Меню
Назад » » »
Қазақстанның қорықтары
загрузка...

загрузка...
Пән: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның қорықтары»
Мақсаты: Қазақстанның қорықтарымен танысу. Қорықтардағы қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар туралы оқушыларға мәлімет беру. Оқушылардың өздері дайындап келген қорықтары туралы пікір таластыру арқылы балалардың сөйлеу тілдерін дамытып, ой - өрістерін кеңейту. Балаларды табиғат байлықтарын сақтауға, қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ізденіс, көрнекілік, ойын.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, сурет салу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, ребус.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды сабаққа дайындау
Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.
Психологиялық дайындық.
Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр, солармен сәлемдесіп алайық.
1 - слайд
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыздар ма, қонақтар!
Сабағымызды бастайық.
Жамандықты тастайық.
2 - слайд тақтадағы ребусты шешкізу:
- Балалар, қазақстанда неше қорық бар?
Қане, атап жіберейікші.

3 – слайд көрсетіледі
Қорықтар:
1) Ақсу – Жабағылы қорығы
2) Барсакелмес қорығы
3) Марқакөл қорығы
4) Үстірт қорығы
5) Батыс Алтай қорығы
6) Алакөл қорығы
7) Қорғалжың қорығы
8) Алматы қорығы
9) Наурызым қорығы

Оқушылар өздері дайындап келген қорықтары жайында әңгімелеп айтады.
4 - слайд
I – топ Ақсу – Жабағылы қорығы, Наурызым қорығы, Алматы қорығы.
II – топ Қорғалжың қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы.
III – топ Батыс – Алтай қорығы, Барсакелмес қорығы, Алакөл қорығы.

Сергіту сәті:
Музыка ойналады, оқушылар көздерін жұмып, музыканы тыңдайды.
Тыңдап болған соң, сол музыкаға байланысты суреттер салады немесе не естіді соны айтқызу.
Қорықтар дегеніміз не?
Қорық деп – өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты айтамыз.
Видео роликті көрсету.
Картадан қорықтарды тапқызу.
«Мазайка» ойынын ойнату.
5 - слайд « Қызғылт фламинго» суреті шығады
Сұраққа жауап:
1. Маңғыстау облысы орналасқан қорық (Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық ( Алматы)
3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық атауы (Ақсу - Жабағалы )
4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық ( Қорғалжын)
5. Қылқанды Тайга орманы орналасқан қорық (Батыс - Алтай)
6. Наурызым орығы қайда орналасқан? (Қостанай)

Табиғатқа байланысты тыйым сөздер бар:
1. Құмырсқаның илеуін бұзба.
2. Жүрген жеріңде қоқыс қалдырма.
3. Аққуды атпа.
4. Жас шыбықты кеспе.
5. Құстың ұясын бұзба.
6. Саяхатқа шықсаң, отты сөндіруді ұмытпа.
Мына сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша айтайықшы:
6 - слайд
Үкі – сова – owl
Лашын – сокол – falcon
Аққу – лебедь – swan
Бұғы – олень – deer
«Сандар сөйлейді» ойыны 7 - слайд
12, 98, 19, 227, 9, 1, 64, 04, 14, 0.
Жауабы: Ақсу - Жабағылы қорығында өсімдіктердің 1404 түрі бар.
Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған.
Батыс Алтай қорығында құстардың 120 түрі бар.
Алматы қорығы1964 жылы құрылған.
Үстірт қорығында сүтқоректілердің 227 түрі бар.

Туған жерге, табиғатқа байланысты мақал - мәтелдер айтқызу.
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.

Су жүрген жер береке
Ел жүрген жер мереке.

Жер көңді жақсы көреді
Ат жемді жақсы көреді.

Табиғат - халық қазынасы
Табиғатсыз адамның күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Қорытындылау
Бүгінгі сабақта қорықтарды қорғау туралы не білдік, соны топтастырып жазайық: Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қазақстанның қорықтары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 303 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar