Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Авторлық бағдарлама -

Авторлық бағдарлама

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1954 | Размер: | Автор: гость
. Бекітемін: Келісемін:
«Тоқсансай» жалпы орта Аудандық білім бөлімінің
мектебінің директоры: бастауыш сынып әдіскері:
-------------------------Алтыбай.Ү.С. ----------------Молжігіт. Г.
« » тамыз 2015


Курстың атауы:

Логика әлемі
Авторлық бағдарлама

2 – сынып
ОҚО, Ордабасы ауданы
«Тоқсансай» жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Торғаутова. Майра

2015 - 2016 оқу жылы


Түсінік хат
«Логика әлемі» курсы - сандар мен оларға қолданылатын
амалдарды,шамаларды,есептерді, алгебра, геометрия элементтерін біріктірген,олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні. Жаңа бағдарламаның мазмұны мен құрылымы оқушылардың математика пәнін жете меңгеріп, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бағдарлама белгілі бір оқу жылына сәйкестендірілген және тақырыптар бойынша жүйеленген.
Бағдарламада мектеп оқулығындағы орыналуы міндетті болып саналмайтын дамытуға бағытталған стандартты емес жаттығулар келтірілген.
Бағдарламалық материал оқушылардың өз білімін тереңдетуге әсер етеді, оқушылар қабілетінің мейлінше кемелдене түсуіне мүмкіндік береді.
Курстық оқу жоспарындағы 2 сыныпқа жалпы 34 сағат (жыл бойы) бөлінген

Мақсаты:
-Оқушыларға грамматикалық білім, білік, дағдыларын игерту;
-Шығармашылық қабілеттерін арттыру;
-Зейінін, еске сақтау, байкағыштык, киялдау, танымдық іс-эрекетгерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.
- Окушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіріп, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Мемлекеттік білім стандарты деңгейді білім,білік жэне дағдыларын игерту
- «Логика әлемі» курсының мазмұны аркылы танымдық жэне коммуникативтік іс-әрекетке,өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу,сондай-ақ ата-дәстүр,әдет-ғұрып,салт-сана,халықтық ұлттык болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру аркылы баланы түлға ретінде қалыптастыру;
- Оқушының ақыл-ойының математикалық стилін,интеллектуалдық жэне ерік пен сезімге катысты сапаларын дамыту;
- Мектептің негізгі сатысында окуға,меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан- жақты дайындауды жүзеге асыру;
- Математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
- Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім,білік және дағдыларды қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:
- Бір таңбалы сандар қатарының ретін білу;
- Екі таңбалы сандар қатарының ретін білу;
- Қосумен азайтуға байланысты таңбалар мен терминдер;
- Қосудағы жэне азайтудағы нөл мен бірдің қасиеттерін;
- Қосудың ауыстырымдылық қасиетін;
- 10 көлеміндегі косу кестесін білуі тиіс;
- Геометриялык фигураларды атай алуы;
- Берілген ұзындығы бойынша кесіндіні сала алуы;
- Миллион көлеміндегі сандардың натурал қатарының ретін;
- Қосудың және көбейтудін қасиеттерін;
- Жакшалы және жақшасыз санды өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалуын ретін, тәртібін;
- Есептің құрамдас бөліктерін және оны шығару үдерісін кезеңдерін білуі;

«Логика әлемі» курсының мазмұны:

І-тарау. Қайталау (3 сағат):
 бірліктермен және ондықтармен санау.
 өрнек. Теңдік. Теңсіздік. Теңдеу.
 екітаңбалы сандарды құру және салыстыру.
 екітаңбалы санның ондық құрамы және жіктелуі.
 11-ден 20-ға дейінгі сандарды құру, оқу және жазу.
 теңдеу. Есептерді шығару.
ІІ-тарау. Біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу. Санды өрнек. Сынық сызық және оның ұзындығы (21 сағат):
 11-ден 20-ға дейінгі сандарды салыстыру. Сандардың ондық құрамының негізінде екітаңбалы сандарды қосу және азайту;
 кестелік қосу және азайту.
 біртаңбалы сандарды қосу, санды екі біртаңбалы сандардың қосындысы түріне келтіру білімдеріне негізделген;
 + 2, + 3, + 4, + 5, + 6, + 7, + 8, + 9 түріндегі біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесі;
 қосу мен азайту – өзара кері амалдар;
 11– ,12 – ,13 – , 14 – , 15 – , 16 – , 17 – , 18 – түріндегі азайту;
 20 көлеміндегі қосу мен азайту;
 санды өрнек және оның мәні. Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру;
 жақша. Жақшасы бар және жақшасыз берілген санды өрнектерде қосу және азайту амалдарын орындау реті;
 қосудың терімділік қасиеті;
 қосындыдан санды және саннан қосындыны азайту;
 сантиметр және дециметр арасындағы қатынас. Ұзындығы 1 см дәлдікпен алынған кесіндіні салу;
 сынық сызық. Сынық сызықтың ұзындығы;
 көпбұрыш;
 белгісіз қосылғышты, азайғыш пен азайғышты табуға берілген есептер;

ІІІ-тарау. Масса, ұзындық, сыйымдылық, уақыт бірліктері. Тік бұрыш. Тіктөртбұрыш. Шаршы. Көпбұрыштың периметрі ( 10 сағат):
 100-ге дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру;
 екітаңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша және жазбаша тәсілдері;
 санның ондық құрамы негізінде қосу және азайту. 14 + 3, 17 – 3 түріндегі қосу мен азайту. 20 + 18, 38 – 20 түріндегі қосу мен азайту. 36 + 21, 57 – 21 түріндегі қосу мен азайту. 37 + 3, 40 – 3 түріндегі қосу мен азайту. 36 + 24, 60 – 36 түріндегі қосу мен азайту. 27 + 8, 35 – 8 түріндегі қосу мен азайту;
 масса. Масса бірлігі – килограмм (1 кг);
 ұзындық. Ұзындық бірлігі – метр (1 м). Сыйымдылық. Сыйымдылық бірлігі – литр (1 л);
 уақыт аралығы. Уақыт бірліктері – минут (1 мин), секунд (1 с), тәулік (1 тәул), апта, ай, жыл, ғасыр. Ұзындық бірліктері мен уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастар;
 шамалар. Баға, мөлшер, құн;
 тікбұрыш. Сүйір және доғал бұрыштар. Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары және олардың қасиеттері;
 шаршы. Торкөз қағазға тіктөртбұрыш пен шаршыны салу;
 көпбұрыштың периметрі;
 қалдықты табуға берілген құрама есеп. Азайғышты (азайтқышты) табуға арналған құрама есептер;
 ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту. 26 + 42, 68 – 42 түріндегі жазбаша қосу мен азайту. 43 + 28, 71 – 43 түріндегі жазбаша қосу мен азайту. 26 + 34, 60 – 26 түріндегі жазбаша қосу мен азайту;

Математика (мектеп компоненті)
Курс атауы: Логика әлемі
№ Сабақтың тақыыбы сағат саны мерзімі
1 Жүз көлеміндегі сандар. Сандарды оқу, жазу, салыстыру 1
2 Ұзындық өлшем бірліктері 1
3 Қосу, азайтуды тексеру 1
4 Сыйымдылық. (литр) 1
5 Көп бұрыштар 1
6 Тік бұрыш және тік емес бұрыш 1
7 Баланың білім деңгейін анықтау 1
8 Ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту 1
9 Уақыт өлшеуіштері 1
10 Амалдардың орындалу реті 1
11 23 + 2 ж/е 25 – 2 жағд. қосу ж/е азайту 1
12 26 + 30 ж/е 56 – 30 жағдайларында қосу ж/е азайту 1
13 3 + 56 ж/е 30 + 24 жағд. қосу ж/е азайту 1
14 Кестелік қосу ж/е азайту 1
15 Тік төртбұрыш, шаршының қасиеттері 1
16 Тік бұрыш, сүйір бұрыш ж/е доғал бұрыш 1
17 Ондықтан аттап ауызша қосу ж/е азайту 1
18 23 + 7, 30 – 7, 26 + 24, 50 – 24, 26 + 7, 33 – 7 жағд. қосу ж/е азайту 1
19 Көпбұрыштың, қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу ж/е периметрін табу 1
20 Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері 1
22 Ондықтан аттап ауызша қосу ж/е азайту 1
22 78 + 22, 100 – 22, 27 + 36, 63 – 27 жағд. қосу ж/е азайту 1
23 Баланың білім деңгейін анықтау 1
24 Көпбұрышты еркін өлшеммен сызу ж/е оның элементтерін анықтау 1
25 Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу 1
26 Мың көлеміндегі сандар 1
27 Өлшем бірліктер 1
28 Теңдеуді шешу 1
29 Қосу ж/е азайту 1
30 Көбейту ж/е бөлу 1
31 Заттың бағасы. Заттың саны ж/е құны 1
32 Заттың массасы. Заттардың саны ж/е массасы 1
33 Санды 2-ге, 3-ке, 4-ке көбейту кестесі 1
34 Бақылау жұмысы 1

2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

«Логика әлемі» курсының соңында оқушылар:
 қосу кестесін жатқа айтуды;
 қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеттерін;
 қосындыдан санды және саннан қосындыны азайту ережелерін;
 жақшамен немесе жақшасыз берілген санды өрнектердегі қосу және азайту амалдарын орындау ретінің ережелерін;
 көбейту мен бөлу компоненттерінің атауларын және олардың араларындағы байланысты;
 шамалардың өлшем бірліктерін (1 л, 1 кг, 1 м, 1 мин, 1 с, 1 тәул), ұзындық пен уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды;
 тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттерін білуі қажет.
 1000 көлемінде оқу, жазу және салыстыру;
 үштаңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін қолдану;
 санды өрнектерді оқу, жазу және салыстыруды, санды өрнектердің мәндерін табу;
 екітаңбалы сандарды қосу және азайту;
 өрнектердің мәндерін табуда қосудың терімділік пен ауыстырымдылық және көбейтудің терімділік қасиеттерін қолдану;
 жақшамен немесе жақшасыз берілген санды өрнектердегі қосу және азайтуды орындауда амалдардың орындау ретінің ережелерін қолдану;
 белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға бір-екі амалдарға арналған есептерді, сандардың айырымдылық салыстыруына берілген есептерді шығару;
 есептің шешуін әртүрлі тәсілдермен (амалдар және өрнек құру мен оның мәнін табу арқылы) жазу;
 торкөз қағазда тіктөртбұрыш пен шаршыны салу, тік, сүйір және доғал бұрыштарды салу;
 ұзындығы 1 см дәлдікпен берілген кесіндіні салу;
 сынық сызықтың ұзындығын табу;
 үшбұрыштың, шаршы мен тіктөртбұрыштың периметрін табу біліктігі болуы қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы. «Келешек-2030» баспасы ЖШС,2010
2.Тестер жинағы. Алматы. «Өнер» 2005 баспасы.
3.Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемінде. «Шикула» баспасы 2003
4. Математикалық жазулар. «Алматыкітап» баспасы,2012
5. Балалар журналы. «Балдырған» 2015 Сәуір
6. Балалар журналы «Айгөлек» 2015 Мамыр
7. Логика әлемі 2-сынып «Алматыкітап» баспасы 2012
8. Математика 2-сынып. Т. Қ. Оспанов. «Атамұра» 2013
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.