Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан Республикасының Елордасы, бас қала –  Астана -

Қазақстан Республикасының Елордасы, бас қала – Астана

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2656 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Темирбеков Усербек Кудайбергенович
Мақтарал ауданы, Ю.Гагарин атындағы жом тарих пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Елордасы, бас қала – Астана
Мақсаты: Еліміздің елордасы- Астана қаласының тарихын таныстыру.
2) Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту.
3) Отансүйгіштікке, елді қорғауға, Отанымыз Қазақстанды көркейтуге үлес қосуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының әкімшілік-саяси картасы, буклеттер, Астана қаласының суреттері, кітап көрмесі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты сұрау
Жаңа сабақ.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар, Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өзінің туған жері, өлкесі, Отанын біліп, қастер тутуы тиіс.
- Біз, Астана туралы біз не білеміз?
Астанам – бағы биік асқарымсың,
Астанам – мәңгі жарық аспанымсың,
Астанам – пейіш қала, ел арманы,
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым.
Астанам шапағаттың шуағындай,
Астанам махаббаттың тұрағындай.
Астанам – періштелер мекенісің,
Астанам Қазақстан тұмарындай – деп ақынжар жырына қосқан астана қаласы – Қазақстан Республикасының Астанасы.
Ежелден еркіндік аңсаған біздің бабаларымыздың ең асыл мұраты еңселі болу еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт – азаттық көтеріліске шыққаны – осының дәлелі. Осыдан жиырма жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – елі мен жерін қанымен, терімен суарған ата – бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі. Осыдан жиырма жыл бұрын біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық, дүниеде «Қазақстан Республикасы» деген жаңа мемлекет пайда болды. Тәуелсіздік туралы жарлық жарияланысымен- ақ дүние жүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады. Бұл күнде Қазақстан - әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел.
Әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады. Сондай кезең - астанамыздың Сарыарқа төріне көшірілуі. Астаналарды көшіру кез-келген мемлекеттің өмірінде әрдайым айрықша тарихи кезең болып есептеледі. Астана арқылы жаңа Қазақстан өзінің жаңа отауын тікті. Астана – тәуелсіздік перзенті, Астана – жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі, Астана – дүниежүзілік сахнада бейбітшілік пен келісім ордасы. Астана – қазақтың айшығы, қазақтың арманы, қазақтың мақтанышы. Астананы Алатау бауырынан Сарыарқаға көшіріп, аз уақытың ішінде қала тұрғызу – Елбасымыздың көрегендігі, ұшқыр саяси шешімі, ерен еңбегі. Бұл шахарда ЕҚЫҰ саммиті, Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы, діни форумдар, басқа да алқал бас қосулардың өтіп жатуы - қазақтың Астанасын күллі әлем мойындаған. Астананың бой көтергеніне аз уақыт өтсе де, жас қала күннен күнге құлпырып, қанатын кең жайып келеді.
6-шілде –біздің еліміздегі мереке күндерінің бірі.
Бұл - әсем Астананың туған күні. Бүгінде Елбасы десек Астана, Астана десек Елбасы ойға оралып, нұрлы, бейбіт, бақытты күндеріміз алтын сәулесін шашады.
Астана арқылы жаңа Қазақстан өзінің жаңа отауын тікті.


Қорытындылауға арналған тапсырмалар:
1. Кеспе карточкадағы сұрақтарға жауап беру:
- Қазақстан мемлекеті осы уақытқа дейін неше рет астанасын ауыстырды? (4 рет)
- Қай жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып жарияланды? (1997 жылы 6-мамырда)
- Астана қаласының тұрғындарының саны қазіргі кезде қанша адамға жетті? (1миллион адамға)
- Астана қаласының бас жоспарын алғаш рет құрған әйгілі жапон сәулетшісі кім?(Кисе Куракова)
- Хан шатыры сауда және ойын-сауық орталығы жобасының авторы кім? (Ағылшындық Норман Фостер)
- Астанадағы ең басты қатынас жолы қалай аталады? (Республика даңғылы)
- Қазақстанның картасы тәрізді парк қалай аталады? (Атамекен)
Картамен жұмыс:
Астанамыз қай жерде орналасқан?
Үйге тапсырма: Оқу. Астана туралы тарихи деректермен танысу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.