Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ауыз әдебиетін қайталау, жинақтау. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын молайту. -

Ауыз әдебиетін қайталау, жинақтау. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын молайту.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1220 | Размер: | Автор: гость
. С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Туленова Райхан
Пәні: Әдебиет
9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауыз әдебиетін қайталау, жинақтау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік мәні: Төл тілімізді сүюге, тілдің мәртебесін биік ұстауға, тілді
шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат, сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс талдау, ауызша,
жазбаша жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер, тірек сызбалар, кеспе қағаздар т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды түгелдеу.
ә) Сабаққа әзірлеу.
Кіріспе сөзі:
Оқушылар 5 топқа бөлініп, әр топ өздеріне ат таңдайды, әр топ оқушылары топтың аты нені білдіретіні туралы қысқаша түсіндіріп т аныстырады.
Саяхат. «Ауыз әдебиеті» атты жүрдек пойызымен басталады. Саяхатқа шықпас бұрын оның бағыты анықталады.
Бағыт бойынша анықтамалар белгіленеді.
І аялдама – Тұрмыс-салт жырлары
ІІ аялдама – Мақал-мәтелдер
ІІІ аялдама – Ертегілер
ІV аялдама – Эпостық жырлары
V аялдама – Лиро-эпостық жырлары
VІ аялдама – Шешендік сөздер
VІІ аялдама – Айтыс өлеңдер
Сыныптан бір оқушы диспетчер болып тағайындалады. Ол пойыздың қай аялдамаға келгенін және жүретінін хабарлап отырады.
Диспетчер – Құрметті жолаушылар!
Ауыз әдебиеті атты жүрдек пойызы жүргелі тұр.
І аялдама – Тұрмыс-салт жырларының аялдамасына келіп тоқтады. №1 кассадан билет алуды ұмытпаңыздар.
Сұрақтарға жауап
Оқушылар тірек сызбаларын көрсетеді.
ІІ аялдама – Мақал-мәтелдер
Диспетчер – Пойыз «Мақал-мәтелдер» аялдамасына келіп тоқтады. Берілген сөздерге мақал-мәтелдер келтіру.
ІІІ аялдама – Ертегілер
Диспетчер – Пойыз «Ертегілер» аялдамасына келіп тоқтады. Оларға мынадай сұрақтар қойылады.
Ертегілер қалай басталады. Топ-тобымен сұраққа жауап.

ІV аялдама – Эпостық жырлары
Диспетчер – Пойыз «Эпостық жырларына» аялдамасына келіп тоқтады. Олар мынадай сұрақтарға жауап береді.
V аялдама – Лиро-эпостық жырлары
Диспетчер
1. Лиро-эпос жырларына түсініктеме
2. Лиро-эпос жырларының түрлері
3. Қыз Жібектің маңызы мен ерекшеліктері
4. Төлеген мен Қыз Жібекті суреттеу
VІ аялдама – Шешендік сөздер
Диспетчер – Пойыз «Шешендік сөздер» аялдамасына келіп тоқтады. Әр топтан оқушы шығып, шешендік сөздернен жарыс.
VІІ аялдама – Айтыс өлеңдер
Диспетчер – Пойыз «Айтыс өлеңдер» аялдамасына келіп тоқтады. Мына тірек сызбалар арқылы сұрақ-жауаптар.

Сабақты бекіту:
Оқушылардың алған жұлдыздарын санап, орын беріледі. Белсенді оқушыларға 5 баға қою керек.
Қорытындылау.
Үйге: Ауыз әдебиетін қайталау.
Бағалау: Оқушыларың білімін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.