Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан композиторларының халық аспаптары оркестріне арналған шығармалары. -

Қазақстан композиторларының халық аспаптары оркестріне арналған шығармалары.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1498 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы
Шет ауданы
С.Сейфуллин кенті
Жарық жалпы орта білім беру мектебі
Музыка пәні мұғалімі
Шырынбекова Ұмсындық Амантаевна
Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақстан композиторларының халық аспаптары оркестріне арналған шығармалары.
Сабақтың максаты:
Білімділік:Оқушылардың күйшілік өнердің ірі-ірі өкілдері дүл-дүл күйшілердің өмірі, оркестрде орындаған күйлерін тыңдау арқылы білімін тексеру.
Тәрбиелік: Ұлттық музыканың рухани қадір-қасиетін таныту,музыкасы арқылы отаншылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оркестрге арналған музыкалар туралы қосымша мәліметтер, оркестрмен жұмыс ,музыкалық сауатын әртүрлі оркестр туралы толық мағлұмат беру, музыкалық танымын дамыту.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ән-күй, музыка тыңдау, тесттік жұмыс.
Көрнекілік: Композиторлар портреттері. Үнтаспа музыкалық аспап.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амалдасу (үш дыбыстылық).
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
І топ: Симфониялық оркестр

ІІ топ: Халық аспаптар оркестрі
Екі топ өздерін өлең шумағымен таныстырады.

Симфониялық оркестр
Қайырлы күн, құрметті көрерменім,
Жасайық операның гүл өрнегін.
Сайыста симфония оркестрі,
Танытып, паш етсін өз өнерін

Халық аспаптар оркестрі
Халық аспаптар оркестрі өзгеден мығым шығар,
Бүгінгі сайыста өнер мен білім сынар.
Өнер сүйер қауымым, сәт тілеңіз!
Мәреге халық аспаптар оркестрі бұрын шығар!

Мұғалім сөзі:
Өнерпаз өнерлерін салыстырып
Сайыста, жарыстырып, шабыстырып
Әділдік пен баршаға баға берер
Жіберейін қазыларды таныстырып.

Қазылар арқасы таныстырылады.
ІІ.Ойын шарттары:
Ойын төрт кезеңнен тұрады:
1.Ширатуға арналған сұрақтар.
2. Тапсырмалар (тақтаған екі топқа арналған тапсырма беріледі).
3. Жүйрік болсаң, озып көр (екі топ бір-біріне сұрақ қояды).
4.Өнерлі өрге жүзер (бұл турда барлық топ мүшелері қатысып, өз тобына ұпай жинайды).

І тапсырма. Ширату.
Симфониялық оркестр
1.Симфония дегеніміз не?
2.Моцарт деген кім?
3.Бетховен деген кім?
4.Бетховен мен Моцарттың шығармасын ата?
5.Үнтаспада берілген музыка кімдікі? Қалай аталады?( бірнеше музыка қойылады)
6.Екі композитордың музыкасының шығу тарихын айтып бер.
7.Симфониялық оркестрдің аспаптарын ата.

Халық аспаптар оркестрі
1.Күй дегеніміз не?
2.Құрманғазы деген кім?
3.Дина деген кім?
4.Екі күйшінің шығармаларын ата?
5.Үнтаспадағы күй кімдікі? Қалай аталады?
6.Екі композитордың күйінің шығу тарихын айтып бер?
7.Халық аспаптар оркестірінің аспабын ата?

ІІ тапсырма. Музыкалық сауат, музыкалық термин.
1. Фермата дегеніміз не? Өз оркестріңе көрсет
2. Пауза дегеніміз не? оркестрмен жұмыс жаса
3. Дирижер дегеніміз кім? Дирижер оркестрмен жұмыс жасайды
4. Оркестрмен пиано форте дыбысын орында
ІІІ тапсырма. Өнерлі өрге жүзер.
1.Фонограмма қойылады. Топпен немесе жеке дауыста әнді орындап шығу керек.
2.Тесттік жұмыс.
ІV тапсырма. «Жүйрік болсаң, озып көр».
Симфониялық оркестрге
1.Моцарт неше жасынан бастапайна музыкамен айналысты?
а)3
б)10
в)15
2.Бетховеннің шығармасы қайсы екенін тап?
а)К Элизе
б)Аққу көлі
в)Спартак

3.Симфониялық оркестде орындалатын аспап?
а) гитара
б)скрипка
в)домбыра

Халық аспаптар оркестрі
1.Дина күйшілік өнерді неше жасынан меңгерген?
а)13
б)15
в)9

2.Динаның күйін тап
а) Сарыарқа
б)Тойбастар
в)Аққу

3.Халық аспаптар оркестірінде орындалатын аспап?
а)габой
б)пианино
в)қобыз
Бағалау: Қазылар қолындағы бағалау қағазында көрсетілген тапсырманы орындағандары бойынша жеңімпаз топ анықталады.
Қорытындылау: Мұғалім сабақты қорытындылап, жеңімпаз топ марапатталады, естелік ретінде оқушылармен фотоға түседі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.