Меню
Назад » » »
«Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар»
загрузка...

загрузка...
Астана қаласы
№68 орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі
Сабанбаева Жанар Мұхаметбайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар»
Сабақтың мақсаты: Отаршылыдық езгіге қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыстардың негізгі себептерін,мақсатын барысын,жеңілу себептері мен тарихи маңызын анықтау
Білімділік міндеті: көтеріліс туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы, жүйелеп бекіту және тарихи мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау
Дамытушылық міндеті:шығармашылық ойлау,бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті:туған жерінің бостандығы мен азаттығы үшін жанын берген батырлардың ерлігін таныту,елін құрметтеуге,патриотизмге баулу.
Сабақтың типі: қайталау-жалпылау сабағы
Сабақтың түрі: іздену,зерттеу,қортындылау сабағы
Әдіс-тәсілдері:алдын-ала тапсырма, проблемалық әдіс.
Сабақтың көрнекілігі:АКТ,оқулық,деректер
Пәнаралық байланыстар: әдебиет,география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе.Оқушыларды түгендеу. (сабақтың өтілу барысы, тапсырмаларын түсіндіру). «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» дегендей бүгінгі сабағымыз ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздік жолындағы күрестер,тарихи маңызы,тарихта алатын орнын сипаттау.
Тапсырмалар:
I . Проблемалық тапсырма. /жағдаятты шешу /
II. Тарихыңды танып біл ! Хронологиялық жорық.
III . «Бәсекелесе білесің бе »?- Алғырлықты байқау
IV. «Тарихи көмбе»- зертханалық жұмыс
I Проблемалық тапсырма
1837-47 және 1836-38 жылдардағы көтерілісті салыстыру.Сырым Датұлы көтерілісін талдау.
Сырым кім? Батыр неге жорыққа шықты?.
Сырым Орынбор генерал-губернаторына жазған хатында: «Сіздер түрлі әдіспен қолға түсірген ноғай, башқұрт халықтары секілді бізді де езбекші екендеріңіз белгілі». Сондықтан да мен патша үкіметімен, хан-сұлтандарға наразы шаруаларды төңірегіме топтастырдым. Салық бермесін, ханға сенбесін, сұлтандарға ермесін, халық өзін-өзі қорғасын деген ұранмен патша өкіметіне қарсы шықтым»
1. Қазақ жерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салу.
2. Жалға алынған жер үшін қазақтар ақы төлеумен қатар аманат қалдыруға тиіс болды.
Көтерілістің мақсаты:
- Орал казак әскерінің қазақ жерін басып алуын тоқтату.
- Нұралы ханның ашық түрде патша үкіметін қолдауы.
- Жерді пайдалану жүйесін бұрынғыдай қалпына келтіру.
Тапсырма
- Бөкей ордасындағы көтерілістің шығу себебі
- Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліске себеп болған жағдайлар
- Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы көтеріліске шыққан талаптары мен мақсаты
- Кенесары көтерілісі себебі мен тарихи маңызы қандай
II Хронологиялық жорық
Бұл тақтаға жазылған жылдарда оқиғаларды тауып,баяндау:
1771, 1838, 1723, 1916, 1917, 1824-1822, 1917, 1921, 1868-69,1870,1979, 1986, 1989, 1991, 1993, 1997, 1998, 2010, 2011,
III Алғырлықты байқау
1. Сырым Датұлы көтерілісі қашан болды? /1783-1797ж/
2. Махамбет пен Исатай көтерілісінің қозғаушы күштері кім болды?/қазақ шаруалары/
3. Исатай қай жерде қайтыс болды? /Ақбұлақ/
4. Кенесары көтерілісі болған уақыт? /1837-1847ж /
5. Орал, Торғай облысындағы көтеріліс болған уақыт? /1868-1869ж/
6. 1905ж жазында шаруалар мен кедейлер толқулары қай облыста болды? /Семей,Торғай, Орал, Сырдария/
7. Бірінші дүние жүзілік соғыстың алғашқы үш жылы ішінде Жетісу облысынан қанша жер тартып алынды? /1 млн 800 мың десятина/
8. 1916ж патша жарлығына қарсы шыққандар кімдер? /Бокин, Рысқұлов, Жангелдин, Меңдешев, Алманов/
9. Торғайдағы атақты мерген? /Кейкі/
10. Амангелді Иманов қанша жасағымен Торғай қаласын қоршады? /15 мыңдай адам/
11. Боралдайда дарға асылған кім? /Бекболат/
IV «Тарихи көмбе » зертханалық жұмыс
Терминдік сөздердің мағынасын ашып, жылдарда қандай оқиға болғанын айтып,мағынасын ашу
- Жариялылық-1985 ж,
Отар-1731-1990ж,
ұлт-азаттық көтеріліс-1916ж,
Репрессия 1937-1938ж,
Қорытындылау бағалау.Сарапшыларға сөз
VI.Үйге тапсырма.
Алашқа байланысты «Ағалар армандаған қоғам» эссе Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 442 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar