Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ хандары мен билері -

Қазақ хандары мен билері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2846 | Размер: | Автор: гость
. Қостанай облысы
Аманкелді ауданы
Амантоғай орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі Бекенова Гүлназ Ақанқызы

Сынып-5
Пәні :Қазақстан тарихынан әңгімелер
Тақырыбы: Қазақ хандары мен билері

Мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының тарихындағы қазақ хандарының ел басқаруда жүргізген саясаты, елдің бірлігі үшін күрескен билер туралы түсінік беру.
Дамытушылық : тарихи қайраткерлердің тарихи ролін аша білу, өзіндік пікірін қалыптастыру, белсенділік, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: оқушыларды өз еліне , жеріне деген сүйіспеншілікке , ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: СТО элементтері
Сабақтың көрнекілігі: сайттардағы суреттер, карта, тірек-сызба.
Негізгі ұғым: қазақ хандығы, қазақ хандары, хан сайлау, «ханталапай», хандардың міндеттері мен құқықтары, билер атқаратын қызымет.
Сабақтың барысы :
І .Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Топқа бөлу:
Суреттерді топтастыру арқылы топ құру

1топ . Хандар (хандардың суреті бар балалар)
2 топ. Билер (билердің суреті бар балалар)
3 топ. Батырлар (батырлардың суреті бар балалар)

Шаттық шеңбері .
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Атқосшы мен арба әдісі (стикер арқылы сұрақ –жауап)
2. Лоторея әдіс (деңгейлік сұрақтар.3балл, 2балл, 1балл)
Жаңа сабақ жоспары:
1. Хан – ел билеушісі.
2. Қазақ хандары.
3. Ел бірлігін ойлаған қазақтың атақты билері.
4. Қорытындылау.
5. Бағалау

Адасқан әріптер арқылы тақырыпты ашу.
1топ. Қазақ хандығына 550 жыл
2 топ. Хан ел билеушісі
3 топ . Қазақ билері
Қазақ хандығының құрылуы ел тарихындағы маңызды оқиға болды. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына тек Шыңғысханның ұрпағы отыруға тиіс болды. Қазақ хандығының алдында тұрған міндеттердің бірі қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын кеңейту және Сырдария бойындағы саяси- экономикалық маңызы бар қалаларды қарату болды. Қазақ елінің билік жүйесінде батырлар мен билердің, сұлтандар мен рубасылардың, ақсақалдардың орны ерекше болды. Орта ғасырдағы Қазақ хандығының тарихында бірден- бір билеуші , хандықтың басшысы- хан еді. Аты аңызға айналған Алаша хан, хандықтың негізін қалаған Жәнібек пен Керей, хандықты іргелі елге айналдырған Қасым хан, Хақназар хан, көреген саясаткер әз- Тәуке хан, үш жүздің басын біріктірген Абылай хандардың есімі ел ауызында. Хандар өз елін, жерін құрметтеген, игі жақсыларды сыйлаған, ел үшін жауға қарсы тұрған.

«Топтастыру» статегиясы

Қазақ хандығы 1465-1847 жылдар аралығын қамтиды.
Қазақ хандары Шыңғысханның ұрпақтары

Шыңғысхан
Жошы Шағатай Үгедей
Ертістен Еділге диінгі жер
Дешті Қыпшақ
Орда Ежен
Керей мен Жәнібек
Керейдің ұрпағы Бұрындық
Жәнібектің ұрпағы Қасым
Хақназар
Тәуекел
Есім
Салқам Жәңгір
Әз Тәуке
ХІХ ғасырда қазақ жерінде Ресей империясының отарлау саясаты күшейді. Осы тұста Қазақ хандығын қалпына келтіріп, 1841 жылы хандық билікті Абылай ханның немересі Кенесары қолына алды.
ХІХ ғасырда Ресейдің Қазақстанды отарлау саясаты хандық билікті түбірімен жойды.
Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орны өте жоғары болды.
Мәтінмен жұмыс. Қазақ билері
Постер қорғау
1 топ. Төле би
2 топ. Қазыбек би
3 топ. Әйтеке би
Сабақты бекіту:
«Сұхбат немесе бос микрофон» әдісі
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге § 13 оқу мәтін соңындағы шығармашылық тапсырмаларды орындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.