Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ  хандығының құрылуы -

Қазақ хандығының құрылуы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1174 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;
2. Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
3. Қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайреткерлерінің еңбегін бағалауға, патриотизмге, өз Отанын, елін-жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс
Көрнекілігі: видеопроектр, карта, суреттер, сызба-нұсқалар
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты 3 топқа бөлу.
І топ. «Хандар»
ІІ топ. «Батырлар»
ІІІ топ. «Билер»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Алтын қақпа» ойыны
Тас қақпаның сұрағы: Күміс қақпа Алтын қақпа
«Хандар» тобына Рухани мәдениетке не жатады? Қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарған ру-тайпалар? Әбілқайыр хандығының әлсіреу себебі?
«Батырлар» тобына ХІҮ ғ. сәулет өнерінің ескерткіштері? «Қазақ» сөзі қай ғасырда этникалық мағынаға ие бола бастады? Қазақ хандығының құрылуына қандай факторлар әсер етті?
«Билер» тобына Шыңғысханның ұлыстары? Қожа Ахмет Иассауи кесенесін кім және қандай мақсатпен салдырды? ХҮ ғасырда қандай мемлекеттер өмір сүрді?

ІІІ. Жаңа сабақ
1466 жылы Жәнібек пен Керей Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының негізін қалады.
Шыңғыс хан – Жошы хан – Тоқай Темір - Өз Темір – Қожа – Бәдіғұл – Орыс хан

Тоқтақия
Болат Құйыршық
Керей Жәнібек


Топтарға тапсырма беру.
І топ. «Хандар»
Қазақ хандығының құрылу процесі ІІ топ. «Батырлар»
Қазақ хандығының аумағы мен халқы ІІІ топ. «Билер»
Қазақ хандығының сыртқы саясаты

ІҮ. Бекіту кезеңінің сұрақтары:
1. Венн диаграммасы
«Хандар» тобы:
Керей мен Жәнібек хандарды Елбасымыз Н.Назарбаевпен салыстырады.
«Батырлар» тобы:
Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады
«Билер» тобы:
Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыстырады.
Математикалық ойын
4000/2-532 = (Әбілқайыр ханның қайтыс болған жылы)
400х3+148 = (Монғолстанның құрылған жылы)
2800+105-1500 = (Әмір Темірдің қайтыс болған жылы)
728х2+0 = (Қазақ хандығының құрылған жылы)
4000+221-3000= (Шыңғыханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы)
500х2+395 = (Тоқтамыс пен Темірдің шешуші шайқасы)
3800/2-91= (ҚР –ның Тәуелсіздік алған жылы)
Ү. Қорытындылау
Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Ол қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу - баршамыздың парызымыз.

ІҮ. Үйге 1. Қазақ хандығының құрылуы процесін сызбаға түсіру.
2. Атластағы кескін карта тапсырмасын орындау
3. Керей мен Жәнібек хандар туралы реферат жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.