Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстанның өзендері -

Қазақстанның өзендері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1302 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО,Созақ ауданы,Шолаққорған ауылы,
А.Байтұрсынов атындағы
жалпы орта мектеп
География пәнінің мұғалімі:
Дүрменова Сырғакүл Жұматайқызы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ішкі суларын, өзен жүйелері мен өзен алаптарын, өзендердің маңызын таныстыру.
Оқытушылық: 1. Білімді қалыптастыру (оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру)
2. Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әдістерін ұйымдастыру.
Тәрбиелік: 1. Адамгершілік тәрбиесін беру.
2. Сұлулық тәрбиесі. (табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, шығармашылық қабілеті дамыған азамат тәрбиелеу).
Дамытушылық: 1. Жеке тұлғаны дамыту (талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыта білу, жіктеу т.б).
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, тексеру және бағалау сабағы.
Сабақтың әдісі: Оқушының логикалық қабілетін арттыру, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, слайд, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру (1-3 минут)
1. Үй жұмысын тексеру (5 минут)
2. Өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау
3. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.
4. Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеру (20минут)
5. Деңгейлік тапсырмалар (10 минут)
6. Қорытындылау (2минут)
7. Бағалау (3 минут)
8. Үйге тапсырма беру (2 минут)
Сабақтың барысы: А) Ұйымдастыру
Оқушылар мұғалімнің төмендегі сөздерін хормен қайталауы керек.
Менің оқу себебім:
1. Қызықты болғандықтан
2. Ақылды және парасатты болғым келеді
3. Кейін өмірде өз орныңды табуға жеңіл болады
4. Қазір барлығы оқиды, сол себептен мен де оқимын
5. Мұғалім ұнайды
6. Сауатты болғым келеді
7. Өз отаныма пайдалы азамат болғым келеді
8. Толық және терең білімге қол жеткізгім келеді
9. Бұл менің парызым
Үй жұмысын тексеру:
1. Үшінші деңгейлік тапсырмаларды аяқтау (3 ұпай)
2. Сұрақ-жауап арқылы (2 ұпай)
3. Карта арқылы (3 ұпай)
Б) Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау
1. Қазақстанның климаттық тақырыптары бойынша карта арқылы сұрау.
Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеру
«Даналық ағашы» ойыны. Оқушылар жаңа тақырыпты жылдам бірақ, мұқият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап қағазға жазады. Мұғалім қолындағы сандықшаға өз сұрақтарын салады. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып дауыстап толық жауап беруі тиіс.
Деңгейлік тапсырмалар
1 деңгей 5 ұпай.
1. Қазақстан аумағында неше өзен бар?
А) 85 мың Б) 90 мың
Ә) 80 мың В) 95 мың
2. Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер
А) 7 Б) 11
Ә) 9 В) 10
3. Қазақстан өзендерінің негізгі алаптары
А) Солтүстік мұзды мұхит алабы және ішкі тұйық көлдер алабы Ә) Ішкі тұйық көлдер алабы
Б) Атлант мұхиты алабы және ішкі тұйық көлдер алабы
В) Тының мұхит алабы және ішкі тұйық көлдер алабы
4. Қазақстандағы ең ұзын өзен
А) Ертіс Б) Тобыл
Ә) Есіл В) Іле
5. Каспий теңізі алабының ірі өзені
А) Жайық Б) Қаратал
Ә) Сырдария В) Шу
2 деңгей 4 ұпай
1. Картамен жұмыс
(Мұғалім айтып тұрады, оқушы көрсетеді)
3 деңгей 3 ұпай
1. Қазақстан өзендерінің қандай ерекшеліктері бар? Өзен торының жиілігі неге әртүрлі?
2. «Өзен эрозиясы, «Террасса, Қатты ағын» ұғымдарының мағынасын анықта?
Қорытындылау
Бағалау
Жауап берген оқушыларға сабақ барысында жұлдызшалар беріліп отырады. Сабақ соңында парта қатары бойынша жинаған жұлдызшалар арқылы орын беріледі. Бағалау парағына ұпай саны бойынша баға қойылады.
Ьағалау жүйесі
1. 19-20 ұпай «5»
2. 17-18 ұпай «4»
3. 15-16 ұпай «3»
Үйге тапсырма
1. Қазақстанның ішкі суы (өзендері) 93-100 беттер
2. Кескін картаға Қазақстанның басты өзендерінің атын жазып алаптарын белгілеңдер?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.