Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстандағы елді индустрияландыру -

Қазақстандағы елді индустрияландыру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1896 | Размер: | Автор: гость
. И.Абдикаримов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжнің тарих пәнінің оқытушысы Нурпейсова Алия

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы елді индустрияландыру
Мақсаты:а)білім беру-1920-1930жылдары Қазақстанда жүргізілген
индустрияландыру саясатының қиыншылықтары,
жетістіктері және қазіргіҚазақстанның мұнай
өндірісінің дамуы,тасымалдануы туралы
білім беру.
ә) тәрбие беру-өз елінің тарихын біле отырып,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
б) ой – өрісін дамыту – оқушының ой – өрісін, кәсіби танымын
қалыптастыра отырып, тарихи танымын
кеңейту.
Сабақтың түрі:кіріктірілген сабақ.
Сабақтың типі:жаңа білімді баяндау.
Сабақтың әдісі:оқытудың инновациялық (М.М. Жанпейісованың модульдік
оқыту технологиясы,СТО элементтері) және дәстүрлі
(ізденіс-зерттеу, түсіндіру лекциясы, ойын, сұрақ – жауап т.б)
технологияларының элементтері т.б.
Көрнекілігі: 1. Дүние жүзінің саяси картасы
2. Қазақстан Республикасының картасы
3. Тірек – сызбалар
4. Сурет көрмесі
5. Жаңа тақырыпты пысықтауға арналған ойын әдістерінің
көрнекіліктері т.б.
Техникалық оқу құралдары: 1. Интерактивті тақта
2. Флипчарт т.б.
Пәнаралық байланыс:1. География
2. Саясаттану
3. Мұнай және газ кәсіпшілігі
4. Әлем тарихы т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру жұмыстары.
Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын, кабинеттің дайындығын, тазалығын бақылау.
2. Жаңа білімді хабарлап, баяндау.

Жоспар:
1. Қазақстан индустрияландыру кезеңінде
а) индустрияландыру ұғымы
ә) индустрияландыруды жүзеге асыру
2. Тәуелсіз Қазақстандағы мұнай өндірісі және мұнай өнімдерін тасымалдау
түрлері.
Лекция тезистері
1. Индустрияландыру ісі Қазақстанда КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 33 жж.) тұстас келді. Индустрияландыру жағдайында республика еңбекшілерінен қиын міндеттерді шешуді, машина жасау, шахта мен кеніштер, жергілікті ресурстарды пайдалану, кәсіпорындардың ескілерін қалпына келтіру, темір жолдар мен техникалық байланыс құралдарын орнықтыруды талап етті.
2. Қазақстанда индустрияландыру ісі табиғи ресурстарды зерттеуден басталды. Орал – Ембі мұнайлы ауданын И.М.Губкин, Жезқазған ауданы мыс кенін – Қ.Сәтбаев, Орталық Қазақстан минерал – шикізат ресурстарын П.С.Курнаков зерттеді. Қазақстан Республикасы «Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деп аталды.

2. Өткен тақырыпты пысықтауға арналған «Футбол» ойыны.
І команда сұрағы
1. Индустрияландыру елімізде неден басталды?
2. «Кіші Қазан» идеясының авторы кім?
3. Индустрияландыру дегеніміз не?
4. Түрксіб темір жолы қашан салынды?
5. Жезқазған мысын зерттеген геолг кім?
6. 6.Индустрияландыру жылдары өлкемізде қандай кәсіпорындар салынды?
ІІ команда сұрағы
1.Қазақстан өнеркәсібінің жетекші салаларын ата?
2. Орал- Ембі мұнайлы ауданын кім зерттеді?
3.Қазақ жұмысшылары өндірістік оқытумен озық тәжірибені үйрету үшін басқа жерлерге жібердіме?
4.Түрксіб темір жол құрылысының басшылары кім?
5.Стахановшылардың ізбасарлары кімдер?
6.Индустрияландыру жылдары оқыған кітабың,көрген киноларының бар ма?
3. Оқушыларды сергіту мақсатында жүргізілетін «Егерде мен болсам........» логикалық ойыны.

И.Абдикаримов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжнің тарих пәнінің оқытушысы Нурпейсова Алия

Сабақтың тақырыбы: Жалпы ұлттық дағдарыстың зардаптары
Сабақтыңмақсаты: а)білімділік-Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп
жетілуінің себептерін түсіндіре отырып,
патшаның Орта Азиямен Қазақстанның
«бұратана»халықтарын қара жұмысқа
алу жөніндегі 1916ж 25маусымдағы
жарлығының мәнін ұғындыру,отаршыл
режимге қарсы бүкілхалықтық
қозғалыстың белең алу себептерін
ашып түсіндіру.

ә)тәрбиелік-Бірлікке,батырлыққа,отансүйгіштікке т.б
тәрбиелеу.

б)дамытушылық-Қосымша деректі материалдар және
құжаттармен ,фактілермен таныстыру
арқылы оқушылардың ой-өрісін,өзіндік
ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтыңтүрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтыңтипі: Аралас сабақ.
Сабақтыңәдісі: Ж.АҚараевтың «Оқытудың үш өлшемді
әдістемелік жүйесі» педагогикалық
технологиясының элементтері,топтық,
ұжымдық т.б

Көрнекілігі: 1.Қ.Р картасы
2.Интерактивті тақта
3.Кітап көрмесі
4.Слайдтар
5.Киім-кешектер т.б

Пәнаралықбайланыс: География,Әлем тарихы,Саясаттанут.б

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырыпты зерттей отырып,өзіндік
жұмыс жүргізуге дағдыланады.



Сабақ барысы:
I кезең

1.Ұйымдастыру жұмыстары
Оқушылардың сабаққа түгел қатынасуын,дәрісхана тазалығын, сабаққа дайындығын бақылау.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

а)Оқушының жұмыс дәптерін тексеру.
(Алдыңғы сабақта өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік
тапсырмаларды үйде аяқтапкелу дәрежесі тексеріледі және «ашық
журналға»тіркеліп қойып,бағаланады.)

II кезең
1.Өздігінен жаңа тақырыпты меңгеру.

а)Оқушыларды топқа бөлу.
ә)Жаңа тақырыпты«Баяндама» -ойын түріндегі интерактивті әдісі
арқылы жүргізу.
(Оқытушы оқушыларға мәтінді оқуға ұсынады,оқушылар мәтін мазмұнын
сурет,схема т.б түрінде беруі керек.Сурет салып болған соң оны қасындағы
топ оқушыларына береді.Олар сол суретті немесе схеманы қолданып,
баяндама дайындайды.Кім баяндамасын толығырақ жасап,қорғап шықса
сол топ ұтады.)

2.Жұмыс нәтижесін оқушылармен біріге отырып талқылау.

а) Картамен жұмыс.
(Тарихи оқиғаға байланысты елді-мекендерді картадан көрсетіп,қысқаша
тарихи оқиғасы туралы айтып өту.)
ә) Тарихи тұлғалармен жұмыс.
(Көтеріліс басшылары және саяси жетекшілері туралы ауызша айтып өткеннен
соң, «Тарихи тұлғаны білесің бе?»ойыны арқылы пысықтау )

3.Алған теориялық білімді практикада қолдану.

а) Кітап көрмесімен жұмыс.
ә) Кинофильмдергешолу жасау.
б) Театрландырылған көрініс.


III кезең

I ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР

1.1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің алғышарттарын жазыңыз.
2. Көтерілістің ірі орталықтары?

3. Торғай көтерілісінің сардарбегі кім?
4. Көтерілістің негізгі қозғаушы күштерін көрсетіп,жазыңыз?
5.Торғай көтерілісінде сайланған хан?
6.Ұлт-азаттық көтерілістің жеңілу себептерін көрсетіңіз?
7.Жетісу көтерілісінің басшыларын атап,жазыңыз?

II ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР

1.Жалпы халықтың бас көтерулер әлсіз болған аймақты атап,себебін
жазыңыз?
2.Жазалау отрядтарының бағыттарын көрсетіңіз?
3.Екібастұз бен Спасск мыс кеніштерінің жұмысшылары ереуілге
қашан шықты?
4.Генерал-губернатор Куропаткиннің құпия жарлығында не
айтылған?
5. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»деп айтқан
қазақтың көрнекті қайраткері кім?
6.Жарлыққа сәйкес патша өкіметі қандай тактика қолданды?

III ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР

1.Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының ұлт-азаттық соғысқа
ұласқанын қандай фактілер дәлелдейді?
2.1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына либерал-
демократиялық жәнереволюцияшыл-демократиялық зиялылардың
көзқарастарының ерекшеліктері және олардың ортақ белгілерін
көрсетіп Венн диаграммасын құрастырыңыз.
3.Жетісудағы Қарқара көтерілісі тағыда қандай атаумен аталды?және
ерекшеліктерін жазыңыз.
4. Ашық журналға оқушы білімін бағалау.

5. Үйге тапсырма: 1.Жұмыс дәптермен жұмыс
2.Картамен жұмыс
3. Тақырыпты толықтырып оқып келу т.б
6. Оқытушы қолы: Нұрпейісова Ә.Ә
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.