Меню
Назад » » »
Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері
загрузка...

загрузка...
Егамбердиев Алишер,
Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің ән-күй пәнінің мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері
Сабақ тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері. Сегіз серінің әні «Ақбақай»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұлан – байтақ еліміздегі дәстүрлі әншілік өнер және мектептер туралы түсінік қалыптастыру. Сегіз серінің әні «Ақбақайды» үйрену.
Тәрбиелігі: Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Әнді таза, мәнерлі орындай білуін, музыкалық ырғақты сезінуін, есте сақтауы мен ести білу қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, әуенді ойындар.
Көрнекілігі: Баян аспабы, магнитофон, дәстүрлі ән өнеріне үлес қосқан әнші-композиторлардың суреттері, ән өнері туралы қанатты сөздер.
Сабақтың барысы: Сабақ «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен» басталады.
Сынып оқушыларымен амандасу .
І. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу – құралдарын тексеру)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І оқу тоқсанында өтілген материалдарды сұрақ – жауап арқылы қалай меңгергендігін тексеру.
1. Қорқыт кім? Қандай күйлерін білесіңдер, оның күйлері қандай аспапта ойналады?
2. Әл- Фараби кім, музыка туралы қандай кітап жазды?
3. Музыкалық дыбыс қатары деген не?
4. Дыбыстардың ара қашықтығы немен өлшенеді?
5. Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?
6. Домбыраның құрылысын ата.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, қазақ халқы әнші халық екенін жақсы білеміз, яғни әнші атаның әлем халықтарына таратып жүрген әнінен үлесімізге көптеп алып, әнші халық атанғанбыз. ән айтпайтын, «әу» демейтін қазақ жоқ. Ал енді әнді қалай айтамыз, немен айтамыз?
- Баянға қосылып айтамыз.
- Аспаппен сүйемелдеп айтылады.
Дұрыс, балалар әнді домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып орындаймыз.
Қазақтың домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтатын әншілік дәстүрін қазақтың дәстүрлі ән айту өнері дейміз. Жаңа сабағымыздың тақырыбы – Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері.
Атадан балаға ауысып келе жатқан ән айту өнері ғасырлар бойы қалыптасып, дамып ән айту шеберлігі барынша жетіліп, классикалық үлгіге дейін жетті.
Балалар, өздерің бастауыш сыныптарда танысқан әнші композиторларды еске түсірейік. ХІХ ғасырдың екінші жартысында дәстүрлі ән өнеріне үлес қосқан Біржан салды, Ақан серіні, Үкілі Ыбырайды, Әсет пен Естайды, Жаяу Мұса мен Нартайды, Майраны, Шәкәрімді білеміз.
Халықтық әншілік өнер сан ғасырлық тәжірибелі нәтижесінде ән айтудың түрлі мектептерін, ән айтуға баулудың өзіндік шеберлігін шыңдап, әннің жоғары көркемдік деңгейіне орай тыңдаушы халықтың биік талап – талғамын қалыптастырып, жүйелі арнаға түсірді.
Дәстүрлі ән өнерінде халықтың салт – дәстүрі, әдет –ғұрпы, тарихы мен өмірі, тұрмыс тіршілігі, қоғамдық әлеуметтік қатынастары, жалпы ұлттық болмысы көрініс тапқан.
Өнерлі ортада өскен жас талапкер ұстаз жанында айлап, жылдап жүріп, шеберлігімен бірге, тәжірибесі мен орындау тәсілін үйренетін болған.
Дәстүрлі әншілік өнер айтылуы және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мектептерге бөлінеді.
1. Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.
2. Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп.
3. Батыс өңіріндегі әншілік мектеп
4. Шығыс өңірлердегі әншілік мектеп.
5. Сыр бойындағы әншілік – термешілік мектеп.
Бұл әншілік өнер әр өңірдегі өзіне тән әншілік мәнеріне, табиғат – танымына, ойын-сауық үрдістері мен тұрмыс –салт ғұрыптарына байланысты алуан түрлі.
Дәстүрлі әніміз бізге Күләш, Манарбек, Құрманбек, Әміре, Жүсіпбек, Иса, Ғарифулла, Кенен сияқты дарынды әншілер арқылы жетті.
ІV. Музыка тыңдау.
1. «Кәнекей, тілім сөйлеші». Нұртуған Кенжеғұлұлы.
-Тыңдаған термеміз қандай әнші лік мектепке жатады деп ойлайсыздар?
2. «Ақбақай» Сегіз серінің әні.
-Солтүстік өңірге тән әншілік мектеп.
V. Ән үйрену.
«Ақбақай», Сегіз сері.
Сегіз сері Солтүстік Қазақстан облысы Гүлтөбе – Маманай деген жерде дүниеге келген. Әнші, ақын, саятшы, балуан, күйші, шебер болған. «Алқоңыр», «Ақерке», «Еңлік- ай», «Гауһар тас», «Жылы-ой» әндері бар.
Ән үйретпес бұрын дауыс жаттығуын жасау.
1. Әннің сөзін қайталату, үйрету.
2. Фраза бойынша әнін үйрету.
3. Дыбыс ырғағына қол соғу және ырғағына сызық сызу.
Әнді меңгергенге дейін ұзақ дыбыстарға қол соғу, т.б. жаттығулар жасау.
VІ. Музыка сауаты. Гамма.
Ладтың тоникасынан басталатын биіктігі бойынша құрылған дыбыс қатарын гамма дейміз. Гаммалар да, тональдіктер сияқты тониканың атымен аталады.
Ми минор гаммасы
Арпеджио – гаммадағы тұрақты бақыштарды бірінен соң, бірін басып ойнау.
Әнді канон етіп орындау. «Эстафета» ойыны.
І топ – Шумақтың бірінші қатары.
ІІ топ – Шумақтың екінші қатары.
ІІІ топ – Шумақтың үшінші қатары.
ІV топ – Шумақтың төртінші қатары.
Қайырмасын барлығы қосылып орындайды.
VІІІ. «Әуенді тап» ойыны.
- Қасың қандай тамаша ….
- Жолы жаңа басталған ….
- Мына заман қай заман ….
- Асқақтаған Алатау …
- Ғажайып дүниенің сырын жайып ….
ІХ. Сабақты қорытындылау.
Сабақты тест сұрақтары арқылы қорытындылау.
1.Әр ладтағы бірінші тұрған дыбыс.
а) тоника ә) субдоминанта. б) доминанта.
2. Ішекті аспап.
а) домбыра ә) сыбызғы б) асатаяқ
3. Аспапқа қосылып айтатын өнер.
а) әншілік ә) күйшілік б) бишілік
4. Сегіз серінің әні.
а) «Қараторғай» ә) «Ақбақай» б) «Назқоңыр»
5. Гаммадағы тұрақты басқыштарды бірінен соң, бірін басып ойнау.
а) арпеджио ә) тоника б) тональдік
Х. Оқушылардың білімін бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 333 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar