Меню
Назад » » »
Автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау
загрузка...

загрузка...
Шарафутдинов Султан Азмутдинович
Шолаққорған жалпы орта мектебінің АӘД – пәнінің мұғалімі
ОҚО, Созақ ауданы
Сабақтың тақырыбы: Автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау

Сабақтың мақсаты:
Автомат Колашниковты толық емес бөлшектеу мен жинақтауды үйрену .
Күтілетін нәтиже:
1. Автомат Колашниковты толық емес бөлшектеу және жинақтау туралы біледі.
2 . Автомат Колашниковты толық емес бөлшектеу не үшін қажеттігін сезіне алады.
Сабақ өтетін орын: №4 әскери бөлме.
Тәсілі: Жеке жұмыс ,топтық жұмыс , постер жазу және қорғау, оқулық автоматпен іс жүзінде жаттығу жасау.
Ресурстар: Графапроектор.Диапроектор.Ноутбук,бейнеролик. бейнетаспа, плакаттар, оқулық АК-74. 5,45 мм қаруы. Оқулық кітап 10-сынып.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут.
Сәлемдесу.Оқушылар бір-біріне тілек білдіру,жылы атмосфера орнату (бейне көрсетілім) жаңа сабақ маңызын түсіндіру, топқа бөлу. Өтілген сабақты қайталау миға шабуыл -
1. Автомат Калашниковты кім ойлап тапқан? Қай жылы? АК-74 неге арналған?
2. АК-74 механизмдері мен негізгі бөліктерін атап көріңдерші?
3. Автомат Калашниковтың басқа қарулардан ерекшелігі қандай деп ойлайсыңдар?

2) .Топтық жұмыс-12мин Оқушылар оқулықтан АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтауды жеке оқып топпен талқылайды.
Автоматты бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер механизмдер бөлектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.
Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі:
Оқжарақты бөлектеу. Автоматты сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжарақтарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжарақтарды төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады.
Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» (автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан босатылады.

Түнгі көздеуіші бар автоматты бөлшектеу кезінде оқжатарды бөліп алғаннан соң, түнгі көздеуішті бөлектейді, ол үшін қыспа құрылғысының тұтқасын сол жаққа және артқа қарай апарып, көздеуішті атрқа жылжытады да, оны автоматты бөлектеп алады.
Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек.
Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді.
Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады. Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұхсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады.
Автоматтан – ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу. Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш-компенсатор (жалын сөндіргіш) орнықтырғышы батырылады.
Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш-компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің (қаққыштың) көмегімен бұрап алуға болады.
Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы мехенизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпақшаны алады.
Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзекті артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.
Бекітпемен қоса, бекітпе жақтауын алу. Автоматты сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.
Бекітпе жақтауын алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады.
Автоматты толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті:
Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қоса. Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ камерасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.
Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.
Бекітпемен қоса, бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса, бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де, ұңғы қорабының қайырмалы бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.
Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.
Ұңғы қорабының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізеді, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабы қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.
Шүріппені ұрыстың қайырмасынан бастап, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.
Автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды қарауыл бойындағы бұрандалы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш-компенсатордың (жалын сөндіргіштің) саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы тежеуіш-компенсаторын ұңғысына немесе жалын сөндіргішті саңылау орнықтырғышқа орналасқанша айналдырады (бір айналымнан артық емес).
Сүмбіні қосу.
Пеналды дүм ұсына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды дүм ұясына кіргізеді: оны қақпақша жабылатындай етіп ұяға батырады. Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салады.
Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады. Тірек көздеуіші бар автгоматты жинау кезінде пулеметті қосқаннан кейін НСПУ көздеуішін қояды. Автоматты құндағынан ұстап, көздеуіштің қыспа құрылғысы саңылауын қару қадамасына орналастырады, ол үшін қыспа құрылғысының тұтқасының артта тұрғанына көз жеткізіп, көздеуішті алға тірелгенше жылжытып, тұтқаны алға қарай соңына дейін айналдыра отырып, оны бекіту керек.

3) Миға шабуыл 3-мин

а) Автоматты толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?
ә) Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар.
б) Автоматты толық емес бөлшектеудің пулеметті толық емес бөлшектеуге қарағанда қандай ерекшелігі бар? 4)АК-74 толық емес бөлшектеу және жинау туралы бейне көрсетілім 3-мин 5)Сергіту <Шоқ қыздар > 2-мин

6) Топтық жұмыс 15-мин.Постер жасау және оны қорғау. Автоматты толық емес бөлшектеудің және жинауды ретумен іс жүзінде оқулық қарумен жасап көрсету.

7)Өзара бағалау 2-мин.Екі жұлдыз бір тілек
Қол жеткен табыстарды атап көрсету. Ұсыныс –пікірлерін білдіру
8) Кері байланыс Астана бейне көрсетілім 3-мин.
Алғашқы әскери дайындық кітабы. IV тарау. Атыс дайындығы. Автоматты бөлектеу және жинақтау. 185 бет.

ШОЛАҚҚОРҒАН - 2014
Сабақ тақырыбы Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Сабақтың мақсаты: Автомат Калашниковты толық емес бөлшектеу және жинақтауды үйрену

Күтілетін нәтиже 1. Автомат Калашниковты толық емес бөлшектеу мен жинақтау туралы біледі
2. Автомат Калашниковты толық емес бөлшектеу не үшін қажеттігін сезіне алады

Сілтеме Алғашқы әскери дайындық оқулығы, автгоматты бөлшектеу және жинақтау плакаты
№ Кезеңдері Тәсілі Уақыты оқушылармен іс-әрекет Ресурстар

1 Сәлемдесу.
Жылы атмосфера орнату Өткен сабақты қайталау
Сабақ маңызын түсіндіру
Топқа бөлу Бейне қойылым
«МАНДАРИН»
Геометриялық фигуралармен топқа бөлу


5-мин Бір-біріне жақсы тілек білдіреді, сыни ойлайды, Геометриялық фигуралармен топқа бөлінеді Графапроектор Диапроектор Нотбук Геометриялық фигуралар

2 Топтарға АӘД оқулығынан АК-74 Толық емес бөлшектеу және жинақтау оқуға , талқылауға,
уақыт беріледі
Топтық жұмыс

12-мин
Мәтінді жеке оқып,топен талқылайды

АӘД оқулығы

3
Тақырып бойынша сұрақтар беру

Миға шабуыл
3-мин
Сыни ойлайды,
ой-пікірлерін айтады

АӘД оқулығы АК-74 плакаты

4
Автомат Калашниковты толық емес бөлшектеу және жинақтау жайлы бейнекөрсетілім көрсетіледі


Бейне көрсетілім


3-мин

Ой-пікірлерін айтады


Бейнеролик

5
Сергіту <Шоқ қыздар>
Бейне көрсетілім
2-мин
Сегіту жасайды
Бейнеролик

6
АК-74 тақырыбында топтар постер жасап оны қорғайды.және іс-жүзінде орындайды

Топтық жұмыс

15 -мин
Топтар бір-біріне түсінік қалыптастырады

Кеңсе заттары АК-74 оқу қаруы

7 Өзара бағалау
Кері байланыс
Астана бейне көрсетілмі
<Екі жұлдыз бір тілек>
5-мин
Рефлексия жазады
Кеңсе заттары
Бейнеролик Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 332 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar