Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ  ҚАНАТТЫ  СӨЗДЕРДІҢ  МАҒЫНАЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ -

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2131 | Размер: | Автор: гость
. ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
ОРЫНДАҒАН: Алматы қаласы , Әуезов ауданы КММ «№111 гимназияның» 7-сынып оқушысы Хаюмова Анеля
Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Самсыбекова Карлыгаш Амангельдиевна

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ афоризмдерінің ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі ұласқан көркемдік ерекшелігін, тарихи-поэтикалық мазмұнын қарастыру арқылы тәрбиелік мәнін ашып көрсету болып табылады.
Көркем сөз үлгілерін өз шығармаларында қолданған қазақ әдебиеті өкілдерінің афоризмдерін жинақтау, олардың тақырыптық ерекшеліктерін ашып көрстеу, философиялық-тәрбиелік мәніне сипаттама беру арқылы-дәстүр жалғастығын сақтау, қазақ афористика дәстүрінің көркемдік-шығармашылық түрде ойлауға негіз болатынын саралау.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруда қазақ афоризмдерінің тәрбиелік мәнін жастарға насихаттау арқылы жеке тұлғаның көркем сөйлеуін, кестелі-тілдік оралымдарды күнделікті өмірде қолдануын, шығармашылық-логикалық ойлау қабілеттерін арттыру басты мақсат болып табылады.

Цель исследования: рассмотреть содержание исторических и поэтических казахских афоризмов, художественный особенности крылатых выражений с древних времен до совершенности;
- раскрыть воспитательную значимость казахских афоризмов;
- найти казахских афоризмов в творчестве поэтов и писателей казахской литературы;
- раскрыть тематические особенности афоризмов, дать описание их философского и воспитательного содержания;
- расширять кругозор учащихся через выполнение государственной программы «Культурные наследие», развивать речь учащихся, их красноречие, творческое и логическое мышление через применение афоризмов в повседновной речи со взрослыми и сверстниками.

The purpose of the:
-to consider the contents of the Kazakh historical and poetic aphorisms, artistic features of aphorisms from ancient times to the present;
- to develop educational significance of Kazakh aphorisms;
- to find Kazakh aphorisms in the wjrk jf poets and writers of Kazakh literature;
- to develop themed features of aphorisms;
- to give the description of their philosophical and educational content;
- to follow the time connection through the national tradition in aphoristic expressions;
- to expand the ken of students through the implementation of the state program «Cultural Heritage»;
- to develop the students speech, their eloguence, creative and logical thinking through the using of aphorisms in eyeryday speech with adults and peers.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі жағдайда жастарға ұлттық тәрбие беру өзекті мәселеге айналуда. Себебі, еліміздің өркениеті мен экономикасын тұрақтандыру, патриоттық сезімін арттыру жолында ұлттық тәрбие көздерімен сусындата білім беру қажеттігі туындап отыр.. Халқымыздың орасан зор адамгершілігімен, үлкенге деген құрметімен, кішіге ізетімен, қонақжайлылығымен, ақыл-парасатымен, көсемдігімен, шешендігімен, әділдігімен, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруымен, ұлтжандылығымен, көрегендігімен ерекшеленетін мәдени, рухани мұраларын сақтап, оны заман өткен сайын еселеп жаңғырта түсу қажет.. Жаһандану кезеңінде халқымыздың асыл қасиетті сөз мұраларын білім беру үрдісіне ендіру арқылы ұлттық қасиетімізді сақтап қаларымыз анық.
Әлем халықтарының сөз өнері тарихында фольклор мұралары мен әдебиет шығармалары құрамында халыққа кеңінен таралатын философиялық, педагогикалық мағыналы сөз тіркестері, сөз оралымдары, шағын шумақты өрнектер айрықша дараланып, танылып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Әлемдік философиялық ғылым салалары (лингвистика, фольклортану, әдебиеттану, т.б.) бойынша фразеологиялық сөз тіркестерімен үндесе бағаланатын бұл алуандас үлгілер афоризмдер (нақыл сөздер, қанатты сөздер) атауларымен мәлім. Фольклордағы тұрмыс-салт жырларының, мақал-мәтелдердің поэтикалық желісінде үндестіктер байқалатын бұл үлгілер жазба әдебиет үдерісінде де қаламгерлеріміздің поэзиялық, прозалық, драматургиялық шығармаларында көптеп қолданылатындығы олардың дәстүрлі көркемдік негіз болатын қызметін даралайды.
Афоризмдер - ежелгі заманғы фольклор мұралары мен әдеби-мәдени жазбаларда де тұрақты орын алған көркемдік-эстетикалық қызметімен белгілі. Әсіресе, сақтардың, ғұндардың сөз өнері мұраларында көрнекті тарихи тұлғалардың сөздері болып сақталғандығы – тарихи-мәдени дамуымыздың үздік жетістіктері. Ежелгі заманғы әлем ойшылдарының қатарындағы Анақарыстың (Анахарсистің), Әбу Нәсір әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иасауидің, Ахмет Иүгінекидің, Жүсіп Баласағұнның, Сүлеймен Бақырғанидің және т.б. солардан кейінгі даналардың афоризмдік мағыналы сөздері – әдеби үдеріс туындыларының көркемдік сипатына зор әсер етумен келеді.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы «Қазақ хандығы» дәуіріндегі би-шешендердің, жыраулардың сөздерінде, толғауларында (шешендік дау, шешендік толғау) афоризмдер халық көңілін баурауымен сақталды. Тарихи кезеңдердегі халық тағдырының шындығы афоризмдердің мағыналық-құндылық жүйесінде мол қамтылғандығы байқалады. Афоризмдердің поэтикалық мағынасы арқылы халықтың көркемдік ойлау дүниетанымының тереңдіктері, өткені мен қазіргі және болашақты жалғайтын ойшылдық-тәрбиелік ұлағаты ұлықталады.
ХІХ-ХХ ғасырлардағы ақын-жазушылардың шығармаларында да афоризмдік тіркестер, фразеологиялық дәстүрлі өрнектер әдеби шығармаларда мол пайдаланылған. Қазақ сөз өнеріндегі афоризмдердің (нақылдардың, қанатты сөздердің) тарихи-танымдық, тәрбиелік, көркемдік-эстетикалық қызметі А. Байтұрсыновтың [1,2], Х. Досмұхамедұлының [3], М. Әуезовтің [4] еңбектерінде де қарастырылған.
Көрнекті шығармашылық тұлғалардың туындыларында афоризмдік мағыналы сөйлемдер де, шумақтар да оқырмандардың көңілдерінде жатталып, ауызекі сөйлеуде де, жазба жұмыстарда да арнайы ғылыми-зерттеулерде де нысанға алынып жүр.
Хакім Абайдың, XX-XXI ғасырлардағы қаламгерлердің афоризмдері де, ежелден желісі үзілмеген осы көркемдік үрдістің заңды жалғасындай бағаланады.
Тақырыптың өзектілігі. Төл өркениетімізді қазақ сөз өнеріне арналған зерттеулерде үнемі сөз арқауына алынып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі - афоризмдер. Әдебиет тарихындағы ауызша және жазбаша шығармалардағы мейлінше жинақталған ақыл-ой қорытындыларының қанатты, отты тіркесті сипаттарымен ерекшеленетін афоризмдер тыңдаушылардың да, оқырмандардың да жадында жатталып халыққа таралған. Ежелгі сақ, ғұн, түркі өркениеті дәуірлеріндегі ауызша сақталған мұраларда да, жазбаша жәдігерліктерде де ақыл-ой даналарының афоризмдерінің тәрбиелік мәні ерекше.
Қазақ афористикасының ежелгі сақ, ғұн, түркі өркениеті дәуірлеріндегі ақыл-ой алыптарынан сақталған дәстүр орта ғасырлардағы, Алтын Орда, Қазақ хандығы дәуірлеріндегі би-шешендеріміздің, ақын-жырауларымыздың шығармаларында тұрақты орын алды. Лирикалық-дидактикалық және эпикалық-философиялық туындылардың көркемдік-эстетикалық ықпалдылығын күшейту қызметін атқарған афоризмдер сөз өнері туындыларының халықтық сипатын қалыптастырды. Себебі, ауызша және жазбаша авторлы сипатымен дамыған афоризмдерде халықтың ата-бабалардан ұрпақтарға жалғасқан адамгершілік-имандылық ұлағатты сөздері түйінді ой тастайды. Осылайша, әдебиеттегі афоризмдер тәрбиелік сипатымен ұлттық және жалпыадамзаттық ұстанымды дамытуға үлес қосуда.
XIX-XX ғасырлардағы дәстүрлі ақындар және жаңа жазба реалистік әдебиет өкілдерінің шығармашылығындағы фразеологиялық тіркестер мен форизмдік үлгілер де көркемдік дәстүр жалғастығымен ерекшеленеді. Халық даналығынан нәр алған көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығындағы афоризмдік тіркестердің көркемдік-эстетикалық тағылымы философиялық, педагогикалық жағынан болсын ұрпағымыздың тәрбиелі болуына жол көрсетеді.
Абай афоризмдері - әлем өркениеті кеңістігіндегі ақыл-ой алыптарымен деңгейлес көркемдік-эстетикалық дүниетаным көкжиегінің биіктігін дәлелдейтін көрсеткіш. Абай афоризмдері - планетамыздың құрлықтарындағы классик қаламгерлердің барлығымен үндес ақыл-ой жемістері. Ойшыл афоризмдердің Азия, Еуропа, Америка құрлықтары классиктерімен үндестіктері де, өзгешеліктері де қазақтың ұлттық дүниетанымымен үндестігі және өзгешелігі тұрғысынан бағаланады.
Афоризмдердің поэзиялық, прозалық үлгілерінің мазмұндық-мағыналық ерекшеліктері де арнайы зерттеулерді қажет етеді. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа ұстанымындағы әдебиеттану ғылымы үшін афоризмдердің тәрбиелік-философиялық сипатын арнайы қарастыру өзектілігі мемлекеттік бағдарламалар аясындағы өзектілік сипатымен ерекшеленеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ әдебиеті саласында осы бағыттағы жұмыстардың үлгілері:
Б. Адамбаевтың «Халық даналығы», «Қазақтың шешендік өнері», Қ. Өмірәлиевтің «Абай афоризмдері», І. Кеңесбаевтың «Фразеологиялық сөздік», сонымен бірге Н. Төреқұловтың «Қазақтың қанатты сөздері», Б. Хасановтың «Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы»,
Т. Қоңыровтың «Қазақ теңеулері» кітаптары, т.б. – бәрі де қазақ афористикасына қатыстылығы бар теориялық және тәжірибелік жұмыстар болып саналады. Осы уақытқа дейінгі теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастырылған еңбектерге сүйене отырып, афоризмдердің қазақ сөз өнері тарихындағы тәрбиелік-философиялық сипатын арнайы қарастырудың маңыздылығы, мақсаты мен міндеттері де саралана байқалады.
Ғылыми жоба жұмысының мақсаты – афоризмдердің ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі ұласқан көркемдік дәстүр жолы аясында ежелгі сақ, ғұн қазақ сөз өнері афоризмдерін тарихи-поэтикалық даму үдерісі желісінде қарастыру арқылы тәрбиелік мағынасын ашып көрсету.
Осы күрделі мақсатты жұмысты орындау үшін мынадай міндеттерді орындау көзделеді:
– Афоризмдердің ежелгі және кейінгі ғасырлардағы көркемдік ойлау жалғастығы үлгілерін жүйелеу;
– Афоризмдердің Абай және оның дәстүріндегі жаңа жазба реалистік әдебиет өкілдері шығармашылығындағы үлгілерінің көркемдік негіз болған болмысын жүйелеу.
– Афоризмдердің ХХ ғасырдың екінші жартысындағы көрнекті прозашылар (Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Бауыржан Момышұлы, т.б. шығармашылығындағы үлгілерін жүйелеу, кейінгі жазушылар шығармашылығымен сабақтастығын, жанрлық ерекшеліктерін бағалау;
– Қазақ поэзиясындағы көрнекті ақындар афоризмдерінің мағыналық сипатын жүйелеу;
– Қаламгер афоризмдерінің көркемдік-эстетикалық сипатының қазіргі әдеби үдеріспен сабақтастығын саралау.
Зерттеу нысаны. Қазақ сөз өнеріндегі афоризмдер - ұлттық және жалпы әлемдік әдеби үдеріс дамуы жүйесіндегі ақыл-ой алыптарының ұрпақтарды тәрбиелеу бағдарындағы көркем сөз үлгілері.
– Ежелгі және орта, кейінгі ғасырлар сабақтастығындағы көрнекті ақындар, жыраулар, би-шешендер, жазушылар қалыптастырған афоризмдік сөз үлгілері - ұрпақтардың көркем ойлауын, сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін эстетикалық тағылымымен ерекшеленеді. Бұл орайда, зерттеу нысанында ежелгі сақ, ғұн, түркі өркениеті, одан кейінгі орта ғасырлар, Алтын Орда, Қазақ хандығы және XIX-XXI ғғ. кезеңдеріндегі афоризмдер үлгілерінің тарихи-поэтикалық жүйесін қамтитын поэзиялық жинақтар («Қазақ афоризмдері», 2010; «Бес ғасыр жырлайды». Екі томдық, 1989,), хакім Абайдың, Мұхтар Әуезовтің, Бауыржан Момышұлының және т.б. көрнекті ақын-жазушылардың шығармалар жинақтары нысанға алынды.
Ғылыми жоба жұмысының жаңашылдығы- қазақ сөз өнері афоризмдерінің тәрбиелік мәнін ашып, зерттеу нысанына алып қарастыруымен танылады. Сонымен бірге, афоризмдердің дәстүрлік және көркемдік даму жолына негіз болған қазақ сөз өнерінің бұрынғы-соңғы тарихындағы ойшылдар, тарихи қайраткерлер, би-шешендер, ақын-жазушылар афоризмдерін жүйелеу қазіргі таңда зерттеуді дәлелдейді. Зерттеу жұмысында ежелгі сақ, ғұн, түркі өркениеті дәуірлерінен басталып, қазіргі әдеби үдеріске ұласқан көркемдік жалғастық жолындағы афористика дәстүрінің көркемдік ойлауға негізделген ұлттық және жалпыадамзаттық гуманизм ұлағатының қазіргі Тәуелсіз Қазақстан әдебиетімен сабақтастығының қамтылуы да зерттеу жаңашылдығының маңыздылығын дәлелдейді.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазақ афористикасының әлем өркениетіндегі классикалық үрдістерімен үндестіктерін негізге ала отырып, қазақтың ежелгі сақ, ғұн, түркі өркениеті, сонымен бірге орта ғасырлар , Алтын Орда, Қазақ хандығы, XIX-XXғғ. және XXIғ. басындағы әдеби үдеріспен сабақтасқан жүйесіндегі афоризмдер поэтикасына арналған отандық және шетелдік іргелі зерттеулер басты назарға алынды.
Афоризмдер поэтикасына арналған тіл білімі мен әдебиеттану салаларындғы тоғысар жері – сөйлеу, жазу мәдениетіне байланысты танымдық материалдар да жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін құрайды.
Қазақ әдебиеттануы мен тіл біліміне ортақ афоризмдер поэтикасына қатысты ғылыми бастамалы пікірлер жазған көрнекті ғалымдардың еңбектері дәйектемелік негіз болды. Әбунәсір әл-Фарабидің, Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Шоқан Уәлихановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Х. Досмұхамедұлының, С. Сейфуллинннің, М. Әуезовтің, Сәбит Мұқановтың, Әлкей Марғұланның, Әуелбек Қоңыратбаевтың, Қажым Жұмалиевтің, Бейсенбай Кенжебаевтың, Құдайберген Жұбановтың, Сәрсен Аманжоловтың, Зейнолла Қабдоловтың, Тұрсынбек Кәкішевтің, Рахманқұл Бердібаевтың,, С.Қирабаевтың,, Р. Нұрғалиевтің және т.б. кейінгі аға буын ғалымдардың тақырыпқа байланысты ғылыми-теориялық тұжырымдары, зерттеулері басшылыққа алынды. Зерттеулер қисындары аясында жасалған тұжырымдар да қазіргі кезеңдегі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаның негізге алынуымен дәйектеледі.
Зерттеу әдістері. Жүмыста сөз өнері дамуының теориялық –әдістемелік заңдылықтарына сүйене отырып, қазақ афористикасының әдеби-философиялық сипатына тән көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері мен тәрбиелік мәселелерін саралауда тарихи-салыстырмалы, кешенді-жүйелі талдау әдістері пайдаланылды. Афоризмдердің қалыптасу, даму поэтикасын саралауда тарихи нақтылықпен тарихи-әдеби саралау, жүйелеу әдістері басшылыққа алынды.
Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жоба жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.