Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ҚАЗАҚ  ӘДЕБИЕТІ  САБАҚТАРЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫ  ШЕШЕНДІК , АҚЫНДЫҚ  ӨНЕРГЕ  БАУЛУ  АРҚЫЛЫ  ҚҰЗЫРЕТТІ  ТҰЛҒА  ҚАЛЫПТАСТЫРУ -

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ШЕШЕНДІК , АҚЫНДЫҚ ӨНЕРГЕ БАУЛУ АРҚЫЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2258 | Размер: | Автор: гость
. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ШЕШЕНДІК , АҚЫНДЫҚ ӨНЕРГЕ БАУЛУ АРҚЫЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сайрам ауданы, №101 ЖОМ, қазақ тілі мұғалімдері
Абдуллаева Мавжуда Холмотовна, Юнусметова Назира Зокиржоновна

"Егер адамға балық берсең, ол бір күн тоқ болады, ал егер қармақ беріп, оны қолануды үйретсең, ол өмір бойы тоқ болады",- дейді шығыс даналығы.
Білім беру мекемесінің басты мақсаты, ҚР "Білім туралы " Заңында көрсетілгендей, оқушылардың танымдық - шағармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.Белгілі орыс педагогы В.А. Сухомлинский айтқандай : "Егер мұғалім ойлауға үйретпесе, бала білім қоймасына айналады да, қаншама білімі мол болғанымен, ол өмірде өз білімін дұрыс пайдалана алмайтындықтан , жерін айдап, дәнін сеппеген диқанға ұқсап шыға келеді".
Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз- аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттері мен ерекшеленетіні атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді.
Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу- оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту.
Бүгінгі таңда еліміздің саяси -экономикалық және әлеуметтік даму бағытын ескерсек , болашақ ұрпақ тәрбиесіне де жаңа талаптардың қойылуы заңдылық. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев " Тарих толқыныда " атты еңбегінде ұлттық тарихымыздың өткені мен бүгіні, болашағы туралы танымдық- тағылымдық құнды ой, ғылыми тұжырым жасаған. "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан " атты жолдауында оқыту мен білім берудің жаңа стандарттары жасалынып, қазіргі замманның ағымына білікті түрде ілесе алатын бәсекеге қабілетті, белсенді ұрпақ тәрбиелеу басты міндеттердің біріне айналып отыр. Бұл әрине,ұстаздардың да білім берудегі біліктілігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдауды қажет етеді. Сондай-ақ, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық Кеңестің мәжілісінде жасаған баяндамасында "Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау одан әрі дамыту ісіне кең көлемде, білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, барымыз бен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету - "Мәдени мұра" бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс" - деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты бүгінгі ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыруда халқымыздың сан ғасырлар бойы қастерлеген, сан ғасыр халық жадында сақталып, көптің талғамынан, ой елегінен өткен шешендік сөздер мен өлең жырларды оқушыларға мектеп жасынан бастап оқыту- олардың рухани - құзыретті тұлға болып қадыптасуына басты себеп бола алады.
Қазақтың шешендік сөздері- өзіндік ұлттық ерекшеліктері мен қасиеттерді бойына жинақтаған, көркем тілімен, ғибраттық сарынымен дараланған, аса бай поэтикалық тілімен ерекшеленеді. Ал, дәл қазіргі уақытта біздің қоғамымызға жан-жақты қарым - қатынас жасай білетін, ұлттық ойлау мәдениеті қалыптасқан тұлғалар қажет. Сондықтан, біз мұның негізі қазақ халқының даналықпен айтқан шешендік сөздерінде жатыр деп ойлаймын.
Қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің міндеті осы тың жатқан дүниені , даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сол арқылы руани байлығын арттыру.
Жоғарыда атап өткендей, шешендік сөздер қазақ халқының ата- бабаларынан мұра болып қалған ең асыл қазынасы. Сондықтан сол қазынаның кілті- мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, термелер мен толғаулар, шешендік сөздер , ақындардың өлең жырларындағы сырлы сөздерінде. Мен әр сабағымды поэзиямен ұштастырып, оқушыларды ақындық өнерге, сөз құдіретін түсіне білетін шешендікке баулу арқылы дұрыс сөйлеу біліктілігі мен дағдысын меңгерту,сөз төркініне мән беріп сөйлеу шығармашылығын дамытуға, жетелеуді мақсат етемін.
Қазақ әдебиеті сабағында шешендік сөздерді өткен кезде өмір тәжірибесінде пайдаланып келе жатқан билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің ( Төле би, Қазыбек би, Жиренше шешен, т.б.) аузынан шыққан дуалы , өнегелі сөздерін , толғауларын рөлге бөліп оқытып, мәні мен мағынасын жан-жақты ашу үшін пікірталас, пікір сайыстар, сахналық көріністерді ұйымдастырамын.
Сабақ барысында, оқушылар арасында "Ұйқасын тап!", "Жалғасын тап!" ойындары өте қызық өтеді. Олар әрқайсысы ұйқас табуға немесе мақалдардың жалғасын табуға тырысады. Балалардың өлең сөздің құдіретіне деген қызығушылықтары мені де қанаттандырады.Поэзия минутының "Кім жылдам?", "Кім тапқыр?" ойындары оқушыны көлемді білім алып қана қоймай, сонымен қатар әр түрлі мағлұматты өзі таба білуге, талдап, өңдеп үйренуге, ізденуге жетелейді. Оқушыны шығармашылық жұмыстарға жетелеуде мұғалімнің атқаратын рөлі үлкен. Қолына қалам алып ақын-жазушы, журналист болсам деп армандамайтын оқушы кемде -кем. Оларға ұйқас пен мағына бір-бірімен тұтасқанда ғана өлең шығатыны түсіндіремін. "Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы ",- демекші сенікі өлең емес, сене ақын шықпайды деп ықыластанған баланың сағын сындыруға болмайды. Талаптың тұлпарына мінген оқушыны өнерге баулудың, адамгершілік тәрбиелеудің қуатты құралы.
Өлең- сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиынынан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы,- деп ұлы Абай жақсы өлеңді жоғары бағалаған емес пе? Ал, енді көркем сөздің асылы- поэзия болса, біз оны қалай үйретіп жүрміз? Поэзиялық шығармаларды балаға жеткізуе өлең құдіретімен қатар , мұғалімнің сабақты өту шеберлігі болу керек деп ойлаймын. Оқушыларға шешендік, ақындық өнері туралы сөз қозғағанда ең алдымен , мұғалім күнделікті сабақ беру үдерісінде шешендік сөздерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тілге шебер, ойы орамды мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейді.
Қазіргі заман талабы жаңашылдықты, ізденімпаздықты талап етеді. Сондықтан да жоғарыда аталған "Ұйқасын тап!", "Жалғасын тап!","Кім жылдам?", "Кім тапқыр?" ойындары менің сабағымның ажырамас бөлігі десем де болады.
Сонымен, қорыта айтқанда қазақ әдебиеті сабақтарында шешендік, ақындық өнерді оқыту- оқушылардың шешендік өнердің сыр мен сымбатын, тапқырлығын бойына сіңіру арқылы сана-сезімі мен ақыл ой ұшқыр, сөз шеберлігі, дұрыс ойлау жүйесі қалыптасқан құзыретті тұлғаны қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. "Мектеп" журналы / 2012 ж, 2014ж /
2. "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" елбасы жолдауы /2007ж 28 ақпан/
3. "Мәдени мұра" бағдарламасы
4. Қазақ әдебиеті оқулығы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.