Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстанның аласа таулар -

Қазақстанның аласа таулар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1644 | Размер: | Автор: гость
. Бекбосынова Улжан,
Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі.
Бәйдібек ауданы



Тақырыбы: Қазақстанның аласа таулар

Мақсаты:
Білімділік: Қазақстандағы аласа таулардың түрлері мен олардың географиялық орны туралы түсінік беріп, өзіндік ойлау қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру, картамен жұмыс жасау дағдысы мен шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Кестемен жұмыс.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Тірек-сызбамен жұмыс.
3. Топтастыру. 6. Кластер

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, инетрнет материалдары, оқулық, электронды оқулық, атлас және кескін карта, саяси және физикалық карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын құру. Сынып ережесін бекітіп алу, сынып ережесін сақтауды ескерту. Сыныпты үш топқа бөлу.
Ойсергек: «Өз тобыңдағыларға тілегенді – басқа топтағыларға да тіле» ойыны.
Сабақ барысын үш кезеңге бөліп алу. Кезеңдерді айқындап алу.

1. «Проблеманы айқындау» кезеңі
2. «Проблеманы шешу» кезеңі
3. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1 «Кім жүйрік» деңгейлік сұрақтар
2 «Ой қозғау» әдісі
1. «Венн диаграммасы»
2. Электронды оқулықпен жұмыс
Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі
3. Термин сөздермен жұмыс (Дәптермен жұмыс).
1топ- Мұғалжар: «Топтастыру»,
2топ- Маңғыстау: «Тірек-сызба»,
3топ- Сарыарқа: «Кластер» әдісі

IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
2. Баяндамашы жасаған постерге талдау жасайды.
3. Қорытындылау

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Кері байланыс.

VII. Үйге тапсырма беру.

Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
5 минут 1. Кіріспе.
2. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Сыныпты топқа бөлу үшін «Команда таңдау» әдісі бойынша тақтаға үш ер баланы шығарып, 3 топтың атын жазып ұстаттым.
Ойсергек: «Өз тобыңдағыларға тілегенді – басқа топтағыларға да тіле» ойыны. Оқушыларға А4 ақ парағы таратылады. Мұғаліммен сәлемдесу.
Топқа бөліну әр баланың өз құқығы. Қай топқа барғысы келсе, сол топты оқушы өзі таңдайды. 3 топқа бөлінеді
1-топ: Маңғыстау тобы
2- топ: Мұғалжар тобы
3-топ: Сарыарқа тобы

Әр топ мүшелері бір параққа бір-бір тілектен жазады,өздері жазған тілектерін көрші топпен алмасып, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды. Түрлі-түсті кеспе қағаздар,
А4 парағы
1. «Проблеманы айқындау» кезеңі
5 минут Үй тапсырмасын пысықтау. Үйге берілген деңгейлік тапсырмаларды сұраймын.
«Кім көп біледі» кестелік тапсырмамен пысықтаймын. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

«Ой қозғау» әдісі бойынша әр топ кестемен жұмыс жасайды. Кестелер, маркер
5 минут Жаңа сабаққа «көпір салу»
Жаңа сабақтың тақырыбын жариялаймын.
«Венн диаграммасы» бойынша тапсырма беремін. Өткен тақырыппен жаңа сабақтың тақырыбын (жазық пен тау)салыстырады.
«Венн диаграммасын» толтырады.
1-топ: Тауға анықтама береді
2-топ:Жазыққа анықтама береді
3-топ: Тау мен жазықтың ортақ белгілерін анықтайды. Плакатқа сызылған Венн диаграм-масы, маркер
2. «Проблеманы шешу» кезеңі
14 минут 3 топ мүшелеріне 3 түрлі ресурс таратып беремін.

Әр топқа бір-бір флипчарттан беріп, тапсырма беремін. Берілген ресурсты әр оқушы өзі оқиды, жұптық, топтық жұмыс жасайды.
1топ-Мұғалжар: «Топтастыру»,
2топ-Маңғыстау:«Тірек-сызба»,
3топ-Сарыарқа: «Кластер» әдісі бойынша постер қорғайды Интернет матери-алдары, флип-чарт, маркер

3. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі
8 минут Әр топқа бес стикерден таратамын. Оның ішінде тек біреуінде ғана «көшбасшы» деген сөз жазылған, қалған стикерлер тап-таза. Таратылған стикерден бір-біреуден алады. 3 топтан 3оқушыға «Көшбасшы» деген сөз тиеді, сол оқушылар өздерінің тобынан басқа топтарға барып, тақырыпты түсіндіріп береді.
Әр топтың көшбасшыларын «Бағдаршаммен» бағалайды. Стикер
3 минут

3 минут

2 минут Бірін-бірі бағалауға нұсқау беру.

Кері байланыс орнату

Үйге тапсырма: Атлас және кескін картамен жұмыс. Өзара бірін-бірі бағалайды. Жұптық, топтық бағалау.

«Екі жұлдыз – бір тілек» стикерге жазып қалдыру
Қазақстанның аласа тауларын кескін картаға түсіріп келеді. Ламинад-талған парақ

Стикер

Атлас, кескін карта
Сабақтың жағымды жағы: Топтық жұмыстың артықшылығын білді.
Сабақта жіберілген кемшіліктер: Өзін-өзі бағалаулары жоғары болды. Сабақ қорытындысы: Қазақстандағы аласа таулардың географиялық орындарын білді.
Пайдаланған әдебиеттер

1. «Табиғат және география» ғылыми – падагогикалық журнал
2. Қазақстанның физикалық географиясы
3. Интернет материалдары
4. География пәнінен оқушы анықтамасы
5. «Шың» 2014 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.