Меню
Назад » » »
Қазақ халқының ерлік істері
загрузка...

загрузка...
Қызылорда облысы, Арал қаласы
№64 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Тасмамбетова Зауре Қуанбайқызы
Күні:01.09.2015
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақ халқының ерлік істері
Мақсаты:
Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін - өзі басқаруға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу.
Мұғалім: Армысыздар,құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.
Алтын күннің аспанында шырқалған,
Үзіп алып әкелгендей жыр талдан.
Қазақ елін бар биікке көтерер,
Әнұраным әсем әнге шырқалған
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні шырқалсын!
Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
Отан деген- атамекен, Отан деген- туған жер.
Отан – деген ана, пан,
Қазақстан-туған ел.
Отан- менің ата-анам,
Отан -досым, бауырым,
Отан -өлкем астанам,
Отан- аудан, ауылым.

Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен.
Бабамыз бен атамыз.
Отан –деген атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан- ана,
Отан –үлкен
Қазақстан -туған ел.
Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.
Мұғалім:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Бейне ролик. Соғыс жылдары

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Қайырмағамбетов Мақсаттың орындауында: «Жаса Қазақстан»

ІІ Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.
Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.
Мұғалім:
Хандардың қайталамай қателерін,
«Ұлт бол деген нығайтып қатарларын».
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
Ұмытпа ешқашан да баталарын.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.
Сүйініш:
Елімнің аты, жерімнің аты –
Өзіңмен биік, Республикам !
Жақсының аты, ғалымның хаты
Өзіңмен биік Республикам!
Білімді ұрпақ, білікті маман,
Беделің сенің Республикам !
Болатын балаң, ары сау адам –
Мерейің сенің, Республикам!
Бәсеке деген оңай сын емес,
Ұшпасын бағың, Республикам!
Қазақтың атын, қазақтың затын –
Тұмар ғып тағын, Республикам!
Алтын күн шуағын көк байрақ шашатын
Жатсынбай әлемге құшағын ашатын
Қазақтың төрінен нәр алған даласы
Тәуелсіз бейбіт ел мәңгіге жасасын.!
Қорытынды: «Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.»
Арманымыз орындалсын! Сәбилердің ұйқысы бұзылмасын. Келіңіз бәріміз қосылып, әлемге осы әнді салып берейік. Сау болыңыздар! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қазақ халқының ерлік істері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 238 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar