Меню
Назад » » »
Қазақ хандығының құрылуы
загрузка...

загрузка...
Мамбетова Үрзада Дүйсенбекқызы,
№ 95 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы


Мақсаты:
• Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, себептері, мақсаттарымен таныстыра отырып, Әбілқайырдың озбырлығы, Қазақ хандығының құрылуына ықпалын ашып көрсету.
• Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында жаңа сабақтың мазмұнын дамыта отырып, тарихи оқиғаларды, фактілерді салыстырып, талдауға үйрету, білім алуға құштарлығын дамыту.

Күтілетін нәтиже:
• Өз ойын нақты жеткізу
• Сөздік қорын дамыту
• Метатану қабілетін қалыптастыру

Сілтеме:
• Қазақстан тарихы
• Интернет
• Әдістемелік құрал

Негізгі идеялар:
Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Дереккөздер, жабдықтар:
Интербелсенді тақта, суреттер, қарындаштар, постерлер.

Пәнаралық байланыс.
Дүниежүзі тарихы, әдебиет, сызу, музыка.

Оқыту технологиясы:
Сын тұрғысынан ойлау, көшбасшылық, бағалау, жаңа әдіс-тәсілдер.

Тапсырмалар: 1. Топтық жұмыс
2. Кестемен жұмыс
3. Кім жылдам ойыны
Сабақ құрылымы:

1. Ой қозғау:
А).Кіріспе (сабақ мақсатын айқындау)
Ә).Топқа бөліну: І топ: Әбілқайыр
ІІ топ: Есенбұға
ІІІ топ: Керей
Конверт ішінен аталған хандар өміріне қатысты мәліметтерді анықтай отырып оқушылар үш топқа бөлінеді
Б). Мотивациясын ояту:
Қазақ ауылдарының Керей мен Жәнібектің тобына қосылуы жайында «Ұлы дала дүбірі» атты фильмін көрсету.

Психологиялық дайындық: Топ мүшелерінің бір-біріне сәттілік тілегі
2. Мағынаны тану:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
-Оқулықпен жұмыс жасауға уақыт беру
1-тапсырма:
1-топ: Қазақ хандығының құрылуы
2-топ: Ұлы көштің басталуы
3-топ:Көрші елдермен қарым- қатынасы
Оқушылар тапсырмаларды орындау кезінде «Үш қоңыр» әні жай ғана қосылады.

Оқушылардың іс-әрекеті:
Топ мүшелері берілген тапсырмалар бойынша постерде жұмыс жасайды:

2-тапсырма:
1-топ: Хандар кестесі
2-топ: Қазақ хандығының басқару жүйесі
3-топ: Сәйкестендіру кестесі

І топ тапсырмасы


ІІ топ: Қазақ хандығының басқару жүйесі:

Сатылары Басқарудың ұлттық жүйесі Басқарудың түрлері Басшысы Басшының негізгі қасиеттері
1 Ауыл Туыстас, қандас, жақын адамнан немесе бірнеше отбасыдан Ауылбасы Білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты
2 Ата-аймақ Жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан Ақсақал Жоғары мәртебеге ие, жасы келген
3 Ру 10 немесе 15 аймақтан Рубасы Көпті көрген, мол тәжірибелі, білікті, білгір
4 Арыс Бірнеше рудан Би Әділ, шешен, ақыл-кеңес бере алатын
5 Ұлыс Бірнеше арыстан Сұлтан Ақсүйектер әулетінен
6 Жүз Бірнеше ұлыстан Хан Тек қана хандар әулетінен
7 Хандық Үш жүзден Қаған (ұлы хан, хандардың ханы) Ақсүйек шонжарлар

ІІІ топ: Сәйкестендіру кестесі

1
М.Х.Дулати


«Тарих»
2
Қ.Қ.Жалайри


«Шыңғыснама»
3
Шах-Махмұт Шорас

«Тарих- и Рашиди»
4
Өтеміс хан

«Жылнамалар жинағы»

3-тапсырма: «Кім жылдам» ойыны
3 топ мұщелері «Кім жылдам» ойынын бастамас бұрын ойын шартымен мұғалім таныстырады.
Сұраққа жылдам жауап беру арқылы киіз үй бөліктерін құрастыру.

Сұрақтар:
1. Қазақ хандығының құрылуы қай сұлтандардың есімдерімен аталады?
2. Керей мен Жәнібек Әбілқайырдан бөліну себебі неде?
3. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы кімнің дерегі бойынша есептеледі?
4. Күнтізбе қазақтарға не үшін керек болды?
5. ХV ғасырдың басында қандай тарихи оқиға болды?
6. Әбілқайыр ханның үстемдігіне наразы болған қазақ тайпалары қай жаққа қоныс аударған?
7. Моғолстан ханына қазақ сұлтандары не үшін керек болды?
8. Моғолстан ханы Есенбұға Керей мен Жәнібекке Моғолстанның қай бөлігінен жер бөліп берді?
9. ХV ғасырдың соңында 50-70 жж. Әбілқайыр ханның қол астынан қанша адам көшті?
10. ХV ғасырдың аяғында қазақ хандығының экономикасы?
11. Қазақ хандығының құрамына келіп қосылған тайпалардың алғашқы атауы?
12. Моғолстан ханы Есенбұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды не себепті құшақ жая қарсы алды?
13. Қазақ хандығын нығайту мақсатында Қасым хан қандай шаралар жүргізді?
14. Хақназар хан билігі тұсында көрші елдердегі саяси жағдай қандай еді?
15. Халық «Кіші Жәнібек» атаған ханның есімі кім?

3-Толғаныс бөлімі:

4- тапсырма: Бекіту:
Қазақ хандығының негізін салушы Керей мен Жәнібек және Кенесары Қасымұлы, ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаевты салыстыра отырып сабақты бекіту.

5- тапсырма: Пысықтау:

Қазақ хандығының 550 жыл толуы, Қазақстан Ассамблеясына 20 жыл толуы және биылғы жылды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Ассамблеясы жылы» деп атауы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. ҚР- ның Конституциясына 20 жыл толуына байланысты атап өту. Осы аталмыш оқиғаларды мерейлі мерекелерге ұластырып, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты ерекше атап өтуіміз керек.

Үйге тапсырма: § 34. Оқып, Қазақ хандығының шаңырақ көтеруі туралы қосымша мәлімет жинап келу.

Оқушылардың білімін бағалау.

Кері байланыс жасау.
Ендеше, елімізді мақтан ете отырып, сабағымызды ҚР мемлекеттік Ән ұранымен аяқтайық.
«Өз ұлтын сыйламау, оны мақтан етпеу- сатқындықтың белгісі»,- деген Б.Момышұлының даналық сөзін басшылыққа ала отырып, бүгінгі сабағымды аяқтаймын.

Мәңгілік ел - Қазақстан жасасын!
Көк туымыз биік, тұғырлы болсын!
Алға Қазақстан!
Сау болыңыздар! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қазақ хандығының құрылуы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 343 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar