Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан Республикасы -

Қазақстан Республикасы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1518 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Османова Нигара Авазхановна
ОҚО, Сайрам ауданы, С.Рустемов атындағы жом тарих пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы, «Тәуелсіздік» ұғымы туралы, бүгінгі Қазақстанның даму барысы туралы білім беру, өз елін танып-білуге көмектесу.
• Дамытушылық: оқушылардың өз елі, Отаны туралы түсініктерін тереңдетіп, алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру, өз беттерінше ойлау қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: тақырыпты оқыта отырып қызығушылықтарын арттыру, Отанына, өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: дәстүрлі сабақ
Пән аралық байланыс: адам, қоғам,құқық, география.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының саяси картасы
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жарияланды.Қазақстан Республикасы — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.
Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі.
Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.
Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр.Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Пайдалы қазбалар Әлемде алатын орны
1. Вольфрам 1
2. Хромит 2
3. Фосфор 2
4. Минералдык қор 6
5. Мұнай 12


Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
6-шілде –әсем Астананың туған күні. Бүгінде Елбасы десек Астана, Астана десек Елбасы ойға оралып, нұрлы, бейбіт, бақытты күндеріміз алтын сәулесін шашады. Астана арқылы жаңа Қазақстан өзінің жаңа отауын тікті.


“Астана - Бәйтерек” кешені -керемет құрылыс Астананың қасиетті белгісі болып табылады. 97 метр биіктікте көрініс алаңы орналасқан, сол құс ұшатын ұядай жерден бой көтеріп келе жатқан Астананың көрінісін көре аласыздар.
Елбасы Қазақстанның «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол!» Жолдауында басты бағыттарды айқындап берді. «Мәңгілік ел» атауы ежелден славяндар мен түркілерге түгел таныс. Ол алғаш Тоныкөк деген бабамыздың аузынан шыққан болатын. Біздің жырауларымыздың да аузынан шыққан. Бұл енді ізгі тілек қой. Мына мемлекетіміз мәңгі болсын, еліміз мәңгі болсын, тіліміз өшпесін, халқымыз өшпесін, ұзағынан болсын барлығы деген сөз. Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес.


Қорытынды:бүгінгі Қазақстан жайында оқушылардың пікірін ортаға салу. Онда мыналарды негізге аламын.
- Экономиқалық дамуы.
- Мәдени жағдайы.
- Сыртқы саясаты.
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Мәңгілік Ел» идеясына әңгіме жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.