Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ әдебиеті пәні арқылы мәнерлеп оқу жұмысын жетілдіру -

Қазақ әдебиеті пәні арқылы мәнерлеп оқу жұмысын жетілдіру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1398 | Размер: | Автор: гость
. Махамбет аудандық білім бөлімі

Әдістемелік кабинет

Тақырыбы :

«Қазақ әдебиеті пәні арқылы мәнерлеп оқу жұмысын жетілдіру»

Дайындаған: Базарбаева К.Б.
Алмалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Алмалы - 2015ж

Мақсаты:
- Көркем шығармаларды, поэзияны оқыту арқылы оқушылардың рухани мәдениетін жоғарылатып, болашақта көкірегі ояу адамгершілігі мол тұлға етіп тәрбиелеу;
- Оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қазақ әдебиеті пәні арқылы қалыптастыру

Жоспары :

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім

а) Қазақ әдебиеті пәні арқылы мәнерлеп оқу жұмысын жетілдіру.

ІІІ. Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады»
А.Байтұрсынұлы

Қазіргі заман ағымына қарай білім берудегі мақсат - өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, қоғам мүддесіне үлес қосуда өзін - өзі белсенді етуге дайын, басекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.
Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы.«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Коммуникативтік құзыреттілік - екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Құзіреттілік - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Құзыреттіліктердің ішіндегі қазақ тілі пәніне ең жақыны-коммуникативтік құзыреттілік. Оқушылар қарым – қатынас моделдерін, мәдениеттік стереотиптерді, мәдениет образдары мен символдарын білулері керек. Бұл оқушылардың қазақ тілінде емін еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері:
• Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)
• Диалог (оқушы мен оқушы)
• Ауызша қарым – қатынас (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Жазбаша қарым – қатынас (тақырыпқа байланысты мәтінмен, суретпен жұмыс)
Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алғы шарттары болып келеді. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім өз мүмкіндігінше қолдана алады. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.
Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: « Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады.» Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады. Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама ретінде төмендегі қызметтерді жүзеге асырумен анықталады.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.
Ғылыми зерттеулерге сүйенер болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі екі құрамдас бөліктен тұрады.
Шығармашылықты,
- біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады,
- екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы арқылы қарастырылады.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты.
Шығармашылыққа баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.
Жалпы білім беретін орта мектептегі оқушыны жеке тұлға ретінде және оның ұлттық сана-сезімін, өзіндік, дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға негіз болатын әлемдегі аса бай, мазмұнды, көркемдік деңгейі жоғары әдебиеттердің қатарындағы қазақ әдебиеті пәнін жүргізудің өзіндік қыры санқилы.
Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал.
Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соңұстаз, мектеп, қоршаған орта екені баршамызға белгілі. Өнер, ғылым бар жұртта өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, мектептен де, араласатын ортасынан да, өздері оқып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден де аларына ешкім шүбә келтірмейді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды.
Әдебиет арқылы оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптастырамыз. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып өсулеріне тигізетін әсері мол. Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін, біз оқушыға өткен тарихымызды танытуымыз тиіс.

Қазақ әдебиеті пәні арқылы мәнерлеп оқу жұмысын жетілдіру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр.
Қазіргі кезеңдегі әдебиет пәнінің мұғалімінің міндеті – жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиетін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзырлылық – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.
Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс:
- бағдарламалық-мотивациялық;
- ізденушілік-зерттеушілік;
- тәжірибелік;
- рефлексиялық- бағалаушылық;
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.
Ғылыми зерттеулерге сүйенер болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі екі құрамдас бөліктен тұрады.
Шығармашылықты,
- біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады,
- екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы арқылы қарастырылады.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты.
Шығармашылыққа баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.

Қорытынды

Құзыретті оқушы тұлғасы – өз ана тілін, мемлекеттік тілід, шет тілін,ақпараттық технология тілдерін жетік меңгерген тұлға, үйреніп жүрген қазақ тілін қарым-қатынаста қолдану құзыреттілігіне ие, ол арқылы мәдениеттанымдык, рухани, шығырмашылык қажеттңлңктерін қанағаттандыра алатын, саналы, белсенді, өзін-өзі дамытушы таным субъектісі.
Осы орайда шығармашылықпен айналысатын шәкірттеріме қойған талаптарым: аз сөзге көп мағына сыйғызу, көп іздену, әдеби кітапты көп оқу, мәнерлеп оқуды мейлінше жетік меңгеру. Мұның бәрі –оқушы шығармашылығын дамытуға өте қажетті дүниелер деп санаймын. Оқушыларды көркем шығармаларды, поэзияны мәнерлеп оқуға үйретудегі мақсатым олардың рухани мәдениетін жоғарылатып, болашақта көкірегі ояу адамгершілігі мол тұлға етіп тәрбиелеу. Сол бағыт бойынша бірнеше тәрбие сағаттарын өткіздім. Солардың бірі:
Осындай сабақтар арқылы оқушылардың поэзияға деген қызуғушылығы артып, мәнерлеп оқу бойынша аудандық сайыстарға қатысуына ықпалын тигізіп, шәкірттерім түрлі марапаттауларға ие болды.
Өз тәжірибемде қол жеткізген жетістіктеріме тоқталсам, Молдағалиева Мөлдір Махамбет ауда бойынша өткен жас ақындар мүшайрасында (2007 жылы) Бас жүлдені жеңіп алса, Сұлтангереева Таңшолпан есімді оқушым Атырау облысы бойынша өткен оқушылардың ғылыми – жоба сайысында І орынды иеленді. Қазіргі білім беріп отырған оқушыларымның ішінен Құлжан Асылай Махамбет ауданы бойынша өткен пәндік олимпиадада ІІ орынды (2011 жылы) иеленді. Бүгінгі күні бір жылдық үзілістен кейін осы сыныппен жұмысты қайта жандандырып келемін.
Коммуникативтік қабілет және білім жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады; оқушыға өзін сырттай көре білуіне, адамдарды түсіне білуіне, ұжымда өзін көрсете білуіне және өмірдегі сәттіліктерге жетулеріне көмектеседі.
Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыратынын білуі керек.
Коммуникативтік құзіреттілікті дамытуда мұғалімнің рөлін дат ойшылы Кверкегором махаббатқа толы ананың сәбиіне алғашқы қадам басуды үйреткенмен тең деп есептеген. Анасы сәбиіне қарсы тұрып, аяқ басуына көмектеспей, тек қолпаш көрсету арқылы қолын созғанда, сәбиі анасының құшағына жетуге асығады. Сол сәттен бастап сәби келесі қадамын өзі аттай алатынына сенімді сезінеді. Сүйіспеншілікке толы анасының қолдауы сәбиге үлкен сенім және күш-қуат береді. Анасының бұл сәттілігінің құпиясы – баласының өз кеңістігінде өзі әрекет етуіне жағдай жасағандығы. Ал анасы мен баласының кеңістігі бір- біріне қосылғанда, жалпы кеңістік пайда болады. Сол кеңістік үлкейген сайын сәттіліктер де көбеймек.
Осылайша оқудағы құзіреттілікке бағдар беру оқушылардың ойының дамуына, өзінің дамуына, нық қадам басуына өте қажет деп өз баяндамамды аяқтаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»
(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
3. Жолдыбекова К. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту / К.Жолдыбекова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - №11. - 2003.- Б. 99-102.
4. Ф.Ш. Оразбаева, «Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі», 2005, 272 бет
5. «Қазақстан мектебі» журналдары, 2010 жыл
6. Интернет материалдары
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.