Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі -

Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1572 | Размер: | Автор: гость
. Абдуллаева Ақнұр Серікбайқызы,
«Қызыл-әскер» ЖОМ мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы : Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі

Сабақтың мақсаты :
а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қазақ тілі екенін түсіндіру.
ә) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың күтілетін нәтижесі Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі екенін түсіндіру. Талдау жұмыстары арқылы тіл байлығы артады.
Енгізілген модульдер
-Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер;
-Оқытуда АКТ пайдалану;
-Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
-Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушылар топқа бөлінеді
Қызығушылықты ояту Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1. Қазақ тілі –қазақ халқының ұлттық тілі дегенімізді қалай түсінесіңдер?
2. Жалпы халықтық қазақ тілінің қандай түрлері бар, себебі?
3. Абай-жаңа жазба әдеби тілдің негізін салушы,неліктен олай айтады?



Топтық жұмыс
Мағынаны тану

Жаттығумен жұмыс:

Ой қозғау Оқушылар қазақ тілі-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі екенін біледі,тіл туралы заңның жалпы ережелерін түсінеді.

41-жаттығу.Мәтінді оқып,елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде қандай шаралар жүргізді.

Ойна да ойла:1-топбасшы
1-тапсырма
Туған тілім-тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшше тілім менде бірге өшемін.
Бұл кімнің өлеңі? Жалғастыр.Ә.Тәжібаев.
1-тапсырма. 2-топбасшы
Барлық тілді үйренерсің сен әлі,
Жігіт болып саналы.
Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа,
Өз еліңнің туын көтер жоғары.
Т.Молдағалиев.
2-тапсырма
Тіл туралы заңның 1,2-ші тарауында не айтылған.
Тіл туралы заңның 5,6 тарауында не айтылған.
3-тапсырма 1-топ
Әлемдегі ең ұзын Конституция кітабы
Қайда шықты,кітаптың авторы кім?
Жауабы;Кентау қаласында ұзындығы-200метр,ені 80сантиметр,авторы-Тұрар Омаров.
2-топ Тіл тазалығы дегеніміз не?
Сұрақ Қобдишадағы алма,яғни алма сөзіне
фонетикалық талдау жаса.Өтірік өлең құра
Кітап. Сөзіне Жұмбақ құрастыр,
Сөйлем құрап,синтаксистік талдау жаса.
42-жаттығуЖеке жұмыс.
Шешен, қазына сөздерін қатыстырып сөйлем құрап,морфологиялық талдау жасау.Бір-бірінің дәптерлерін тексереді.
«Буриме»әдісі.Берілген ұйқастарға өлең жолдарын құрастыруды айтады.
......... адам болып
......... жаман болып
......... жақсы емес пе
......... надан болып.
Осы ұйқастарды пайдаланып,оқушылар әрқайсысы бір шумақ өлең жазуы керек.

Поэзия сәті.Саттар Ерубаев туралы не білеміз?Ақынның қандай шығармалары бар?
Оқушылар «Мен Саттар Ерубаевтай бола аламын ба?»тақырыбына эссе жазады(6мин)


Жұптық жұмыс

Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салады.

Топ мүшелері өз тобының
Сұрақтарына жауап береді.

Жеке,дәптермен жұмыс

Әр топ жұмыс дәптерлеріне «Буриме» әдісі бойынша өлең ұйқастарын жазады.
Қорытынды

Кері байланыс

Бағалау:
Үй тапсырмасы: 45-жаттығуКөп нүктенің орнына керекті сөздерді немесе сөз тіркестерін қойыңыз.

1.Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
2.Жаңа тақырып бойынша мәлімет алдыңыз ба?
3.Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
Топбасшы бағасы

Даналық ағашы бойынша оқушылар өз ойларын жазады.

Әр топтың топбасшысы стикерге жабыстырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.