Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Аустралияның географиялық орны мен зерттелуі. Жер бедері мен пайдалы қазбалары -

Аустралияның географиялық орны мен зерттелуі. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1122 | Размер: | Автор: гость
. Сынып: Күні: Пән: География
Сабақ тақырыбы Аустралияның географиялық орны мен зерттелуі. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Сілтеме 7-сынып оқулығы, Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова
Мақсаты — Аустралия материгі туралы өз ойларын түсіндіру, қорыту.- Материктің физикалық-географиялық орнын, өзіндік ерекшеліктерін, жер бедері, пайдалы қазбаларын анықтату.
— Оқушыларды сыни ойлау, есте сақтау қабілеттерінің, топта және жұпта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау.
— Өзара және өзін бағалауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже — Аустралия материгінің физикалық-географиялық орнын анықтайды, материктің ерекшелігін жатқа айта алады;- Аустралияның жер бедері, пайдалы қазбалары жөнінде жан-жақты білім алады.
— Жұппен, топпен жұмыс жасау арқылы сыни ойлауға ынталанады, пікірлесу арқылы ойын еркін жеткізеді;
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар Интерактивті тақта, оқулық, карталар, постерлер, слайдтар.
Әдіс-тәсілдер Жұптық, топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, топ басшысының бағалауы.
КезеңБерілетін уақыт (45 мин) Мұғалімнің әрекеті Оқушы әрекеті
І кезең Сабақтың барысы
Ұйымдастыру (3 мин) Сәлемдесу. ТүгендеуҚиылған «Аустралия» ашық хаттарын сұрыптау арқылы топқа бөліну. Топ ережесін анықтап алу.
Жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Оқушылармен бірге бағалау критерилерін анықтап алу.
Үй тапсырмасын тексеру (2 мин) Диалог. Әр топ екі сұрақтан дайындап,бір-біріне сұрақ қояды
ІІ кезең Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
«БІЛУ» теориясы: Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?
(5 мин) Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.«Миға шабуыл»
1.Аустралия материгі қандай жарты шарда орналасқан?

2. «Аустралия» сөзін айтқанда көз алдымызға не келеді?
3. Көзімізді жұмып, көз алдымызға табиғаттың әсем көріністерін елестетейік. Әсем табиғат көріністеріне не жатады екен?
4. ББҮ кестесін толтыру. Аустралия материгі туралы білетіндеріңді «Білемін» бағанына толтырамыз.
Білемін Білгім келеді Үйрендім

Оқушылар бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.
1. Аустралия материгі түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр, материк атауының өзі латын тілінен аударғанда «оңтүстік» деген мағынаны білдіреді.
2. Жеке жұмыс. Оқушы Аустралия материгі жөнінде не білетінін дәптерге жазады.
3. Таулар, жазықтар, ормандар, ойпатты жерлер, қыратар, өзендер т.б.

4. Алдымен жұпта, сосын топта талқылап, әр топтан бір оқушы жазғандарын оқиды.
«ТҮСІНУ» теориясы:Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?(8 мин) «Қызығушылықты ояту»Осы тақырыпты білуіміз үшін нені меңгеруіміз керек? Қазір «Білгім келеді» бағанын толтыра қойыңыздар. Дәптерлеріне кестені толтырады. Сосын топта талқылап,топтан бір оқушы ойын айтады.
— Аустралия материгі туралы не білгіміз келеді екен?- Қандай мақсат қояр едіңдер?
— Осы мақсаттарға жету үшін тапсырмаларды орындайық. — Материк туралы не білгілері келетіндігін айтады.- Материктің орнын, өзіндік ерекшелігін түсіну.
— Кескін картаға Аустралия материгінің орнын, шеткі нүктелерін түсіреді.
— Жер бедері мен пайдалы қазбаларынының ерекшелігін түсінеді.
ІІІ кезең Деңгейлік тапсырмаларды орындап, ұпай жинау
«ҚОЛДАНУ» практикасы:қарапайым тапсырмалар
(5 мин) «Мағынаны тану»Енді оқулығымызды ашып, тақырыпты оқиық.Оқулықпен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы Аустралияның пайдалы қазбаларын жазу. Тақырыпты оқып болған соң, оқушылар түсінгендерін тізбектей айтып шығады.

«ТАЛДАУ» теориясы:Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек
(7 мин) 1. Картамен жұмыс. Аустралия материгінің ерекшеліктерін интерактивті тақтаға түсірту.
2. ВЕНН диаграмасы арқылы Аустралия мен Африка материктерінің географиялық орнын салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
3. Оқушылар интерактивті тақтадағы Аустралия материгінің картасына шеткі нүктелерін, биік тауын, ең төмен нүктесін, жағалауындағы ірі түбектер, шығанақтар мен бұғаздарды түсіреді.
4. ВЕНН диаграмасы арқылы Аустралия мен Африка материктерінің географиялық орнын салыстырады., Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратып жазады.
Сергіту сәті(2 мин) «От шашу» ойыны. Барлығымыз орнымыздан тұрып төменнен жоғары қарай шапалақтаймыз, жоғары көтергенде қаттырақ шапалақ ұрамыз. 3-4 рет орындау.
«ЖИНАҚТАУ» теориясы: Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйелі, кесте, сызба, т.б. түрінде(10 мин) Аустралия материгі туралы бұрыннан білетіндеріміз бар, бүгінгі сабақтан алған жаңалықтарымыз бар барлығын ой елегінен өткізіп Аустралия материгі туралы постер жасау тапсырылды. Топ мүшелері әрқайсысы өз ойларын жазады.Топта талқылап, постер жасайды.
«БАҒА БЕРУ» практикасы: Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?(3 мин) — Аустралия материгі қандай жарты шарда орналасқан?-Материктің оңтүстіктегі, солтүстіктегі, батыстағы, шығыстағы нүктелерін ата.
— Аустралия ең биік тауы, оның ең биік шыңы қалай аталады?
Қорытынды:
-Балалар, бүгінгі сабақта өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?

Үйге тапсырма: §53. «Аустралия – ең кішкентай материк, географиялық орны, ашылуы. Жер бедері мен пайдалы қазбалары»

Білімдерін бағалау.
Топ басшыларының топ оқушыларын бағалаған парағы негізінде оқушыларды бағалау. Аустралия материгінің орнын, шеткі нүктелерін айтып, ең,ең… деген ерекшеліктерін картадан көрсетеді.

Кері байланыс. Сауалнама толтырады.

Күнделіктеріне жазып алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.