Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«ҚАЗАҚ  АРУЫ-2016» байқауы өтті. -

«ҚАЗАҚ АРУЫ-2016» байқауы өтті.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1087 | Размер: | Автор: гость
. «ҚАЗАҚ АРУЫ-2016» байқауы өтті.
Колледжіміздің акт залында жылдағы дәстүр бойынша көңілге шаттық пен қуаныш сыйлаған «ҚАЗАҚ АРУЫ- 2016» атты топаралық байқау болып өтті.
Жас арулардың көңілдері шат-шадыман күйде болса да сахнаға шығып, сынға түсер сәттерінде барлығы да толқу үстінде болды.
Аруларымыз мынадай бөлім шарттары бойынша сынға түсті.
1. «МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН!» (өлеңмен, әнмен өзін таныстыру)
2. «ҚЫЗ ЕРКЕМ – КЕСТЕСІМЕН КӨРСЕМ» (ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын жасау)
3. «ӨЗ ӨНЕРІ» бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат)
4. «СӘН ҮЛГІСІ» (ұлттық нақышта киім үлгісін жасап, көрсету)
5. «АС - АДАМНЫҢ АРҚАУЫ» (қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау)

Барлық қатысушылар белсене қатысып, өз шеберліктерін шыңдады.
Арулардың сыр мен сымбатына, білімі мен іліміне, өнері мен өресіне баға беру үшін сайыс қорытындысын шығару үшін арнайы құрылған әділқазылар алқасының құрамында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.К.Алимбаева , «Нұр Отан» партиясының қызметкері Д.Азирбаева, тарих пәнінің оқытушысы М.Кузембаева, колледж мұрағатшысы Г.Сулейменова, былтырғы бас жүлденің жеңімпазы А.Жұмабекова 2 сағат уақытқа созылған бәсекенің қорытындысын шығара келе бас жүлдені 2 студент иеленді. Олар: 1 курс «О-151» тобының студенті Серікова Аружан мен 1 курс «Т-151» тобының студенті Абдығаниева Айдана. Жеңімпаздарға «ҚАЗАҚ АРУЫ-2016» сайысының тәжін кигізіп, ақшалай сыйақы табысталды. .
«Байқоңыр «Космос» колледжі»
білім мекемесінің
арнайы пәндер оқытушысы
Тлегенов Дәурен Аманжолұлы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.