Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ халқының әдеби мұралары - Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің  негізі -

Қазақ халқының әдеби мұралары - Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің негізі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1449 | Размер: | Автор: гость
. Қазақ халқының әдеби мұралары - Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің негізі
ОҚО, Шымкент қаласы
№83 жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ертаева Кәмшат Пернебайқызы

Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу - білім беру ұйымдарындағы көкейкесті мәселе болып табылатындығы ақиқат. «Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деген Елбасымыздың сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасқан, дербес мемлекет болып және өркендеп гүлденуі- мүғалімдердің еңбегіне байланысты екенін көруге болады. Жастарға патриоттоқ тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты еңбегінің «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде «... біздің балаларымыз бен немерелеріміз... бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып,қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, азат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» -деп үлкен үміт артты.
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келеді. Одан «ұлттық патриотизм», «Қазақстандық патриотизм» деген екі ұғымның туындағаны белгілі. «Қазақстандық патриотизм» деген ұғымды-педагогика гылымдарының докторы, профессор А.Құсайынов: «Қазақ елін шексіз сүю деп түсінемін», - дей келе, «Отан сүю» сезімі-халқының келешегі үшін күресумен, ол үшін аянбай еңбек етумен етене қабысып жатқан сезім, Қазақстанның келешегі үшін ақ жүрек ,адал ниетпен қандай салада болмасын өз шама-шарқы келгенше аянбай еңбек етуді мен Қазақстандық патриотизмнің бүгінгі шынайы көрінісі дер едім», - дейді. Бұл жерде Қазақстандқ патриотизм ұғымынан алыс кетпейтіні , бұл жерде өз алдына дербес мемлекетатанған іргелі елдің өз құндылықтары бар екендігі,жас ұрпақтың сол құндылықтар негізінде тәрбиеленуі қажеттігі ескеріліп отырғаны анық.
Өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан ,осы мәселе төңірегінде көп ойланам... Білім алушылар үшін Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі қазақ халқының әдеби мұраларының ролі ерекше екндігін басты назарда ұстадым.Ғасырдан-ғасырға жеткен асыл мұраларды тарқатып ,туындыларға жеке тоқталсам.
1.Батырлар жыры және көне түркі жазба ескерткіштері (Күлтегін,Тоныкөк,Білгеқаған)
«Елтеріс қағанның алғырлығы,еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді»-деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден –ақ туындап,дамып келе жптқан қасиет екендігін айқындайды.
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым...
Түркі иелігінен айырылған халықты
Ата – баба мекеніне орнатты...
-делінген, бұл жерде патриотизм –халықты көбейту, байыту үшін еңбек ету,ата-баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау екендігін көруге болады.
2. Ақын-жыраулар шығармашылығы (Бұқар, Шалкиіз, Ақтамберді, Шал ақын т.б )
Негізгі идея-халықтың береке-бірлігін, Отанға адалдығын сақтау намысты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау - қазақ халқының қасиетті борышы.
Жауға шаптым ту байлап
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлыққа,
Жалынды жүрек қан қайнап
Ел-жұртымды қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап, - деген Шал ақынның отты сөздері жас буын санасын еліне деген сүйіспеншілікке толтырары сөзсіз.
3. XIX ғасыр I жартысы. Махамбет Өтемісұлы шығармалары қазақ халқын бақытқа жеткізу,күрескерлік рух идеясының қайнар көзі.
4. XIX ғасыр I I жартысы және қазақ ағартушылары (Шоқан, Абай, Ыбырай, Шәкәрім)
Ақындар мұрасының ішінде Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым», - деп, ешкіммен жауласпай, тату-тәтті өмір сүру, ел тыныштығы бәрінен артық екендігін басты назарда ұстайды. Шоқан Уалиханов та: «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен елімді шексіз қадірлеймін»деген құнды дүние қалдырған.
5.Алашорда қайраткерлері
(А.Байтұсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай)
Өлеңдерін оқи отырып, негізгі идея – Отанға пайдалы азамат болуға,өз алдына тәуелсіз ел болуға үндеу, сауатты, салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу екендігін ұғасың.
6 .Ұлы отан соғысы тақырыбы және Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлының анықтамасы бойынша ұлттық патриотизм мыналардан тұрады:өз халқына сүйіспеншілік,өз халқымен қан жағынан байланысын сезіну екен.
Оқушыларға қай шығарманы түсіндірсем де,қорытындылау барысында Отан,ел тақырыбын қозғау-менің педогог ретінде де, Алаш азаматшасы ретінде де тікелей міндетім мен парызым деп білемін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.