Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ әдебиеті пәнінен 5-сыныпқа арналған тест  сұрақтары -

Қазақ әдебиеті пәнінен 5-сыныпқа арналған тест сұрақтары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 22179 | Размер: | Автор: гость
. Қазақ әдебиеті пәнінен 5-сыныпқа арналған тест сұрақтары
І нұсқа
1.Қой атасын көрсет.
А) Шопаната В) Қамбарата С) Зеңгібаба Д) Ойсылқар а Е)Шекшеката
2.Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
A) Еңбек тақырыбы.B) Батырлық, ерлік тақырыбы.C) Өнер - білім тақырыбы.
D) Ынтымақ, бірлік тақырыбы.Е) Отан,туған жер тақырыбы.
3. «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Алтын сақа» ертегілердің қайсы түріне жатады
А) Тұрмыс –салт ертегілері В) Қиял – ғажайып ертегілері
С) хайуанаттар туралы ертегілер Д) шыншыл ертегілер Е)Әдеби ертегілер.
4.«Толағай» ертегісінің авторы кім?
А) Ә. Тәжібаев В) М. Әуезов С) А.Құнанбаев Д) А.Байтұрсынов Е) С.Торайғыров.
5.Мақалды толықтырыңдар. Отансыз ......., ормансыз ........
А) күрес, үлес В) елінде, жерінде С) сұлтан, ұлтан Д) адам, бұлбұл Е) бұлбұл, адам.
6.Жиреншенің әйелі
А) Жанаткүл В) Қаракөз С) Ботакөз Д) Қарашаш Е) Айсұлу
7.Жұмбақтың жауабын тап
Қарап тұрсаң өзіне
Сурет түсер көзіңе
Ол суретің ұқсайды
Дәл қазіргі өзіңе А) радио В) айна С) көлеңке Д) құлып Е) теледидар
8.Ер Төстіктің әкесі
А) Ерназар В) Едіге С) Кендебай Д) Мадан Е) Жаман
9.Құстың жаманы
А) Бозторғай В) Торғай С) Қарлығаш Д) Сауысқан Е) Қарға
10. Тапқырлықты,білімділікті керек ететін ауыз әдебиетінің түрі не деп аталады.
А) мақалдар В) жұмбақтар С) ертегілер Д) әндер Е) аңыз әңгімелер
11. Саққұлақ, Желаяқ, Көлтауысар қай ертегінің кейіпкерлері екенін табыңыз.
A) «Ер Төстік»B) «Аяз би»C) «Толағай»D) «Дүмше молда» Е) «Керқұла атты Кендебай»
12.Әдебиет» сөзі қай тілден енген?
А). Араб тілі В) Қырғыз тілі. С) Башқұрт тілі Д) Татар тілі Е) Орыс тілі
13. Аңыз әңгімелердің ертегілерден айырмасы неде екенін белгілеңдер.
А) ойдан құралған әңгімелер ; В) жұмбақтар,жаңылтпаштар ;
С) мақал – мәтелдер; Д) тарихта болған адамға байланысты болады; Е) Өмірден алынған
14. Перінің қызы
А) Бекторы В) Жантөре С) Ақторы Д) Көкторы Е) Кенжекей
15. «Кеудең тола бауыр болсын,
Арқаң қара нардай жауыр болсын...» деп Сырымға айтан кім?
А) Жиренше. В) Малайсары. С)Қарашаш. Д)Жошы хан. Е)Қазыбек би
16. «.- Қайрат деген қыран бар,
Қайғыға тізгін бермейтін.
Қайғы деген жылан бар,
Өзекті шағып өртейтін...» қай бидің сөзі?
А) Төле би. В) Қазыбек би. С) Әйтеке би. Д)Байдалы би.
17.Толағай неше жасында садақ тартты?
А)10. В) 7. С) 4. Д) 8. Е) 5.
18.Сымайылдың анасының аты?
А) Ажар. В) Сара С) Күңке. Д)Қарашаш. Е) Айсұлу
19.Қай ертегіде авторы болады?
А)Қиял-ғажайып ертегіде В) шыншыл ертегіде. С)Әдеби ертегіде. Д) Хайуанаттар туралы ертегіде Е) Жан-жануарлар туралы ертегіде
20. А.Байтұрсынұлының өмір сүрген жылдарын көрсет.
А)1873-1930ж.ж В)1870-1938ж.ж С)1873-1938ж.ж Д)1800-1873ж.ж Е) 1875 – 1937ж.ж




ІІ нұсқа
1. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.
Батыр туса – ел ырысы, …
A) Жаңбыр жауса – жер ырысы.B) Ел үмітін ер ақтар.C) Айласыз батыр алдырар.
D) Ел – ырыстың кілті. Е) Егін шықса – жер ырысы.
2. Саққұлақ, Желаяқ, Көлтауысар қай ертегінің кейіпкерлері екенін табыңыз.
A) «Ер Төстік»B) «Аяз би»C) «Толағай»D) «Дүмше молда» Е) «Керқұла атты Кендебай»
3. «Түйе сүйеді баласын «боташым» деп, ...
Өлең жолын жалғастыр.
А) «Тастан – тасқа секірген шұнағым» деп.В) «Қараңғыда баспаған қорқағым деп». С) «Жаудыраған көзіңнен тоташым» деп. Д) «Тұлпар болар жүгірген жұрыным» деп. Е) «Ештеңені білмеген момыным» деп.
4.Даналық қорытындыға құрылған мейлінше жинақы әрі мағыналы сөздердің анықтамасын көрсет.
А)Мақал – мәтел.В) Жұмбақтар. С)Жаңылтпаштар. Д) Қанатты сөздер. Е) Бата-тілектер.
5.Әдебиет» сөзі қай тілден енген?
А)Араб тілі В) Қырғыз тілі С) Башқұрт тілі Д) Татар тілі Е) Орыс тілі
6.Мақалдың тақырыбын анықтаңдар.
«Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар»
А) Отан туралы В) білім туралы С) сөз туралы Д) әдептілік туралы Е) батырлық,ерлік туралы
7.Ауыз әдебиетінің ең көне жанрын табыңыз.
А) Мақалдар В) Жұмбақтар С) Ертегілер Д) Жаңылтпаштар Е) Бата-тілектер
8. «Ер Төстік» ертегісінде Ерназар қай құдықтың басына түнеді?
А)Тереңқұдық В) Сорқұдық С) Қарақұдық Д) Тасқұдық Е) Ешқандай құдық болған жоқ
9.Ер Төстіктің мінген аты
А) Бесті В) Шалқұйрық С) Торы Д) Дөнен Е) Тайбурыл
10.Перінің қызы
А) Бекторы В) Жантөре С) Ақторы Д) Көкторы Е) Кенжекей
11."Аяз би" ертегісіндегі хан
А) Жүсіп В) Әзім С) Мадан Д) Қайыр Е) Жаман
12.Махамбет ақынның әкесінің атын табыңыз.
A) Зұлқарнайын cool Жәңгір C) Өтеміс.D) Исатай Е) Бекмағамбет
13.Жиреншенің әйелі
А) Жанаткүл В) Қаракөз С) Ботакөз Д) Қарашаш.Е) Айсұлу
14 «.- Қайрат деген қыран бар,
Қайғыға тізгін бермейтін.
Қайғы деген жылан бар,
Өзекті шағып өртейтін...» қай бидің сөзі?
А) Төле би. В) Қазыбек би. С) Әйтеке би. Д)Байдалы би. Е) Малайсары
15. «Әйел – ана» әңгімесінің авторын көрсет.
А)М.Әуезов. В)А.Сейдімбек. С)Ә.Тәжібаев. Д)А.Байтұрсынов.Е) Ә.Кекілбаев
16.Құранда қанша сүре бар?
А)114. В) 117. С) 120. Д)100.Е) 112.
17. А.Байтұрсынұлының өмір сүрген жылдарын көрсет.
А)1873-1930ж.ж В)1870-1938ж.ж С)1873-1938ж.ж Д)1800-1873ж.ж Е) 1894-1938ж.ж.
18. Қай ертегіде авторы болады?
А)Қиял-ғажайып ертегіде В) Шыншыл ертегіде. С)Әдеби ертегіде. Д) Хайуанаттар туралы ертегіде Е) Жан- жануарлар туралы ертегіде
19.Желмаяға мініп,жиһан кезіп «Жерұйықты» іздеген кім екенін табыңыз?
А)Жошы хан. В) Асанқайғы. С)Жиренше. Д)Малайсары.Е) Мадан хан
20.Керқұла атты Кендебайдың әкесінің есімі кім?
А)Ерназар. В) Мадан. С) Базарбай. Д) Қазанғап. Е) Сарыбай

ІІІ нұсқа
1.Тапқырлықты,білімділікті керек ететін ауыз әдебиетінің түрі не деп аталады.
А) Мақалдар В) Жұмбақтар С) Ертегілер Д) Әндер Е) Қанатты сөздер
2.Аңыз әңгімелердің ертегілерден айырмасы неде екенін белгілеңдер.
А) Ойдан құралған әңгімелер В) Жұмбақтар,жаңылтпаштар
С) Мақал – мәтелдер; Д) Тарихта болған адамға байланысты болады Е) Өмірден алынған
3. «Соғыс», «Қызғыш құс» өлеңдерінің авторын көрсетіңіз.
А)І.Жансүгіров В)М.Өтемісұлы С) С.Торайғыров Д) А.Құнанбаев Е)Ы.Алтынсарин
4. « ...Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?» қай өлеңнен алынған үзінді екенін табыңыз.
А)Ы.Алтынсарин В) І.Жансүгіров С)М.Өтемісұлы Д)А.Байтұрсынов Е) А.Құнанбаев
5. Кейіптеудің анықтамасын көрсетіңіз.
А)Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға,жан иесіне ұқсатып,жандандыра,құлпырта суреттеу. В)
6«Әке мен бала »әңгімесінің авторын көрсет
А)А. Құнанбайұлы В) Ы. Алтынсарин С)А. Байтұрсынұлы Д)М.Әуезов Е) А.Сейдімбек.
7.Ы.Алтынсариннің өлендер мен әңгімелер жинағы қалай аталды?
А) «Қазақ хрестоматиясы» В)«Қазақ әліппесі » С)«Қазақ ертегілері» Д) «Ана тілі» Е) «Қазақ әдебиеті»
8.М.Жұмабаев Ғалия медресесінде қандай тілдерді меңгергенін табыңыз.
А)Орыс,ағылшын,араб. В) Араб,түркі,неміс. С) Орыс,араб,қытай. Д) Араб,парсы,түрік,орыс. Е) Қазақ,араб,орыс.
9.Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Интернатта оқып жүр».B) «Қалың елім, қазағым...»C) «Әсемпаз болма әрнеге».
D) «Жасымда ғылым бар деп...» E) «Ғылым таппай мақтанба».
10. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Ұшқыш кілем".B) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".C) "Ер Төстік".D) "Керқұла атты Кендебай". E) "Аяз би".
11. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын кімге арнағандығын табыңыз.
A) Ақындарға.B) Балаларға. C) Билерге.D) Тіл мамандарына. E) Халыққа
12.М.Өтемісұлы қай жерде дүниеге келген?
А)Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасында В)Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында С) Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында Д)Шығыс Қазақстан облысы Семей ауданында Е) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында
13.М.Жұмабаевтың өлеңін көрсет.
А) «Ғылым таппай мақтанба» В) «Қысқы жолда» С) «Өзен» Д) «Шілде» Е) «Соғыс»
14.Алматы ооблысы Райымбек ауданында дүниеге келген ақынды көрсетіңіз.
А)А. Құнанбайұлы В) Ы. Алтынсарин С)А. Байтұрсынұлы Д)М.Мақатаев Е)С.Торайғыров
15. «...Бұрын қара болушы еді,бетінің қызылы да бар еді.Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма,әйтеуір,бозғылданған...»
Қай шығармадан алынған үзінді екенін табыңыз?
А)С.Мұқанов «Лашын» В) Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан» С) М.Әуезов «Абай жолы» Д) Д.Дефо «Робинзон Крузо» Е) А.Сейдімбек «Әйел – ана»
16.Қар күреген бала кім?
А)Кендебай В)Сырым С)Толағай Д) Абай Е)Қажымұқан
17. Қазақ поэзиясында ең көп кездесетін ұйқас түрі қалай аталады?
А) Егіз ұйқас В) Кезекті ұйқас С)Орама ұйқас Д)Қара өлең ұйқасы Е)Шалыс ұйқас
18.Қадыр Мырза Әлі қай жерде дүниеге келгенін көрсетіңіз.
А)Орал облысы,Жымпиты ауданы. В)Алматы облысы,Ақсу ауданы. С)Орал облысы,Бөкей Ордасы ауданы. Д) Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы. Е) Қостанай облысы,Жангелдин ауданы.
19. ...Сені көлден айырған
Лашын құстың тепкіні...деп,Махамбет ақын қандай құспен сырласты?
А) Қырғауылмен В) Қарлығашпен С) Қарғамен Д) Қызғышпен Е) Тырналармен
20. «Толағай» ертегісінің авторын көрсетіңіз.
А)Ә.Тәжібаев. В) М.Өтемісұлы. С)І.Жансүгіров. Д) М.Мақатаев. Е)С.Мәуленов.


ІҮ нұсқа
1. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін халық поэзиясының бір түрі?
А) Жұмбақтар В)Мақалдар. С) Ертегілер. Д) Әндер. Е) Қанатты сөздер.
2. «Жұмбақ – адамның дүниетану жолындағы ойының,қиялының шамасын білдіреді»деген сөздің авторы кім?
А) Ш.Уәлиханов. В) С.Сейфуллин. С) М.Әуезов. Д) М.Мағауин Е) А.Байтұрсынұлы.
3.Ертегілер нешеге бөлінеді?
А)7. В)2. С) 4. Д)3. Е)5.
4. Перінің қызы
А) Бекторы В) Жантөре С) Ақторы Д) Көкторы Е) Кенжекей
5. «Аяз би» ертегісіндегі Жаман айтқан шөптің жаманы не еді?
А) Шеңгел. В) Көк шөп. С) Қарақоға. Д) Жусан. Е) Адыраспан.
6.Асанқайғы «Айналаң жапан түз екен,тауыңның асты жез екен.Жұртың ашықпас!»деп қай жер туралы айтқан еді?
А) Маңғыстау жері В) Жезқазған жері С) Жуалы жері Д) Мерке жері Е) Шыңғырлау жері.
7. Аңыз кейіпкерлерін табыңыз.
А)Жиренше,Қорқыт,Ер Төстік. В)Асанқайғы,Қарашаш,Кенжекей. С)Жиренше,Қорқыт, Асанқайғы. Д)Мадан хан, Жаман. Е) Кендебай,ЕрТөстік, Жиренше.
8. «Әй,Аяз,баймын деп аспа,ханмын деп таспа!Аяз әліңді біл,құмырсқа жолыңды біл!» кімнің сөзі?
А) Мадан ханның В) Уәзірлердің С)Қыздың Д) Уәлі байдың Е) Аяз бидің.
9. Құранда қанша сүре бар?
А)114. В) 117. С) 120. Д)100.Е) 112.
10. Әдебиет» сөзі қай тілден енген?
А). Араб тілі В) Қырғыз тілі. С) Башқұрт тілі Д) Татар тілі Е) Орыс тілі
11. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы кімге арнағандығын табыңыз.
A) Ақындарға cool Балаларға C) Билерге.D) Тіл мамандарына. E) Халыққа
12. Абай ауылына келген ақын қонақтар кім?
А) Ербол мен Біржан. В) Барлас пен Біржан С) Байкөкше мен Барлас. Д) Бөгде адамдар Е) Көрші ауыл адамдары
13.Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін,кескін-кейпін,жүріс-тұрысын суреттеу қалай аталады?
А)Теңеу В) Суреттеу С) Ұйқас Д) Портрет Е) Кейіптеу
14. ...Зытып келем,зытып келем.Артыма қарай - қарай зытам.... Қай шығармадан алынған?
А) С.Мұқанов «Лашын» В) Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» С) Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан» Д) Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең» Е) Н.Сералин «Аңсау»
15. «Ар-ұят туралы» өлеңінің авторын көрметіңіз
А) Ж.Молдағалиев В) Қ.Шаңғытбаев С) М.Мақатаев Д) Қ.Мырзалиев Е) Ж.Нәжімеденов
16. «...Бұрын қара болушы еді,бетінің қызылы да бар еді.Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма,әйтеуір,бозғылданған...»
Қай шығармадан алынған үзінді екенін табыңыз?
А)С.Мұқанов «Лашын» В) Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан» С) М.Әуезов «Абай жолы» Д) Д.Дефо «Робинзон Крузо» Е) А.Сейдімбек «Әйел – ана»
17. Шана сүйреген бала кім?
А)Кендебай В)Сырым С)Толағай Д) Абай Е)Қажымұқан
18. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Интернатта оқып жүр».B) «Қалың елім, қазағым...»C) «Әсемпаз болма әрнеге».
D) «Жасымда ғылым бар деп...» E) «Ғылым таппай мақтанба».
19. «Кеудең тола бауыр болсын,
Арқаң қара нардай жауыр болсын...» деп Сырымға айтан кім?
А) Жиренше. В) Малайсары. С)Қарашаш. Д)Жошы хан. Е)Қазыбек би
20. «Жануарым-ай,аман-есен келген екенсің ғой!Айшылық жолды алты аттап,Алатауыңа жеткен екенсің-ау!» деген сөзді айтқан кім?
А) Саяқбай шал. В) Ағыбай С) Төреқұл Д)Ержан Е) Ауыл адамдары.



Жауап парағы
№ І ІІ ІІІ ІҮ
1 А А В В
2 В А Д С
3 В С В Д
4 А Д Е А
5 Д А А С
6 Д В В В
7 В С А С
8 А В Д Е
9 Д В Е А
10 В А С А
11 А С В В
12 А С А С
13 Д Д В Д
14 А Д Д В
15 В В С А
16 Д А Е С
17 В С Д Е
18 А С А Е
19 С В Д В
20 С Д А
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.