Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан Республикасының  Конституциялық құрылымының негіздері. -

Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2366 | Размер: | Автор: гость
. Шойбекова Айнур Сапарбаевна,
«Дәуір» жалпы орта мектебі» тарих пәнінің мұғалімі.
ОҚО, Мақтарал ауданы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылымы мен мазмұны туралы мағлұмат беру,Ата заңның өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.
Тәрбиелік: қоғамдық заңдар мен нормаларын орындауға, құрметтеуге тәрбиелеу, құқықтық сауаттылыққа баулу.
Дамытушылық: құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту, саяси жадыларын жаңғырту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: оқушылар ойша саяхат жасайды. Кітаптың мәтінімен жұмыс істейді, жаңа терминдерді дәптерге түсіреді, сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар,слайдтар, постер, стикер т.б
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Адам үшін ең қымбат не? Ойын. «Сиқырлы жіп» Мұғалім бірінші оқушыға жіпше лақтырады «Бұл сиқырлы жіпше, ол шұбатылып, бізді байланыстырады. Осы жіп – өмір». Жіп қолға түскен оқушы өмірдің қандай болып көретінін бір-екі сөзбен айту керек, бүкіл сыныпты айналып келіп мұғалімнің қолына оралады. Өмір жібі үзілмеуі және оралып қалмауы керек. Өмірді қайта сүре алмаймыз!
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. &24 Құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік.
Әр топқа 3 сұрақтан беріледі
1-топқа
1. Құқықбұзушылық деген не?
2. ҚР қылмысқа қатысты заң қалай аталады?
3. Жазаны қандай мақсаттарда тағайындайды?
2-топқа
1. Кәмелетке толмағандар құқықтық жауапкершіліке тартыла ма?
2. Жазаның қандай түрлері бар?
3. Азаматтардың заңда белгіленген талаптарды сақтамауы жауапкершіліктен босата ма?
3-топқа
1. Азаматтық құқықтық жауапкершілік дегеніміз не?
2. Кәмелетке толмағандарға қылмыстық жазаның қандай түрлері қолдынылады?
3. ҚР құқық қорғау органдарын ата?
«Тәртіп орнат»
1 Құқық А Еліміздің негізгі заңы
2 Мемлекет Ә Мемлекет басшысы
3 Конституция Б Тәуелсіздік
4 Азамат В Заңдар жүйесі
5 Құқықбұзушылық Г Негізгі саяси қоғамдық ұйым
6 Президент Ғ Құқығы бар ел тұрғыны
7 Парламент Д Жалпы халықтық дауыс беру
8 Егемендік Е Мемлкеттік құрылым
9 Унитарлы Ж Заң жүйесін бұзу
10 Референдум З Заң шығаушы орган
Дұрыс жауабы.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
В Г А Ғ Ж Ә З Б Е Д
Үй жұмысын талқылау:
«Жаза мен қылмыс»
1. Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па?Неге?
2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімді не өз санасы.
3. Қылмыс жасағандарға қоғам кінәлі ме?
4. Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасыңыз қандай?
5. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыздар?
6. Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?
7. Құқықбұзушылық ауыр қылмыс па?
8. Жаза ауырлығына байланысты нешеге бөлінеді?
Жаңа сабақ: &25 Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері.
1. Конституция –мемлекеттің негізгі заңы.
2. 1993-1995ж.ж. Конституция.
3. ҚР Конституциясының құрылымы мен мазмұны.
Оқушылырға оқулықтарын аштырып, тақырыпшаларды әр топқа бөліп беріп, 8 мин оқуға беремін. Әр топ өз тақырыпшаларын баяндап қорғап шығады.
Слайд арқылы Алаш жарғысы мен Конституцияны салыстыру.
№ Алаш жарғысы бөлім Конституция
1 Мемлекет қалпы 1 Жалпы ереже
2 Жергілікті бостандық 2 Адам және азамат
3 Негізгі құқық 3 Президент
4 Дін ісі 4 Парламант
5 Билік пен сот 5 Үкімет
6 Ел қорғау 6 Конституциялық кеңес
7 Салық 7 Сот және сот төрелігі
8 Жұмысшылар 8 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
9 Ғылым-білім саласы 9 Қорытынды өтпелі ережелер
10 Жер мәселесі
Сабақты пысықтау:
«Конституцияңды білесің бе?»
№ сұрақтар жауап
1 Мемлекет билігінің қайнар көзі? Халық (3-бап)
2 ҚР мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? 1992 жыл
3 ҚР азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқығы бар ма? жоқ (10-бап)
4 ҚР өзін демократиялық,зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады...деп нешінші бапта жазылған? 1-бап
5 ҚР мемлекеттік тілі? қазақ тілі (7-бап)
6 ҚР заң шығарушы жоғырғы орган қалай аталады? Парлмент (49-бап)
7 Конституция сөзі қандай мағына береді? латын (құрылым,өкім)
8 Жаңа конституция қашан қабалданды? 1995жыл 30тамыз
9 Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса ала ма? жоқ (43-бап)
10 Мәжілісте қанша депутат болады? 107 (50)
11 Конституцияның 6-бөлімі қалай аталады? Коституциялық кеңес
12 Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім? премьер-министр
(67-бап)
13 Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең? 15-бап
14 Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын... хақылы деп қай бапта айтылған? 19-бап
15 Парламенттің жоғарғы палатасы қалай аталады? сенат (50- бап)
16 ҚР Конституциясына неше жыл? 20 жыл
Слайд. Н.Ә.Назарбаевтың халыққа ант беруі.
Сабақты қорытындылау:
«Тарих сөйлейді»
№ атауы мазмұны
1 Дала заңдары VI-VIIғ. Түрік заңы «Туру»
Х-ХІғ. Қыпшақ заңы «Кодекс куманикус»
2 Қазақ хандары тұсындағы заңдар ХVIғ. «Қасым ханның қасқа жолы»
«Есім ханның ескі жолы»
«Тәуке ханның жеті жарғысы»
3 Дін Хадистер
4 Алаш жарғысы 10 бап
5 Қазақ АКСР 1978 жыл
6 ҚР Конституциясы 1993жыл, 1995жыл.
Мұғалім сабақты қорытындылады: Заңды сауатты білген адам, парасатты, турашыл да батыл болса, заңды білмеген адам жағымпаз, жасқаншақ, екіжүзді, қорқақ болады. Адам баласы заңды білу үшін біреудің күш қолдануынан сақтануы керек, өйкені ол өз еңбегіңмен келеді. Ата-заң бізге қызмет етеді. Ал біз елге қызмет етуге тиіспіз, өйткені мемлекет дегеніміз-біз боламыз.
Бағалау: Әр топқа бағалау парақшалары беріліп, өзара баға қояды. Оқушылардың өздері бағалаған кейін, төмен баға алған оқушыларды мұғалім көтермелеу бағасын қояды. Оқушының ынтасын көтеру үшін.
Үйге тапсырма:
ҚР Конституциясын оқып шығу.
ҚР азаматтарының міндеттері қай баптарда жазылғанын дәптерге жазу.
«ҚР Конституциясына-20 жыл» тақырыбында эссе жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.