аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Дискуссия, пікір, сұрақ-жауап, ассоциация.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, тірек сызбалар, суреттер, Венн диаграммасы, топтастыру, үнтаспа.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ә) Кезекшіден бүгінгі сабақта кім жоқ екенін сұрау, қазір қандай сабақ екенін сұрау.
-Қазір қандай сабақ?-Дүниетану сабағы.
-Ендеше, балалар, әлемдегі біздің еліміздегі болып жатқан, «Елдің елең еткізген жаңалықтарға» құлақ түрейікші. Соның бірі – 1,2 желтоқсан күні Астанада болған Саммит.Тәуелсіз еліміздің ең биік жетістігі – Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуы.
-Ал енді, балалар, бүгінгі сабағымыздағы екінші жаңалығымыз – Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту 2010-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасына жолдама алуға, іске асуына өз үлесімізді қосуға арнаймыз.
-Сендер 2020 жылы неше жаста боласыңдар?
-Бұл бағдарлама – келешекке деген үміт, болашаққа деген іңкәр сезім оятар жүйелі Бағдарлама.
Ендеше, сендер болашаққа бүгінде өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырсыңдар.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына - дей отырып сабағымызды бастаймыз.
б) Психологиялық дайындық.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) «Гүл құрастыру» ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
Ауаны қалай сезуге болады?
Ауаның түсі қандай?
Ауаның қандай қасиеттері бар?
Неге жану үшін ауа қажет, дәлелдеу.
ә) Сауалнама арқылы үй тапсырмасын бекіту. (Жетон арқылы білімдерін тексеру)
Адам өміріне ең қажетті жағдайға не жатады?
А) машина Ә) ауа Б) ағаш
2. Еңбектің жауы не?
А) жалқаулық Ә) еңбекқор
Б) жауапсыздық
3. Адам денсаулығына зиян тигізетін нәрсе?
А) микроб Ә) су Б) сабын
4. Көкжиек дегеніміз не?
А) аспан
Ә) жазық дала
Б) көз жеткен кеңістік
5. Сұлба дегеніміз не?
А) сурет
Ә) карта
Б)заттың тұрған орнын көрсету
б) Сергіту сәті:
Қоршаған орта – табиғат,
Жануар, өсімдік, адамзат.
Сүю, қорғау – парасат,
Білейік мұны жамағат.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а)«Сиқырлы сандықша» ойыны арқылы жұмбақты шешу.
-Тақтадан не көріп тұрсыңдар? -Сандықша.
-Балалар сандықшаның ішінде қандай жұмбақ жасырынып тұр екен, қарап көрейікші.
Бар ма жоқ па оны білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
-Кәне, балалар жұмбақтың шешуін кім табады?-Ауа.
ә) «Топтастыру» стратегиясы
«Ауа» туралы білетінімізді топтастырып жіберейікші.
Түссіз Серпімді

Иіссіз Сығылады


Қоспа Барлық жерде бар
-Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Ауаның маңызы» деп аталады.
а) Оқулықпен жұмыс. Тірек – сызба арқылы көрсету.



ә) Ситуациялық сұрақ.
-Енді, балалар осы таза ауа әрқашан таза болып тұра ма?
-Жоқ.

б)



Оқушыларға «Ауа» тақырыбын оқып шығуды тапсырамын. Оқулықтағы тәжірибелерді жасап көрсетемін. Әр топтың алдына сабаққа қажетті 3 тәжірибенің көрнекілігін қоямын.
1-ші тәжірибені 1-топқа көрсете отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында су бетіне шыққан көпіршіктер нені дәлелдейтінін сұраймын.
2-ші тәжірибе бойынша стакан қабырғасындағы көпіршіктер нені көрсететінін 2-топтан сұраймын.
3-ші тәжірибе бойынша колбаға кигізіліп мықтап байланған шар қызған кезде неге торсиып, ұлғаяды, салқындағанда не себептен шар көлемі кішірейеді деген сұраққа 3-топ жауап береді.
Сергіту сәті: Саусақпен мұрын қысайық,
Әншіге біраз ұқсайық.
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екен ұғайық.
-Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?
-Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.
ІV. Ой толғаныс.
а) Танымдық қабілеттерін арттыруға байланысты логикалық сұрақтар беріледі.
1-сұрақ: «Ауа» таза болу үшін табиғатты қалай қорғаймыз?
- Мен ағаштарды көп егемін, жасыл желекті баптап күтемін.Жұлған, сындырған
адамдарды тәртіпке шақырамын.
Өзім отырған, тұрған жердің тазалығын сақтаймын.
сұрақ: Үш үйеңкі ағашы 1 сағатта 5 килограмм ауа жұтады. Бір үйеңкі ағашы 1 сағатта неше килограмм ауа жұтады?
Бес килограмм ауа жұтады. (5 кг)
ә) Ана тілінен табиғатқа байланысты қандай тақпақтар жаттаған едіңдер?
1- оқушы: Адамзатқа табиғат,
Адалдықты сыйлаған.
Тәңірім бір ақиқат,
Қиянатқа қимаған.
2-оқушы: табиғатты аялау бүкіл адамзаттың міндеті. Онда менің де үлесім бар. Барлық адам осылай ойлайды деп білемін.
3-оқушы. Таза ауада көп жүргенді табиғат аясында дем алғанды ұнатамын.
Жаңа сабақты бекіту. Сәйкестендіру сұрақтарын сызба түрінде 3 топқа беремін.
Тапсырмалары: «Алғырлар» тобына «Ауаны ластайтындар»

«Білімділер» тобына «Ауаны қажет ететіндер»

«Ойшылдар» тобына «Ауаны қажет ететіндер»

V. Сабақты қорыту: Таза ауа – баға жетпес байлық.
Оған үлес қосу әрбір оқушының міндеті.
VІІ. Оқушыларды мадақтап бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, түсінігін айту.
І-топ: Сурет салу.
ІІ-топ: «Таза ауа – денсаулық кепілі» тақырыбында әңгіме жазу.
ІІІ-топ: «Ауаны қорғау» тақырыбына реферат жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.