Меню
Назад » » »
Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы,
№40 Н.Әбдіров атындағы негізгі орта
мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Кушерова Айтолкын Муратхановна
Сабақ № 7 биология 7 сынып күні: 26.09.2014.
Сабақтың тақырыбы Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Ресурстар, сілтеме «Жануартану оқулығы» , суреттер, «Биология» оқулығы, желідегі бейнефильм, үлестірме материал, ноутбук, ББҮ кестесі, «Биология» жұмыс дәптері (Құрманғалиева Ж.), мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Негізгі мақсаты Ауру қоздырғыш дизентериялық амеба және безгек паразитімен және өмірде оның зияны туралы таныстыру, олармен күресудің алдын алу шаралары туралы білімдерін тереңдету
Міндеттері

1. Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын, паразит жәндіктер қоздыратын аурулар және олармен күресу жолдарын түсіндіру;
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Өзін еркін ұстап, еркін сөйлеуін, ойын толық жеткізуге, өз білімін салыстыра білуге үйрету. Пәнге деген қызығушылығын ояту;
3. Жаңа білімді игерте отырып, санитарлық - гигиеналық тәрбие беру
Түйінді идея Ауру қоздырғыш қарапайымдардың тіршілігімен, күресу шараларымен таныстыру
Сабақтың түрі Саяхат сабақ
Нәтиже: Оқушылар қарапайымдылардың ауру қоздырғыш түрлерімен танысады, жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп оқиды, өз бетінше ізденеді, өз білімдерін тексеріп бағалайды, достық қарым - қатынас жасайды, білімдерін нығайтады
Ұйымдастыру
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Ынтымақтастық атмосферасын құру Көшбасшы болу, топқа біріктіру, амандасу рәсімі, ынтымақтастық атмосфераны құру, сынып оқушыларын түгендеу, оларға бағалау ерекшеліктерін түсіндіру (өзін өзі, топтық)
Психологиялық сәт
Ұраны: «Дені сау адам, табтғаттың ең қымбат жемісі»
Суретті біріктіру арқылы топқа біріктіру:
І топ: «Амеба»
ІІ топ: «Эвглена»
ІІІ топ: «Кебісше»
Топ басшысын сайлау, әр топқа бағалау парақшасын тарату

Қолданылған модульдер
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Уақыт
Білу
«Өткенге шолу» аялдама
Ноутбук, СТО


І. Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын қайталау

Сен маған- мен саған әдісті пайдалана отырып үй тапсырмасын бір-біріне үйде дайындап келген сөзжұмбақ пен сұрақтарды топқа береді

Амеба, Эвглена, Кебісше туралы, оның қасиеттерін, маңызын таныстырады

Бірін-бірі қолдайды

10мин


Кәдімгі амеба Жасыл эвглена Кірпікшелі кебісше
Түсіну«Оқулыққа шолу», Ноутбук
бейнефильм Жаңа сабақ

Мектеп медбикесі – дизентерия амебасы мен безгек паразиті туралы толық мәлімет береді
Оқулықтағы мәліметтерді медбике кеңесі арқылы алады 15мин

Дизентерия амебасыбезгек паразиті
Қолдану
«зертханаға саяхат»
Видео арқылы пішінін көру
Әр тапсырмадан соң ынталандырады, дұрыс жауапқа алма беріледі Оқушылар дизентерия амебасын сурет арқылы көреді, қозғалуын бейнефильм арқылы көреді 5мин
Талдау
Жинақтау
СТО
«Терминдер сөйлейді»
ІІ. Мағынаны ажырату Тапсырма:Қарапайымдылардың аттары мен ауру аттарын карточкаға толтыру жұмысын тапсырады.
Карточкадағы тапсырманың дұрыс жауабын дәптерлеріне жазады
Бірін-бірі қолдайды, белсенді қатысқандарды бағалайды 5мин

Жәндік аты Тудыратын ауру аты Жұқтырушы орта

Дизентерия амебасы Қантышқақ ауруы Жуылмаған көкөніс, лас су
Безгек паразиті Безгек ауруы Безгек масасы
Лейшмания Лейшманиоз Құм шіркейі
Лямблия Лямблиоз Лас, қайнамаған су

Қорытынды

Түйінді сөз айтқызу«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде»
Иммунитет, аурудың алдын алу, Гигиена туралы түйінді сөз айтады, бірін-бірі қайталамайды 3мин
Бағалау ОүБ Қанша алма жинадың?
Топ басшысы жинаған алмасына қарай топ мүшелерін бағалайды
2мин
Үй тапсырмасы Қоршаған ортамен байланыстырып, эссе жазып келу 1мин
Кері байланыс Смайликтер арқылы 1мин

2015-2016ж Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: ggggggggggggggggdfsf
Көрсетілім: 1277 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar