Меню
Назад » » »
Қазақ хандығына 550 жыл
загрузка...

загрузка...
Жалпы білім беретін №6 орта мектептің 11 «А» сынып оқушысы Зинекенова Радмила
Қазақ хандығына 550 жыл

"Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық" – деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады. Осы яғни 2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып,
қазақтың туын көкке көтергеніне, ел байрағын жербіреткеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Тарихшылардың саралауына қарағанда, Қазақ хандығы құрылғанға дейін Ертістен Еділге дейін созылған
ұлан ғайыр далада үлкенді-кішілі саяси құрылымдар,мемлекеттер өмір сүрген.
Мұның бәрі – Қазақ хандығына дейінгі ізашар буын-бунақтар, Қазақ елі деген алып бәйтеректің өзегіне нәр берген түптамырлар, қайнар бастаулар. Сол себептен де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқыны» атты кітабында «Қазақ хандығы Орталық Азия аумағындағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет болды», – дейді.
Расында да, ұлы далада Алтын Орда ыдырағаннан кейін көптеген хандықтар, мемлекеттер пайда болды, бірақ олар өздерінің атауын көбінде билеуші әулеттердің есімімен байланысты атаса,Қазақ хандығы отанымыздың негізін қалап отырған ұлағатты ұлтымыздың атымен аталды.Өкінішке қарай, соңғы кезде кейбір көршілеріміз хабарсыздықтан немесе қасақана біздің Мемлекетіміздің бай тарихын жоққа шығарып отыр. Бұл – біздің Ұлттық тәуелсіздігімізге күмән келтіру деп санаймыз. Осыған жол бермеу үшін, біз, таласып-дауласпай мемлекетіміздің терең тамырын бүкіл әлемге ашық көрсетуіміз керек.Қазақ елі мен қазіргі тәуелсіз Қазақстан халқы аспаннан түскен жоқ және ата-тегін білмейтін мәңгүрт емес. Мемлекетіміздің, халқымыздың терең ежелгі тарихы бар. Қазақстан – қазақтың ата-бабаларынан қалған өзіміздің жер, халқымыздың тарихи ата-мекені. Бірақ, бай тарихымызды өзіміз ғана емес, алыс-жақын
көршілерімізге де көрсете және сіңдіре білуіміз қажет. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қазақ хандығына 550 жыл можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 338 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar