Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Автомобильді техникалық күтудің және жөндеудің негізгі нормативтері және оларды түзету -

Автомобильді техникалық күтудің және жөндеудің негізгі нормативтері және оларды түзету

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2176 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
№3 МҚКК колледжінің
оқытушысы
Раева Қарлығаш Сейілханқызы

Автомобильді техникалық күтудің және жөндеудің негізгі нормативтері және оларды түзету

Автомобильді техникалық күтудің және жөндеуді ұйымдастырудың рационалды маңызды принциптерінің бірі болып профилактикалық және жөндеу жұмыстарына негізделген нормативтер саналады. Техникалық пайдалануда мына нормативтер орындалады: техникалық күтудің периодтылығы, техникалық күтудің және жөндеудің жұмыс сыйымдылығы, техникалық күтудің және жөндеудің жалғастырылуы, сонымен қатар капиталды жөндеуге дейінгі ресурстар.
“Техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеуден өткізу... қағидасына сәйкес” автомобильдің техникалық күтудің және жөндеуден өткізуі ҚР-ның негізгі орныдалатын нормативті құжаттары болып саналады, осыған сәйкес жоспарлау және техникалық күтудің және жөндеуден өткізуді осы ұйымдар жасайды және әр жерде нормативті-техникалық құжаттарды тұтынушылықтары мен тексерулері орын алады.
“Қағида” бойынша мұнда екі бөлігі қарастырылған. Бірінші бөлікте айқындалатындар: жөндеу жүйесі, оның әртүрі, сонымен қатар, бастапқы нормативтері, олардың пайдалану жағдайларының топтастыруын регламенттеу және техникалық күтудің және жөндеу, АККда өндірістегі ұйымдастырудың нормативті принциптерінің әдістерін түзету болып табылады, және де техникалық күту операцияларының типтік тізбегі мен негізгі басқа орын алатын материалдар. Екінші бөлім әрбір базалық модельдері мен оның модификацияларының нақтылы нормативтері енгізілген.
2. Пайдалану жағдайына байланысты автомобильдердің техникалық күту мен жөндеу нормативтерін түзету.
“Қағида” бойынша техникалық күту мен жөндеу нормативтері эталонды деп аталатын пайдалану шартымен анықталады. Эталонды шарттар бастапқы жүрістің 50…75%нан капиталды жөндеуге дейінгі жүріс және де климаттық аймаққа байланысты I категориялы пайдалану шарты болып табылады. Осыдан қарастыратынымыз ТК және АЖ Осыдан қарастыратынымыз ТК және АЖ 3 технологиялық сәкестік топтан кем емес 200…300 автомобильге қызмет көрсететін өндірістік техникалық базасы бар кәсіпорындарда орындалады.
Басқа жағдайда автомобильдің ақаусыздығы пайдалану жағдайында өзгереді, яғни жұмыстық және материалдық шығындар оның жұмысқа қабілеттілігіне кетеді. Сондықтан ТК және жөндеу нормативтері түзетіледі.
Көрсетілген қағидада түзету түрлері әртүрлі пайдалану жағдайындағы жұмыс істейтін автомобильдің сенімділік дәрежесінің өзгеруіне байланысты болады. Бұл түзету материалдық ресурстардың өзгеруіне, яғни автомобильге ТҚ және жөндеу жүргізу әртүрлі пайдалану шартына алып келеді.
Пайдалану жағдайына байланысты автомобильдің ТК мен жөндеу нормативтерін түзету қозғалыс шарты мен жолдың түріне қарай жол қабатымен, жердің аймақтық рельеф типімен сипатталады.
3. Жылжымалы құрамның түрөзгерісі мен оның жұмысын ұйымдастыру ерекшілігіне, пайдаланатын жердегі табиғат ауа-райына, пайдаланған мезгілдегі жорығына байланысты автомобильдердің техникалық күту мен жөндеу нормативтерін түзету.
Жылжымалы құрамның түрөзгерісі мен оның жұмысын ұйымдастыру ерекшілігіне байланысты автомобильдердің техникалық күту мен жөндеу нормативтерін түзету.. Нормативтерді қарастырғанда көліктік құралдардың (конструкциялық белгілері: автомобиль тіркегіш, самосвалдар және т.б.) түрі мен модификациясының түзетілуі қарастырылады. “Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамына ТҚ қағидасына” сәйкес ТҚ және жөндеудің жұмыс сыйымдылығы (1,0...1,25), капиталды жөндеуге дейінгі жүрісінің (1,00...0,75) және қосалқы бөлшек шығынының (1,0...1,3) түзетілуіне қолданылатын К2 коэффициентімен анықталады.
Пайдаланатын жердегі табиғат ауа-райына, пайдаланған мезгілдегі жорығына байланысты автомобильдердің техникалық күту мен жөндеу нормативтерін түзету ТҚ периодтылығымен, ТЖ сыбағалы жұмыс сыйымдылығымен және капиталды жөндеуге дейінгі жүріс нормасымен анықталады. Ауа-райы жағдайына байланысты түзету К3коэффициентімен анықталады, яғни қоршаған ортаның агрессивтілінен өзгереді: ТҚ периодтылығы - 0,72ден 1,0ге дейін; ТЖ сыбағалы жұмыс сыйымдылығы - 0,9ден 1,43ке дейін; алғашқы капиталды жөндеуге дейінгі анықталған жүрісі - 0,63тен 1,1ге дейін; қосалқы бөлшек шығыны - 0,9дан 1,54ке дейін.
4. Автомобильдің жұмыс қабілеттілігін басқару кезіндегі ақпаратты алу әдістері
5. Автомобильді диагноздау үрдісі және әдістері.
6. Техникалық диагностикалаудың жалпы процесі берілген режимдерде нысанның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді немесе нысанға тестілік түрде әсер етуді, датчиктер сигналы көмегімен диагностикалық параметрлер мәндерін ұстауды және өрнектеуді ,оларды өлшеуді ағымдағы параметрлер мәндерін нормативпен салыстыра отырып алынған ақпараттарды логикалық өңдеу незінде диагноз қоюды қарастырады. Қазіргі кезде диагностикалық параметрлер түрлеріне байланысты сыныпталған техникалық өлшеу құралдарын негізгі үш топқа бөлугеболады. Құралдардың бірінші тобы автомобильдің жұмысының жылдамдық және жүктемелік режимдерін имитациялауға және берілген жағдайда шығу параметрлерін анықтауға негізделген. Осы мақсаттар үшін жүріс барабаны бар стендтер қолданылады немесе параметрлер автомобильдің линиядағы жұмыс процесі кезінде анықталады.
Автомобильді көліктің жылжымалы құрамын техникалық күту және жөндеу жүйесі.
Тораптардың, агрегаттардың, автомобильдердің техникалық күй параметрлерінің заңдылықтарының сандық және сапалық сипаттамаларын білу, пайдалану үрдісі кезінде автомобильдің техникалық күйін және жұмысқа қабілеттілігін толығымен басқару мүмкіндік береді, яғни оның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және қамтып тұру. Бұл жұмыстар екі үлкен топқа ажыратылады: техникалық қүтуге және жөндеуге. Жұмысқа қабілеттілікті жоғарғы деңгеймен қамтып тұру ақаудың үлкен бөлігі ескертілуі тиістілігін талап етеді, яғни бұйымның жұмысқа қабілеттілігі ақаудың пайда болуына дейін қайта қалпына келтірілуі тиіс. Сондықтан ТК тапсырмасының негізі істен шығулармен ақаулардың тууын ескертуден, ал жөндеу оларды жоюдан (жұмысқа қабілеттілікті қайта қалпына келтіру) тұрады. Біздің республикамызда бұрындары автомобильдерді техникалық күту және жөндеу басқа да машиналар және механизмдер сияқты пайдалану үрдісінде берілген көрсеткіштерді қамтамасыз ету мақсатымен техникалық күту және жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу ретін анықтайтын өзара байланысқан жағдайлар мен межелер кешенінен тұратын техникалық күту және жөндеу жүйесі болып табылатын жоспарлық негізде өндірілді. ТК сәйкес ескертпелік сипатқа ие және автомобильдің белгілі атқарымынан кейін мүлтіксіз орындалатын жоспарлық-ескертпелік жүйе, сонымен қатар көптеген елдердің автомобильдік көлігінде пайдаланылады, ал жөндеу ережеге сәйкес сұраныс бойынша орындалады, яғни ақаудың тууынан кейін.
Автомобильдерді техникалық күту түрлері.
Техникалық күту орындалатын жұмыстың периодтылығына, тізіміне және сыйымдылығына байланысты мына түрлерге бөлінеді: күнделікті күту, 1-ТҚК, 2-ТҚК және маусымдық ТҚК.
Күнделікті күту.Арналуы- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған автомобильдің техникалық жағдайына жалпы бақылау жасау, сыртқы түрдің қалыпты жағдайда болуы.Автомобильге жанармай, май және салқындатқыш сұйықтың құйылуын қадағалау.
1 және 2-ТҚК. Арналуы- детальдің тозу қарқындылығын төмендету, отказ беру мен ақауларды анықтау және ескерту, бақылау диагностикалық бекіту, реттеу және майлау жұмыстарын уақытылы жүргізу. 1 және 2-ТҚК автомобильдің белгілі арақашықта жүріп өткенде жүргізіледі ( 1-ТҚК 2...4мың км жүріп өткеннен кейін, 2-ТҚК 6...20 мың км жүріп өткеннен кейін). 1-ТҚКда қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тораптарға диагностика мен ТҚК жүргізіледі, ал 2-ТҚКда автомобильдің тартқыштық-экономикалық қасиетін қамтамасыз ететін элементтерге диагностика мен ТҚК жүргізіледі.
Маусымдық ТҚК. Арналуы- автоколіктерді қыс және жаз мезгілінде пайдалануға дайындау, әдетте маусымдық ТҚК –ні ТҚК -1 және ТҚК-2 мен біріктіреді де жылына 2 рет өткзіледі.
Кәсіби білімді, яғни кәсіби техникалық және жоғары маман алуды зерттеу үлкен орын алады. Кәсіби техникалық білім өндірістің қажеттіліктерімен, жастарды өмірге жедел әрі тезірек енгізу формасымен тікелей байланысты. Кәсіби-техникалық дайындық әр түрлі шығындарға қарамастан білім алудағы маңызды арна болып қала береді. Білім беру социологиясы үшін білім алушылардың білім себебі оқытудың тиімділігі оның мамандық жоғарылатудағы рөлі мен халық шаруашылығындағы мәселелерді шешудегі рөлі маңызды. Сонымен бірге, қазіргі кезде осы білім түрінің деңгейі жоғары деп айта алмаймыз, өйткені түлектердің жоғары білім алуға бағдары арнайы орта білімнен басым түсуде. 90-жылдардың басындағы жастардың әлеуметтік кәсіби бағыттылығының қарама-қайшы тәжірибесі, алға қойған мақсаттары оны қоғамда шынайы орындалуы арасындағы айырмашылықтар олардың айтарлықтай маңызды және терең дағадарыста екенін көрсетіп отыр.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.