Меню
Назад » » »
Қазақстанның пайдалы қазбалары
загрузка...

загрузка...
Ақжігіт Гүлсара Әлібекқызы,
«Бөген» жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі
ОҚО, Ордабасы ауданы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазбалары, олардың кен орындары, орналасу ерекшеліктері туралы жалпы түсінік беру.
2. Оқушылардың ой -өрісі мен білім, білік, қабілеттерін дамыту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, экологиялық тәлім арқылы адамгершілікке, елін-жерін сүю арқылы патриоттыққа тәрбиелеу.


Сабақтың тегі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Қазақстанның пайдалы қазбалары, геологиялық, тектоникалық және физикалық карталары. Тау жыныстары мен минералдар коллекциясы, тірек сызбалар, кестелер, т.б. қолданылады. Интерактивті тақта, Электронды оқулық. Қазақстанның физикалық картасы.

Пәнаралық байланыс: химия, әдебиет, физика, сызу.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастару кезеңі:

ІІ Үй тапсырмасын сұрау және қорыту

1. Биік таулы өлкеге қандай таулар жататынын сұрау және оны картадан таптыру.
2. Алтай тау жоталарын картадан таптыру оның биік шыңы қалай аталады? Биіктігі қанша? (Неге Батыс немесе кенді Алтай деп аталады?)
3. Сауыр мен Тарбағатайдың ұқсастығы мен айырмашылығын сұрау.
4. Жоңғар немесе Жетісу Алатауы таулы өлкесі жайлы түсініктерін сұрау.
5. Солтүстік, Батыс Тянь-Шань тауларын картадан табу.

Қорыту:
Электронды оқулықтан Биік таулы өлкелер деген бейне фильмді көру.


ІІІ Жаңа сабақ. Қазақстанның пайдалы қазбалары.

1. Пайдалы қазбалар коллекциясын көрсету
(Мына суретте не көріп тұрсыңдар)

Табиғи алтын Табиғи мыс Әк тас (Ізбесті тас) Калий тұзы



Тас көмір Ванадин Мұнай өңдеу Алтын



Темір кені Мырыш кені Тұз өндіру

2. Пайдалы қазба дегеніміз не? (Ережесін сұрау) оқушы ойын толықтыру.

3. Қазақстанның пайдалы қазбалары жайлы жалпылама тоқталу
Біз Қазақстан аймағындағы таулар мен жазық жерлер туралы алдыңғы тақырыптарда өттік, ендеше биік және аласа таулар қатты бұзылып , күшті жемірілген сайын кенге бай тереңдегі жатқан тау жыныстары жер бетіне жақындап, кейде тіпті жер бетіне шығып қалады. Көбіне бұзылған таулардан кенді қазбалар табылады. Шөгінді жыныстырда көбінесе кенсіз қазбалар қалыптасады.

1. Кестемен жұмыс

4. Кітапты пайдаланып, тақтаға топ бойынша пайдалы қазбаларды үш
топқа бөліп жаз.

І топ. Жанатын пайдалы қазбаларға нені жатқызамыз?
Көмір, мұнай, газ.

ІІ топ. Кенді пайдалы қазбаларға нені жатқызамыз?
Темір, марганец, хром, никель, алюминий, мыс, полиметалдар, алтын, сирек кездесетін металдар
(вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сүрме)


ІІІ топ. Кенсіз пайдалы қазбаларға нені жатқызамыз?
Асбест, Фосфорит, Тұз.
Олай болса, еліміз пайдалы қазбаларға аса бай. Жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 114 элементтің 99-ы ашылып, оның 60-қа жуығы зерттелді.

5. Топ бойынша тапсырма. Әр топ бірінші дәптерге содан кейін, интерактивті тақтаға келіп төмендегі флипчарттағы сызба -нұсқаларды толтыру.


І топ. Дәптермен жұмыс: Мұнай мен газ кенін салыстыру

1. Оқушы тұз және фосфордың шартты белгісін тақтаға салады

ІІ топ. Дәптермен жұмыс: Екібастұз және Қарағанды көмір алаптарын салыстыру арқылы толтыру

Р/с Салыстыру жоспары Қарағанды көмір алабы Екібастұз көмір алабы
1 2 3
1 Географиялық орны және тұтынушылары
(Қолайлыма, қолайсыз ба?) Өте қолайлы Онша емес
2 Өндіру әдісі Ш(шахталы) А (ашық)
3 Сапасы Өте жоғары, кокстеледі Жаққанда күлі көп
4 Тасмалдау Темір жол торабы өте қолайлы Өндірілген көмірдің көбін сол жерде жағып, электр энергиясына айналдырады.
5 Өзіндік құны Қымбат Арзан
6 Табиғатты қорғау Бос тау жыныстарын қалпына келтіреді Атмосфераның төменгі қабаты ластанады.
7 Көмір қабатының қалыңдығы
10 - 15 м 100 м

2. Оқушы тас көмір мен қоңыр көмірдің шартты белгісін тақтаға салады

ІІІ топ. Дәптермен жұмыс: Кенді пайдалы қазбалардың кен орындарын кестеге толтыр

Кенді пайдалы қазбалар Кен орындары
Темір Қашар, Соколов-Сарыбай, Әйет, Лисаков, Кен төбе, Атансор.
Марганец Атасу, Жезді
Мыс Жезқазған, Қоңырат, Бозша көл
Алтын Степняк, Ақсу, Майқайың
Хром Кемпірсай, Дөң, т.б.
Никель
Алюминий
Полиметаль , т.б.

3. Оқушы темір мен алтынның шартты белгісін тақтаға салады.



4.Рудасыз пайдалы қазбалар бойынша « Сен маған – мен саған»
арқылы оқушылар сұрақ қояды.
1.Қазақстанда жалпы көмір қоры қанша?
1)150 млрд; 2) 160 млрд; 3) 140 млрд; 4)180 млрд т.

2.Құмкөл мұнай кен орны қай облыста?
1) Атырау; 2)Маңғыстау; 3)Қызылорда; 4)Ақтөбе.

3.Қазақстанда Фосфориттің ірі кен орны қай жерде?
1) Ұлытау; 2)Балқаш; 3) Қаратау; 4) Қостанай.

4.Қазақстан аумағында тұз қоры қай жерде мол?
1) Тұран ойпаты; 2) Каспий маңы ойпаты; 3)Сарыарқа; 4)Маңғыстау.

5.Қазақстан хром кенінің қоры жөнінен дүние жүзінде нешінші орында?
1) 3; 2) 1; 3) 2; 4) 5.

ІҮ жаңа сабақты бекіту. Сұрақ-жауап.
1. Пайдалы қазбалар қандай 3 топқа бөлінді?
2. Мұнай кен орындарын ата.
3. Қазақстан қандай пайдалы қазбалар жөнінен дүние жүзі бойынша нешінші орында?
4. Кенсіз пайдалы қазбаларға қандай қазбалар жатады?

7. Электронды оқулық бойынша, картамен тапсырма.
1. Картадан көмір кендерін көрсет
2. Картадан мұнай мен газ кендерін тап
3. Картадан темір және марганец кендерін тап
4. Картадан алюминий мен алтын кен орындарын көрсет
5. Картадан полиметалл және мыс кен орындарын көрсет.

8. Пайдалы қазбалардың халық шаруашылығында маңызы қандай?

9. Тиімді пайдалану дегеніміз не?

10. Анаграмма

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: § 18-19 оқу
5 - тапсырмадағы жоспар бойынша жанатын пайдалы қазбалардың біреуіне жауап жазып келу. Кескін картаға пайдалы қазба кен орындарын түсіру. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қазақстанның пайдалы қазбалары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 407 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar