Меню
Назад » » »
Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары
загрузка...

загрузка...
Искакова Калампыр Мубараковна,
№37 Фуркат атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары

Мақсаты:
Білімділік: Қандай ұлттық мерекелер мен ойындарды білеміз, олардың пайда болу тарихы мен маңызын әңгімелеу. Қазақтардың денсаулығы, халық емшілері, атақты қазақ спортшылары жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Ұлттық мерекелер, ойындар, спорттық жарыстар туралы білімдерді игерту, ұлттық өнерге қызығушылықтарын ояту. Анализ, синтез жасап, баға беруге талпындыру.

Тәрбиелік: Ұлттық мерекелер, ойындар, спорттық жарыстарды білуге, халқының ұлттық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа білімдерді игеру сабағы.
Сабақтың әдісі: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту»
Бағдарламасының элементтерін пайдалану; Оқулықпен жұмыс, іздену, талдау, баяндау, ойын.
Көрнекіліктер: Тірек сызбалар, интербелсенді тақта, көркем суреттер
Сабақ жоспары:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру
III.Жаңа сабаққа шығу, ой-толғаныс
IV.Жаңа сабақ
V.Сергіту сәті
VI.Жаңа сабақты бекіту
VII.Рефлекция
VIII.Оқушыларды бағалау
IX.Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа керек-жарақты дайындау
II.Үй тапсырмасын тексеру
Интербелсенді тақтадағы тест тапсырмалары арқылы үй тапсырмасын тексеру
III.Жаңа сабақты ұйымдастыру
«Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымын, есте сақтау қабілетінің
деңгейін байқау мақсатында сұрақтар қою.
«Ұлт» ұғымын қалай түсінесің?
Мәдениет неше түрге бөлінеді?
Рухани мәдениет дегеніміз не?
Материалдық мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?
Салт-дәстүр деген не?
Әдет-ғұрып ұғымын қалай түсінесің
IV.Жаңа сабақ
Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз : Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары
Ұлт дегеніміз – адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық, қауымдық
бірлестігінің жоғарғы түрі.
Ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар
Адамдардың материалдық тұрмыс жағдайлары
Территориясы, экономикасы
Тілі, мәдениеті
Этникалық ерекшелігі
Ұлттық жан-күй үйлесімі үш бөліктен тұрады :
Ұлттық сезім
Ұлттық салт-дәстүрлер
Ұлттық мінез
Ұлттық салт-дәстүр, ғұрып дегеніміз әр халықтың сенім-нанымына, тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс кәсібіне байланысты қалыптасып, уақыт сынынан өтіп табиғи түрде, өздігінен бір жүйеге келтірілген, сондықтанда сақталу міндеті болып есептелген әдеттер мен ырым, кәделердің ерекше түрі. Салт-дәстүр ұлттың рухымен бірге жасасып, заман талабына сай жаңарып, өзгеріске ұшырап отырған. Нағыз мәдениетті белгілі бір ұлттың тарихи болмысы тудырады. Осы тұрғыдан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз халқымыздың ғасырлар бойы жинап, бір жүйеге келтіріген әдептілік ережелері іспеттес. Олардың қай-қайсысы да адамдарды ибалылыққа, имандылыққа, адамгершілікке жетелейтін аса маңызды тәрбие құралы.
Қазақ халқының ұлттық ойындары: аударыспақ, қыз қуу, жіліксындыру, айгөлек, көкпар, ақсүйек, күміс салу, қазақша күрес, алтыбақан, асық ойнау және т.б.
Наурыз мерекесі жайлы әңгімелеңдер, ұлттық ойындар туралы әңгіме өрбіту.
Қазақтардың денсаулығы, халық емшілері жайлы мұғалімнің әңгімесі.

V.Сергіту сәті
Сақина салу. Ортаға бір қыз бен жігіт шығады. Жиналғандар екі қолын уыстап алдына қойып отыруға тиіс. Қыз бала сақинаны әр ойыншының уысына салғандай кейіп танытып, отырғандарды жағалап өтеді. Сонан соң жігітке:
-Сақина кімде, соны тап!-дейді. Жиналған жұрт алақанын жазбай, жігітті жаңылыстыруға әрекет жасайды. Ол өз ұйғарымымен бір адамға жақындап келіп :
-Сақина сенде, соны бер!-деп сұрайды.Тапса, сақина салынған адам өз өнерін көрсетеді, онда сақина болмай шықса, жігіт айып тартады.
VI.Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:
1-тапсырма :
Атақты қазақ спортшылары жайлы не білеміз?
1. Нұрмағанбет Баймұрзаның Балуан Шолақ деп не себепті атанғанын түсіндір.
2. Азияда спортшылары жайлы әңгімелеу, бұрынғыны қазіргімен байланыстыру.
3. Спортшылар жайлы әңгімелеу.
2-тапсырма
Денсаулық туралы мақал-мәтелдердегі жоқ сөздерді табу

1. . . . жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ. (аурудың)

2. . . . батпандап кіріп, мысқалдап шығады. (ауру)

3 Тазалық . . . негізі, саулық байлық негізі. (саулық)

4. . . . ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. (ауырып)

5. Денің сау болса,. . . деме. (жарлымын)
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
б)Тарихи басқатырма: Әріптерді дұрыс қойып тақырыпқа байланысты сөздерді тап.
1) ЙКАГЕЛӨ – Айгөлек
НАСАБЙОТ – Сабан той
2) ҚАЙҮСКЕ – Ақсүйек
ҚЫМОТАҚУҒ – Тоқым қағу
3) ПКӨАРК – Көкпар
ЫМЫҚЗРҰНЫҚЫД – Қызмұрындық
4. ДАРУПСЫАҚА – Аударыспақ
УНАЫРЗ –Наурыз
5. ТЛАБЫАНАҚ – Алтыбақан
ЛІШЕДАНХА –Шілдехана

в) Жоқ әріптерді тап
Т…п – халық емшілері (Тәуіп)
С….қ – киім-кешек т.б. заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым (Сандық)
Т….қ – теріден жасалған сусын құятын ыдыc (Торсық)
О…ы – хирург (Оташы)
К….е – киіз үйдің негізі, қаңқасы(Кереге)
г)Жетпей тұрған сөздерді толықтыр
Жарақат алған адамның жарасының қанын тоқтату және жараның күшейіп, асқынып кетпеуі үшін дезинфекция ретінде оған ... ... және ... ... ... кеңінен пайдалана білген.(күл сепкен және киіз күйдіріп басқан)
VII.Рефлекция
Бұрыннан білгенім, білдім
Ұнаған жақтары:
Ұнамаған жақтары.
VIII.Оқушыларды бағалау
IX.Үй тапсырмасы

1.25 Тақырыпшаны оқып, әңгімелеу
2.«Қазақ халқының әдет-ғұрыптары» реферат жазу

Бекіту тапсырмалары Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 374 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar