Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ елі – менің  Отаным! -

Қазақ елі – менің Отаным!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1894 | Размер: | Автор: гость
. Даткина Жанна Кенжебайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Жарық жалпы орта білім беру мектебі,
С. Сейфуллин кенті, Шет ауданы
Қарағанды облысы
Тақырыбы: Қазақ елі – менің Отаным!
Мақсаты: Қазақ елінің қалыптасуы халқымыздың басынан өткен “тар жол,тайғақ кешулерді” әңгімелей отырып еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін мақтан ету, елін, жерін сүйе білетін, ұрпақ тәрбиелеу.
С/ң көрнекілігі: Жазылған нақыл сөздер,еліміздің тарихы жайлы слайдтар
Астана суреті. Тәуелсіздік монументі.
С/ң барысы: І Тәрбие сағатының ашылуы.
1.мұғалім. Кіріспе сөз.
Құрметті оқушылар! Бүгін біз қазақ елі - менің Отаным атта тәрбие сағатымызда сіздерге Отанымыз Қазақстан туралы, қазақ елінің қалыптасуы, қазақ халқының өткен қиыншылықтары туралы мағлұмат беріледі.
Тәуелсіздік мерекесі! Иә, бұл күнге жету үшін ата – бабамыз қанын төкті, жанын берді. Бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан, ұрпаққа табыс етті.
Аминат. Қазақ халқының қалыптасуы ұзаққа созылды. Қазақ халқы үйсін, қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, дулат, арғын, оғыз, басқа да тайпалар негізінде құрылды. Олардың территориясы ортақ, шаруашылығы мен мәдениетінің даму дәрежесі жазылған өзара жақын болды және бір тілде сөйледі.
Аружан.Қазақ елінің мемлекеттілігі тарихи деректер бойынша 1456 -1457 жылдар, ол қазақтан шыққан тұңғыш тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарихи и Рашиди ” еңбегінде 1456 -1466 ж.ж: Қалыптасқан. Қалай дегенменде Қазақ елі өзі мемлекеттілігіне 5 ғасыр бұрын жеткен.
Аминат.Қазақ хандығының кіндік қазығы қағылған жер Шу бойындағы Қозыбасы, Таңбалы Нұрада қазақ рубасылары бас қосып ант берісіп әр жүз өз аймақтарын айқындаған.Қазақ хандығының негізін қалағандар Болат сұлтан мен Барақ сұлтанның ұрпақтары Керей мен Жәнібек. Қасым хан, Жәңгір хан Тәуек хандар мемлекетті нығайтуға зор үлес қосқан.
Аружан.
Айғаным. Қазақ туралы өлең оқыды.
Көрініс: Сахнада атасы, әжесі, немересі әңгімелеуде.
Немересі.
- әже, атаң ылғи сенің болашағыңды ойлаймын, өткен өмірді ойлаймын, дейді оның өткен өмірі қандай?
Әжесі; - ә балам, атаң не көрмеді дейсің?
Ата - бабамыздың тарихын айтады.
Немересі: - Ал, ол қалай болған?
Әжесі: - Ендеше, тыңда. Атаңды бір сөйлетейік.
Атасы: - Бұл тарих – сонау ерте кезде ата – бабамыздың , 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады. Ал балам тарихқа көз жүгіртейік.
Аллаберген.
- Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Елімізге жан – жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді.
Ақтабан шұбырынды , алқакөл сұлама деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы еді.
Гульшахризат.
Алыстан орыс, қытай, ауыр салмақ,
жақыннан тынышпайды жақын қалмақ.
Алдында – өр, алдында – көр, жан – жағы жау,
Дағдырған алаш енді қайда бармақ.
Ән: Елім – ай.
Жансұлтан:
Қазақ жері – көп шеккен қасіретті,
Қазақ елі – өнерлі өсіретті,
Египетті білген Бейбарыстың,
Елі текті, киелі қасиетті.
Ақерке:
Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қос сақтай ердің елі
Елі недей болмаған –жері байтақ,
Едігедей, бабырдай шерлер жері.
Анель. Асыра сілтеудің кесірі қазаққа соққы болып тиеді. Ақын – жазушы ағаларымыз жазықсыз жазаға ұшырады. Бүгінгі ұрпақ откенге бас иеді.
Диана. Қазақ халқы Ақтабан Шұбырындыдан да асқан жазудың изубетті 2 ені ғасырдан кейін көрді. Атап айтқанда 1920 – 38 жылдары қазақ халқы 3 миллиондай ұл қызынан айырды. Осы жылдары қазақ халқы 44 елге тарыдай шашылып кетті.
Аида – Айта берсе сөз таусылған ба? 1941 -45 отты жылдар тарихи естен кетпес еді. Елі, жері үшін жанын берген бауырларымыз қаншама.
Ақерке.
Санау жылы жер көкті,
Соғыс бұлты таралған
Сонда мәншүк анамыз,
Жаудан елді қорғаған.
Айғаным.
Қош айтып, оқу ойынға,
Әжесін тастап қария.
Қол бұлғап туған Ойылға,
Майданға ктті Әлия.
Ән:Ел қорғауға әзірміз
Аллаберген.
Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым
Алабыңнан арманыма нәр алдым
Тұнығымнан жүзіп іштім сендегі
Алтын арай таңғы жұпар самалын.
Сәл ұмытқан болсам мені кешірме
Қайда жүрсем өзің тұрдым есімде
Өзің тұрдың қарлы окоптан сығалап
Сонау қатаң қаһарлы жыл кешінде.
Анель.
Неткен мықты бұл қазақ!
20 –жылғы кәмпескеден
30 – жылғы аштықтан және репрессиядан
40 – жылғы алапат соғыстан
50 –жылғы сталиндік бұғаудан
70 – жылғы созылған мәңгүрттіктен қазақ халқы аман қалды.
Есенбекова Диана1986жылы тәуелсіздік жолында жастар ереуілге шықты. Кешегі дүркіреп өткен желтоқсан оқиғасы есімізде мәңгі сақталады.
Айдана.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жанған қалауы
Өздеріңдей өр қонысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкейуге жолауы!
Топпен айту.
Жас арудың жанарында желтоқсан
Қанды ғасыр табанында желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымыз.
Қара тұман қабағында желтоқсан
Жауыздықты жасқағанда желтоқсан
Жаңа ғұмыр бастаған да желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастағанда да желтоқсан.
Атасы:
- Міне , өткен өмір. Бұған да тәуба өз тәуелсіздігімізді алып, қазақ халқы егеменді ел болды. Әлемге танылды – тәба, тәуба!
Немересі:Егемендік деген не? Ата?
Аида. Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тен жұлдызы, тен күші
Егемендік деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы әсем белгісі.
Әжесі: - міне егемендік деген осы. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде тұр.
Аружан.
Тәуелсіздікке жеткеннен кейін, Ел басы, Президентіміз Н.Ә Назарбаевтың бастамасы мен тәуелсіз елдің Ата заңы, шекарасы, Елтаңбасы, Ән ұраны бекітілді қазақ деген елді әлем тани бастады.
Аллаберген. Біздің ту
Айнымайды аспаннан ,
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қойады.
Көк аспанда – қызыл күн,
Көк аспанда – жол қыран
Естігендей бізді үн
Сол жарыстың астынан.
Елтаңба. ДианаӘнұран. Ақан
Қатар шапқан қос – тұлпарӘнұраным - жасұраным
Ай астында қазақ үйАйтар әнім, сөйлер сөзім
Қалықтаған жол сұңқа, Туған жерім – сағынарым
Шарықтаған таза күй Жүрсем егер дүние кезіп
Қара шаңырақ ел күні Туа
асқақтатып тұр мұны Даламыздың, байтақ үйі
Елтаңбасы – елдігім Ол әнғой жүрегімнің
Елдің тыныш тірлігі Мын қайталап айтам мұны

Аружан, Аминат. Туған жерім:
Қазақстан – кең байтақ жерім менің ,
Қазақстан кең байтақ елім менің
Біздің ұлы отанымыз Қазақстан. 1991жылы толық тәуелсіздік алды.Елбасымыз Әбішұлы Назарбаев.
Астанамыз
Асан қайғы, Бөгенбай, Қорқыт өскен Астана,
Кенесары, Наурызбай жортып өскен Астана
Есіл, Нұра, екі өзен нәрін тосқан Астана
Ақан, Ғазиз, Біржан сал әнін тосқан Астана

Тәуелсіздікке Ән: Ақжол Астана әні
Тәуелсіздік алғаннан бері жетістіктер:
Аминат.Қазақстан Республикасым беделді халықаралық ұйымдар қолдап еліміздің Президенті жоғарғы мінбелерден елімізді танытуда. ЮНЕСКО БҰҰ, Шанхай бірлестігі, ТМД сияқты ұйымдардың беделді мүшесіне айналды.
Аружан.1993ж шілде айында Хельсинкес қаласында ЕҚЫҰ – на мүше болып 1991жылғы хаттаманы толықтырды. Солтүстік Атлантаәскери – саяси блогімен бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы аясында байланыс орнатылды.
Диана.А.1992 Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының мүшелігіне қабылданды.
14 – шілде Бөбек қайырымдылық қоры құрылды.
Анель.1993ж28 – қаңтар ҚР-ң алғашқы конституциясы қабылданды.
15-қараша ҚР-ң ұлттық волютасы теңге айналымға енді.
Мәжит.А.1994жыл ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
Айғаным.1995жыл 1 – наурыз Қазақстан халықтар Ассамблеясы құрылды.
30 – тамыз. ҚР – ның жаңа конституциясы қабылданды. Юнеско көлемінде Абайдың 150 жылдығы тойланды.
Аида.1996жыл 16 – желтоқсан Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.
Аружан.1997жыл Жаппай қуғын - сүргін еске алу жылы
??? 1998жыл Халықтар бірлігі мен ұлттар тарихы жылы. ЮНЕСКО көлемінде М.Әуезовтың 100жылдығы тойланды.
???1999жыл. Халықтар бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығы жылы.
Гульшахризат.2000 Мәдениетті қолдау жылы.
ЮНЕСКО көлемінде Жамбылдың 150 жылдығы аталып өтті.
Ақерке.2002 жыл. Денсаулық жылы. 23 қазан Түркістанда қазақтардың ІІ құрылтайы болды.
Аминат.2003-2005жылдары Ауыл жылы деп жарияланды.
2005ж 18 –ақпан ҚР – ң Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
Аружан, Аминат, 2010 Саммит
2010ж Еліміз үшін маңызды жыл, өйткені Қазақстан ЕҚЫҰ –на төрағалық ете отырып, желтоқсанның 1 – 2 де Астанада үлкен жиын өткізді, яғни ЕҚЫҰ –ның саммиті, Астанаға 56 мемлекет өкілдері бас қосты оның 33 – інен мемлекет басшылары келді, БҰҰ бас хатшысыПан ГИ МҰН, ЕҚЫҰ- ң бас хатшысы де Бришамбо, Хилори Клинбон, Д. Медведев, концлерАнгела Мергель т.б мәртебелі қонақтар келді. Бұл қазақ елінің халықаралық оренадағы беделінің зор екендігінің көрінісі.
Ұлжан. Төрелігін Нұрсұлтандай ағамның
Мықтылары мойындады жаһанның.
ту қадағам төбем шыңмен таласып,
Бейқұт, бейбіт бақ қонған жұрт атандым.

Жұлдыз біткен жерге түсіп ақшамда,
Елорданың атын жазды аспанға.
Қисайғанда қиюына келтіріп,
Кемеңгерлер ақыл табар сасқанда

Аида. Тәуелсіздік баршамызға жарық күн,
Бауырмалдық мінездеме таныттым
Ұлылығын дәлелдеді Елбасы,
Қазақ деген қаны таза халықтың.

Ғаламзаттың қалт – құлт етіп шырағы,
Иман қашты қалқандай боп құлағы.
Әлем мұқтаж игіліктің жолынжа,
Қайнап жатыр қазақы Рух бұлағы.

Ақерке. Бала демес тар өткелде тапса амал,
Қызыл тілмен талқандаған тас қамал
Қазыбектер қарақылды қақ жарып,
Он үшінде – ақ билік айта бастаған.

Аружан. Біз көшпеген жерде қорлық қалды ма,
Адам болсаң қуан енді , қалғыма!
Келіп жатыр түгел төрткүл дүние,
Төбе бидің төңкеріліп алдында.

Ұлжан. Түйе байлап , бие байлап бағына,
Кірісті ме қонақькүту қамына.
Ағалығын ағайынға көрсетіп,
Даналығын асырады тағы да.

Аминат
Бір күнім бұл, мың күніме татығаң,
Іргем бүтін, бүтіндікке шақырам.
Астананың құттықтаймын саммитің
Оңтүстіктің, Отырардын атынан!
Аминат.Қазақстан 2011 ж қаңтар айынан бастап Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етеді. Оның штаб – пәтері Шарм – Аль – Шейх қаласында, Синай түбегінде.
Атасы:Еліміздің егемендігін осылай жырлаймыз, балам
Ұмытпаңдар, айналайын ұрпағым. Елін, жерін сүйетін үлкен азамат болыңдар!
Аллаберген:
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағың қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Корсеңде көрсеңді азаппенен.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта клдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Оқушылар шығармашылығы: Қазақстан туралы шығарма, сурет, мақал – мәтелдер. Ана тілінен өткен батырлар туралы еске түсіру.
Қорытынды мұғалім сөзі: Оқушылар! біз бүгін қазақ туралы Отанымыз Қазақстан туралы, қазақ халқының басынан кешкендері жайында мағлұмат алдық. Тәуелсіздікке біз қаншама қиыншылықпен 5 жүз жылдан кейін жетіп отырмыз. Сондықтан тәуелсіздігімізді мақтан тұтуымыз керек. Еліміз көптеген елдерге танылды. Сол үшін сендер өз үлестеріңді қосуларын керек, жақсы оқып, тынбай еңбек етіп қазақ елін әлемге танытуларын керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.