Меню
Назад » » »
Қазақ халқының көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
загрузка...

загрузка...
Өтегенов Әділхан,
«Қызылжар» жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
ОҚО, Ордасы ауданы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы жайында білім бере отырып, тақырып жайында оқушылардың түсінігін қалыптастыру. Табиғат жағдайы, көшпеліліктің дамуы жайында мәлімет беру

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын нақты , дұрыс жеткізе білуге және де өз бетінше іздену, зерттеу, салыстыра білу әдіс-тәсілдері арқылы ой өрістерін дамыта түсіп, оқушының бойында танымдық, қызығушылық, белсенділік қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін құрметтеуге, рухани байытуға үлес қоса білуге тәрбиелеу. Өз елінің болашағын ойлайтын, патриот, еңбекқор тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сөз жұмбақтар, тірек схема,
кестемен жұмыс, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, ой-қозғау, іздену, оқулықпен
жұмыс, топтық және жеке жұмыс.
Пән аралық байланыс: География, сурет, еңбек, әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.
2.Сынып тазалығына көңіл бөлу.
3.Оқушыларды екі топқа бөлу.
4.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
І-топ
ІІ-топ



І тапсырма. Кестені толтыру.
Әр топқа бір кестеден беріледі, сол кестені толтыруы қажет.


І-топ
Тас дәуірінің кезеңдері Кезеңнің хронологиялық ауқымы
Жаңалықтары
Ерте тас ғасыры(палеолит)
Орта тас ғасыры(мезолит)
Жаңа тас ғасыры(неолит)

ІІ-топ

Уақыты Еңбек құралдары Кәсіптері
Ерте тас ғасыры(палеолит)-б.з.б.2млн 500мың жылдан-12 мың жыл аралығы

Орта тас ғасыры(мезолит)- б.з.б.12-5 мыңыншы жылдықтар аралығы

Жаңа тас ғасыры(неолит) - б.з.б. 5-3 мың жылдық аралығы


2-тапсырма

Екі топқа төмендегіше жауаптары жасырылған 5 сұрақтан беріледі.

І-топ
1.Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?
Тастан
2.Адамдар дәнүккішті қай кезеңде ойлап тапты?
Неолитте
3.Екі жағынан өңделген қарапайым тас құрал қалай аталады?
Бифас
4.Егіншілік қашан пайда болды?
10 ың жыл бұрын
5.Қазақстанда қола балқыту қай кезден басталды?
4 мың жыл бұрын


ІІ-топ
1.Мұздық қашан ери бастады?
13 ың жыл бұрын
2.Ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар қалай аталды?
Микролит
3.Неолит кезеңін.... не деп атайды.
«Қыш құмыра (керамика)жасау кезеңі»
4.Андрон тайпалары сүт өнімдері мен етті қалай сақтаған?
Арнайы қазылған шұңқырларда
5.Жеке меншік қай кезде қалыптасты?
Қола дәуірінде

3-тапсырма
Екі топқа 3 сурет беріледі, сол суреттің қай дәуірге тән екенін табу керек.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы .
2. Табиғат жағдайы
3. Көшпеліліктің дамуы

Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп жайылатын жылқы мен қой санының кобеюі жайылым ауыстырып, көшіп отыруды қажет етті. Дегенмен табиғаты егіншілік пен отырықшылыққа қолайлы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығымен бірге отырықшы өмір салты, егіншілік қатар дамыды. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.Адамдар жылқыны азық ретінде де, мініс көлігі ретінде де пайдаланды. Жылқы суыққа төзімді,тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, арнайы қораның да қажеті жоқ. Түйе : жүк көлігі ретінде пайдаланады, жылдам қозғалады, сусыз, қорексіз ұзақ күнге шыдайды. Қой: көп күтімді қажет етпейді, кермек суды ішеді, су жоқ болса қар жейді, суық пен ыстыққа төзімді. Сиыр: тебіндеп жайыла алмайды, арнайы қораны қажет етеді. Еліміздің Солтүстігінде сиырды,ал Оңтүстік өңірінде қой өсіру тиімді болды. Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. Қыштан , шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл материалдармен : былғары, киіз, ағашпен алмастырды.
Көшпелілер бірте-бірте көшу кезінде жүк көлігі малдарын пайдаланды. Түйе мен атқа көшпелілер киіз үйін, киім-кешегін, үй-тұрмыстық заттарын артты. Еліміздің шөлді аудандарында шөптің 288 түрі өседі. Сиыр мен жылқы олардың 109, түйе -148, қой-167 түрін жейді. Ал 180 түрлі сортаң шөптің қой 132, сиыр 24 түрін ғана жейді.

1-тапсырма

Екі топқа төрт түлік малдың екі-екіден суреті беріледі, оқушылар сол суреттің тұсына жануарларға тән қасиеттерді жазып шығады.

І-топ







ІІ топ







2-тапсырма
Екі топқа бі-бірден сөз жұмбақ беріледі
3-тапсырма
Жаңа сабақ түсіндіріліп болған соң оқушыларға , сабақты қалай меңгергенін саралау үшін мынадай кесте беріледі.Оқушылар кестенің ішіне өз білгендерін жазады.

Көшпелі мал шаруашылығы Отырықшы мал шаруашылығы
.........................................................
.......................................................
....................................................
.....................................................

Қорытындылау.

Адамдар өмір сүру салты, шаруашылықты жүргізу тәсілдері тіршілік ортасына байланысты. Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек уйретуге жағдай жасады.Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді.Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады. Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Табын түрлерінің әр қилылығы өсімдікке байланысты.

Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?
2. Көшпелі мал шаруашылығы қалай дамыды?
3. Көшпелі мал шаруашылығы үшін ертедегі тұрғындар малдың қандай түрлерін таңдаған?
4. Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?
Бағалау
Үйге тапсырма:
1. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы тақырыбын оқу.
2. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қазақ халқының көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 337 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar