Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ хандығының құрылуы. -

Қазақ хандығының құрылуы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1494 | Размер: | Автор: Публикатор
. Мақтарал ауданы, Ж.Нұрлыбаев атындағы жом тарих пәні мұғалімі
Жаманқараева Эмина Мамырхановна
7-сынып
Қазақ хандығының құрылуы.
Сабақтың мақсаты:
1.Қазақ хандығының құрылуын талдау,қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау.
2.Оқушылардың логикалық ойлау,шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру.
3.Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанан,елін жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ойын элементтері, « Алтын қақпа»
Көрнекілігі: карта, суреттер, сызба-нұсқалар
ІСабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақты меңгерту
ІҮ Қорытындылау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. « Алтын қақпа» ойыны
Тас қақпа Күміс қақпа Алтын қақпа
« Хандар» тобына Материалдық мәдениет дегеніміз не? Қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарған ру-тайпалар? Әбілқайыр хандығының әлсіреу себебі?
«Батырлар» тобына ХІҮ ғ сәулет өнерінің ескерткіштері? «Қазақ» сөзі қай ғасырда этникалық мағынаға ие бола бастады? Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
«Билер» тобына Шыңғысханның ұлыстары? Қожа Ахмет Йассауи кесенесін кім және қандай мақсатпен салдырды ? ХV ғасырда қандай мемлекеттер өмір сүрді?

ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақ халқының құрамындағы тайпалар
Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан сияқты тағы басқа да хандықтардың саяси билігінде бытырап жүрді.Әртүрлі хандықтардың қарамағыда болуына қарамастан, олардың барлығы біріңғай түрік тілінде сөйледі. Әдет-ғұрып, салт-саналары, діни наным-сенімдері ұқсас болды.
Қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы Қазақстанның саяси жағдайы.
ХҮ ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу аймағында Моғол хандығы,Сыр бойы,Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы өмір сүрген. Олар жермен билік үшін бір-бірімен соғысып жатты.Оған қоса Әмір Темірдің ұрпақтары да қазақ жеріне шабуылдар жасап, жағдай мүлде нашарлады.
Қазақ мемлекетінің құрылуының басты себебі
1428 жылы Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза табуы Ақ Орданың саяси жағдайын мүлде әлсіретеді.Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бірнеше ұлыс, дербес хандықтар пайда болды. Мұндай саяси бытыраңқылық біртұтас мемлекеттің қажет екендігін көрсетті.
Қазақстандағы ру-тайпалардың орналасуы мен қазақ халқының қалыптасуы
Қазақстандағы ру-тайпалар басты үш аймаққа шоғырланды. Шығыс Дешті Қыпшақпен Жетісу аймағы, Оңтүстік Қазақстанның Түркістан аймағында орналасты. Бұл жағдай қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне,халықтың ұзаққа созылған қалыптасу барысының іс жүзінде аяқталуына жеткізді.
Экономикалық жағдайы
Қазақстанда өмір сүрген ру-тайпалар сонау қола дәуірі кезінен бақташылық мал өсіру және теселі жер өңдеумен айналысқан.Түркістан аймағындағы қалалардың Орта Азияның атақты Самарқан, Бұқара, Хорезм сияқты қалалармен байланыстары олардың экономиялық дамуына үлкен әсерін тигізген. Шығыс пен Батысты байланыстырып жатқан Ұлы Жібек жолының бойында да жеріміздегі ру-тайпалардың экономикалық және мәдени жағынан дамуына зор ықпал еткен.
Қазақұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш қуаты әлсіреп,күйреу дәрежесіне жетті.Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар толастамады. Қазақ тайпалары мен рулар мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ хандығының ұлттық туын тігіп ,1465-1466жылдары Қазақ хандығын құрды.
ІҮ.Бекіту кезеңінің сұрақтары;
1. ВЕН диаграммасы
« Хандар» тобы Керей мен Жәнібекті Н.Ә.Назарбаевпен салыстырады.
« Билер» тобы Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады.
« Батырлар»тобы Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыстырады.
2.Математикалық ойын
4000/2-532= (Әбілқаыр ханның қайтыс болған жыл )
3800/2+91= (ҚР Тәуелсіздік алған жыл
2800+105-1500 = (Әмір Тімірдің қайтыс болған жыл)
728х2+0 = (Қазақ хандығының құрылған жылы)
400х3+148= (Моғолстанның құрылған жылы)
500х2+395 = (Тоқтамыс пен Темірдің шешуші шайқасы)
ІҮ.Қорытындылау
Біз үшін қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға.Қазіргі өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы.
ҮІ. Үйге тапсырма; Керей мен Жәнібек туралы реферат жазу.
ҮІІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.